Теріні қорғау құралдары | Скачать Реферат

0
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІМИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Тақырыбы: Халықты қорғаудың жеке медициналық жабдықтары түсінігіне анықтама беру, олардың түрлері, сақталу мен пайдалану реті, қысқаша сипаттамасын беру.

Тексерген: Орындаған:
Емдеу, 320-топ

Алматы 2009
Жоспары:
І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім
а) тыныс алу органдарын қорғау құралдары;
б) теріні қорғау құралдары;
в) жеке қорғаныстың медициналық құралдары

ІІІ. Қорытынды.

Жеке қорғаныс құралдары

Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып теріледі.

Тыныс алу органдарын қорғау құралдары
Бұған газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш көзқағарлары жатады.

Сүзгілік көзқағарлардың жұмыс істеу принципі
Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі ауаны қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде шығады.
Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту сүзу арқылы жүргізіледі.
Адсорбция — адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбент болып табылады.
Хемосорбция — УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттр мен ықпалдасуы есебінен жұтылуы.
Катализ — катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады.
Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қалыңтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі.
Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқағары қолданылады.
ГП-5 гзқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған.
Ол сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем-маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-мака кіреді.
Шлемнің қажетті мөлшерін таңдау үшін 63 см дейінгі нөлдік өлшем алынады, 63,5-тен 66 см дейін — бірінші, 66 — 68 см — екінші, 68,5 — 70,5 см — үшінші, 71 см бастап — төртінші. Өлшем масканың төменгі бөлігінде көрсетіледі. Маска резина ілгішінен жасалынған.
Жұтқыш-сүзгіш қорапша қаңылтырдан жасалынады, дөғгелек болып кетеді, қорапша қақпағының газқағарының үстіңгі бөлігімен қосылуы үшін арналған таңылған аузы бар.
Қорапшаның астында дөңгелек саңылау орналасқан, ол арқылы жұтылған ауа түседі, сақтау кезінде резиналық тығын жабылады.
ГП-7 газқағары — ең соңғы, ең жаңа үлгілердің бірі.
ГП-7-ні ГП-5-пен салыстырғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткіштері бойынша бірқатар артықшылығы бар. Сүзгілік жұтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңілдетеді. Тыныс алу қарсылығының және басқақысымының төмендеуі газқағарды кию уақытын ұзартуға мүмкіндік береді. Оны 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ өкпесі мен жүрек-қантамыр сырқатына шалдыққан адамдар кие алады.
ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін таңдау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізінде өткізіледі. Көлбей тапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсірігінің шетінен 2-3 см жоғары бүйірден және бастың ең шығыңқы нүктесіің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Тікелей қапсыру ұрт, иек және төье арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5мм дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. Екі өлшемнің жиыны бойынша қажетті үлгілік өлшем маска өлшемі мен жастықша аспа бауы тіректерінің (ғ) жағдайы белгіленеді. Бірінші цифрмен маңдай ілме бауының, екінші цифрмен самай ілме бауының, үшінші цифрмен ұрт ілме бауының нөмірі көрсетілген.
Балалар газқағарлары
Балалар газқағарының бес түрі бар. Жасы кіші балаларға (1,5 жастан бастап) арналған — ДП-6М газқағары (балалар газқағары, алтыншы түрі, шағын), жасы үлкен балаларға — ДП-6 (балалар газқағары, 6 үлгі). ПДФ-7 аса көп таралған (балалардың сүзгілік газқағары, 7 үлгі). Жасы кіші және үлкен балаларға арналған. ДП-6 айырмашылығы ересектердің ГП-5 газқағарындағы сүзгілік-жұтқыш қорапшасымен жабдықталған.
ПДФ-Д, ПДФ-Ш газқағарларында (балалар газқағары, сүзгілік, мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы). ПДФ-Д 1,5-7 жастағы балаларға арналған. Алдыңғы беті ретінде екі өлшемдегі МД-3 масксы пайдаланылады.
Қазіргі кезде ең жетілген үлгі мектепке дейінгі балаларға арналған ПДФ-2Д газқағары және мектеп жасындағы балаларға арналған ПДФ-2Ш газқағары болып табылады. Бұл газқағарлар жиынына ГП-7К сүзгілік жұтқыш қорапшасы, МД-4 алдыңғы бөлігі ылғалданбайтын пленка салынған қорапша және сөмке кіреді.
1,5 жасқа дейінгі балаларды қорғау үшін КЗД-4 (баллар қорғау камерасы, 4 үлгі) және КДЗ-6 пайдаланылады.
Қосымша патрондар
Газқағарларды ҚӘУЗ-ден қорғаудағы мүмкіндіктерін кеңейту мақсатынд оларға қосымша патрондар (ДПГ-1, ДПГ-3) енгізілген. Олар ГП-5, ГП-7 азаматтық газқағарлар жиынында пайдаланылады.
ДПГ-3 жиынында газқағармен бірге аммиактан, хлордан, диметиламиннен, нитробензолдан, күкірт сутегінен, күкірт қышқылынан, синил қышқылынан, тетраэтилқорғасыннан, фенолдан, фосгеннен, фурфуролдан, флорлы сутегінен, хлорлы цианнан және этилмеркаптаннан қорғайды.
ДПГ-1 патронының ішінде шахтаның екі қабаты, арнайы жұтқыш пен гопкалит бар. ДПГ — 3-те жұтқыштың тек қана бір қабаты … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz