Тест сұрақтары мен жауаптары қазақ тілі, 10 сынып

0
5830
Қазақ тілі 10 – сынып І жартыжылдық
І нұсқа.
1. Қазақ халқының ана тілі
А) орыс тілі В) қазақ тілі С) өзбек тілі Д) ағылшын тілі Е) татар тілі
2. Ауыз әдебиеті материалдарын жинау, бастыру жұмыстары қай ғасырдан басталады?
А) ХІХ ғ В) ХҮІІІ ғ С) Ү – ҮІ ғғ Д) ХХ ғ Е) ХХІ ғ
3. «Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын» Қанатты сөздің авторы кім?
А) С. Аманжолов В) Т. Қордабаев С) Ы. Алтынсарин Д) В. Радлов Е) Ш. Уәлиханов
4. Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой – пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері – қай норманың анықтамасы?
А) Лексикалық норма В) Орфоэпиялық норма С) Орфографиялық норма
Д) Грамматикалық норма Е) Әдеби норма
5. Сөздік құрамдағы қолданылу жиілігіне қарай жаппай қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) Пассив сөздер В) Актив сөздер С) Бейтарап сөздер Д) Оқшау сөздер Е) Көмекші сөздер
6. Сөздік қорға жаңадан енген сөздер қалай аталады?
А) Архаизмдер В) Историзмдер С) Неологизмдер Д) Фразеологизмдер Е) Омофондар
7. Әдеби тілде жазуда бірізділікті қалыптастыратын норма қалай аталады?
А) Лексикалық норма В) Орфоэпиялық норма С) Орфографиялық норма
Д) Грамматикалық норма Е) Әдеби норма
8. Үндестік заңы дегеніміз не?
А) Сөздегі немесе сөз тіркесіндегі соңғы буынның көтеріңкі айтылуы В) Сөз ішіндегі немесе сөз арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір – біріне ықпал етуі. С) Сөздердің бірыңғай біркелкі әуезбен айтылуы. Д) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуы. Е) Тіліміздегі сөздердің дұрыс жазылу ережесі.
9. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қайсы?
А) Синтаксис В) Морфология С) Фонетика Д) Лексика Е) Фразеология
10. Тұрақты сөз тіркесін табыңыздар.
А) Көркем ой В) Көзі ашық С) Қара көк Д) Көп түкірсе көл Е) Кең жайлау
11. Қазақ тіліндегі сөздер буын үндестігіне сәйкес қалай жіктеледі?
А) Түбір, қосымшалы, қосымшасыз В) Жуан, жіңішке, аралас С) Дауысты, дауыссыз, үнді Д) Түбір, жуан, ұяң Е) Дауысты, қосымшалы, үнді
12. «Өнердің ең асылы – сөз» Даналық сөздің авторы кім?
А) Гераклит В) Абай С) Ы. Алтынсарин Д) И. Сапарбаев Е) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
13. Вербалды қатынас дегеніміз не?
А) Тілдік қатынас В) Тілсіз қатынас С) Жалпы қарым – қатынас Д) Тыңдай білу
Е) Тыңдаушының назарын өзіне қарату.
14. Сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір – бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы дегеніміз не?
А) сөз сазы В) реңк С) мәнер Д) үн Е) тон
15. Сөздердің біркелкі дауысты дыбыстан басталуы қалай аталады?
А) Кейіптеу В) Ирония С) Сатира Д) Ассонанс Е) Аллитерация
16. Тыңдау кезінде күнделікті кездесіп қалатын қателіктерді анықтаңыз.
А) Сөйлеушінің сөзін білу. В) Әңгіме барысында тыңдаушының асығыс қорытынды жасауы. С) Сөйлеушінің айтқандарымен келіспеген жағдайда тыңдаушы өз қарсылығын білдіруде асығыстық жасау. Д) Шынайы көмек бермейтін адамдардың қажетсіз кеңестерін қолдану. Е) Жоғарыдағы жауаптардың бәрі дұрыс.
17. Сөйлеушінің сөзін бөлмей мұқият тыңдау, бұл…?
А) Әбестік В) Әдептіліктің белгісі С) Әдепсіздік Д) Қайырымдылық
Е) Менсінбеушілік
18. Дауыстылар жақтың ашылу дәрежесіне қарай қалай бөлінеді?
А) еріндік, езулік В) дауыссыз дыбыстар С) жартылай ашық Д) ашық, қысаң, жартылай ашық. Е) еріндік.
19. Этнолингвистика дегеніміз не?
А) Сөздердің қалыптасқан сөз орамдарының шығу тегін тарихын, оның мәні мен мағынасын, қазіргі қолдану аясын зерттейтін тіл білімнің саласы.
В) Сөздер мен олардың мағыналарын зерттейтін сала. С) Тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Д) Сөз құрамы мен сөз таптарын зерттейтін сала. Е) Қоғамдағы тарихи
оқиғалаларға, қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізге енген жаңа сөздер.
20. Этнолингвистикалық құбылыс туралы еңбек жазған, деректер жинаған қазақтың қоғам қайраткері.
А) Абай В) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы С) Ы. Алтынсарин Д) Қадыр Мырза Әли Е) Ф. Оңғарсынова
21. Қай сөз жалпылама қолданылатын сөзге жатады?
А) бұрыш В) квадрат С) теңдеу Д) су Е) лексика
22. Неологизмді табыңдар
А) әлем В) шапан С) кәжекей Д) аспан Е) ұшақ
23. Белгілі бір ғылым саласына тән сөздер қалай аталады?
А) Көнерген сөздер В) Қос сөздер С) Терминдер Д) Неологизмдер Е) Кәсіби сөздер
24. Тамақтанар алдында не деп айту керек?
А) Сапарыңыз сәтті болсын! В) Деніңіз сау болсын! С) Асыңыз дәмді болсын!
Д) Қуаныш құтты болсын! Е) Сауығып кетіңіз!
25. Кәсіби сөздерді табыңыз.
А) Иінағаш, суағаш В) Жүген, үзеңгі, шылбыр С) Қахажаппа, қорықтық
Д) Сөмке, кереует Е) Түбек, материк

ІІ нұсқа.
1. Ана тілін жетік білу, ана тілінде таза сөйлеу ненің белгісі?
А) Мәдениеттіліктің В) Әдептіліктің С) Іскерліктің Д) Даналықтың Е) Надандықтың
2. ХІХ ғасырдан басталатын ауыз әдебиеті материалдарын жинау жұмыстарын жүргізген қазақтан шыққан алғашқы зерттеуші – ғалым?
А) Ы. Алтынсарин В) Абай С) М. Әуезов Д) Ж. Аймауытов Е) Ш. Уәлиханов
3. «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт – санасының негізгі өзегі, нағыз белгісі» Кімнің сөзі?
А) Абай В) Б. Момышұлы С) Ш. Құдайбердиев Д) М. Әуезов Е) Ғ. Мүсірепов
4. Сөздік құрамдағы сөздердің қолданылу жиілігіне қарай сирек қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) Актив сөздер. В) Пассив сөздер. С) Бейтарап сөздер. Д) Фразеологизмдер.
Е) Полисемия
5. Тілдегі сөздердің дұрыс жазылу ережесінің жинытығы қалай аталады?
А) Орфография В) Орфоэпия С) Лексика Д) Фонетика Е) Ықпал
6. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамауды, қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден қандай норма бұзылады?
А) Грамматикалық норма В) Лексикалық норма С) Фонетикалық норма Д) Әдеби норма Е) Орфоэпиялық норма
7. Дұрыс жазылған сөзді анықтаңдар.
А) Кең – маңдай В) кеңмаңдай С) кен маңдай Д) кең маңлай Е) кең маңдай
8. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз.
А) жарыайлану В) жарыйды С) жүктөу Д) мәңгү – бақый Е) қайбір
9. Қармы – қатынас құралдары: тіл – дыбыстау құралдары және тілге көмекші құралдары болып екіге бөлінеді. Тіл – дыбыстау құралдарына нелер жатады?
А) ымдау, ишара В) көзқарас С) қол алысу Д) дене қимылдары Е) сөз, сөйлеу
10. «Қазақтардың тілі жатық та, шешен, әрі өткір, көбіне іліп – қағып сұрақ пен жауап беруге келгенде, таңғаларлықтай оралымды сөйлейді» деген орыс ғалымы.
А) В. В. Радлов. В) М. Горький С) А. Диваев. Д) А. С. Пушкин. Е) С. Аманжолов.
11. Мына сөздерден екпін түспейтін буынды көрсетіңіз.
А) барасың ба? В) арланба С) қойма Д) аула Е) жетекшілік
12. «Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай,
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!» (Абай) Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылған?
А) Ассонанс В) Аллитерация С) Сатира Д) Литота Е) Гипербола
13. Сөйлеуші сөзін толық түсіну үшін қандай сұрақтар берген орынды?
А) Не үшін? Неліктен? В) Қайсысы? Кім? С) «Иә, иә», «Солай ма?», «Айта беріңіз»
Д) Не себепті? Қашан? Е) Не мақсатпен?
14. Ерін мен езудің қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) еріндік, езулік В) еріндік, қысаң С) езулік, қысаң Д) жуан, жіңішке Е) ашық, қысаң
15. Шаруашылық, тұрмыстық, әдет – құрыпқа байланысты этнографизмдер:
А) қырқынан шығару В) тасаттық беру С) дәметіп ауру Д) есік көрсету Е) саба пісу
16. Қайсысы мәтел?
А) Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. В) Талапты ерге нұр жауар. С) Ер айтпас, айтса қайтпас. Д) Таз ашуын тырнадан алады. Е) Нар тәуекел – ер ісі.
17. Неологизмді табыңыз.
А) делдал В) көзі ашық С) мереке Д) кебеже Е) кәсе
18. Термин дегеніміз не?
А) Белгілі бір ғылым саласына тән сөздер. В) Жергілікті тұрғындардың сөйлеу тіліндегі сөздер. С) Қолданыстан шығып қалған сөздер. Д) Қарапайым сөздер. Е) Белгілі бір шаруашылық саласына байланысты сөздер тобы.
19. «Манифест» терминінің қазақша баламасы.
А) келісім, шарт В) көшірме С) жарғы Д) түсініктеме Е) сауалнама
20. «Әркім» тұлғасына қандай сөз?
А) негізгі В) туынды С) қос сөз Д) дара Е) күрделі
21. Ауызша сөйлеу тілдің де, жазба тілдің де дамуына ортақ негізді көрсетіңіздер.
А) Ғылыми терминдер В) Жалпыхалықтық тіл. С) Диалектілер Д) Афоризмдер
Е) Ұлтаралық тіл
22. Тілдің материалдық жағына не жатады?
А) Тілдің сөз байлығы. В) Басқа тілден енген сөздер. С) Этнолингвистикалық атаулар.
Д) Архаизмдер. Е) Тіл дыбыстарының, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығы.
23. Географиялық терминді табыңыз.
А) антоним В) бастауыш С) түбек Д) амон Е) механика
24. Сәлемдескенде айтылатын сөзді табыңыз.
А) Сау болыңыз! В) Амансыз ба? С) Қош болыңыз! Д) Көріскенше! Е) Қош келдіңіз!
25. Диалект сөзді табыңыз.
А) еңбек, арман В) әйдік, пәс С) барлық, күллі Д) гүрс – гүрс Е) Сөмке, кереует

І нұсқа в а а е в с с с с в в е а а д е в д а в д е с с в
ІІ нұсқа а е в в а а е е е а а в с а е д а а с в в е с в в

Дереккөз: http://bilimsite.kz/