Тергеушінің саналылық қасиеттері | Скачать Курстық жұмыс

0
172


МАЗМҰНЫ
Кіріспе

1. Тергеу іс-әрекеттеріндегі психологиялық ерекшеліктердің ғылыми теориялық аспектілері
4
1.1.Алдын-ала тергеудегі тергеуші қызметінің құрылымы, психологиялық негіздері
4
1.2.Тергеушінің кәсіби және жеке қасиеттері
7
1.3.Тергеушінің саналылық қасиеттері
8
2.Тергеу аппаратының қызметкерлерін қалыптастыру және дайындау процесі
14
2.1.Тергеуші тұлғасының нұсқалық моделі
14
2.2.Тергеушінің кәсіптік деңгейін қалыптастыру жолдары
22
Қорытынды
27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
29

Кіріспе

Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында «Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде. Стратегиялық міндет: Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі,» – деді. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, діни экстремизм, халықаралық терроризм және есірткі саудасына қарсы күресті арттыру арқылы жетуге болатынын атап көрсетті. Қазақстан бүгінгі күні терроризм, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз қару, есірткі сату т.б. қауіп қатермен күрес жолында дүние жүзі елдерінің одақтастықты нығайту және кеңейту үшін қажетті жағдайлардың бәрін жасауда. Орта Азия аймағындағы мемлекеттердің одақтастығының артуы қазіргі заманға қылмыс түрлеріне қарсы тұра білудің кепілі. Бүгінгі күн психологиясы тұрғысынан алғанда құқық қорғау органдарының тергеу бөлімдерінің тұрақтылығы мемлекет тарапынан белгілі бір материалды және басқа қызығушылықтан бөлек психологиялық көмекті қажет етеді. Сондықта да, мемлекеттік деңгейде тергеу қызметкерлерінің беделін көтеру қажет.
Тергеу органдарының кәсіби іс-әрекеті мемлекеттік іс-әрекет мемлекет бұл органдар алдына азаматтардың қылмыстық зиянкесті әрекеттерінен қорғауға бағытталған белгілі бір мақсатпен міндеттеуді қояды.
Тергеуші болу үшін, арнайы табиғи нышандардың болуы қажет емес. Тергеу іс-әрекеті үшін жүйке жүйесі, ми, темперамент типінің рөлі зор. Т.Богдан, В.Ф. Конн тергеуші қызметіндегілер адамгершілік негізде қызмет етулері керектігі жөнінде зерттеген.
Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз жаңа , түбірлі өзгерісті, яғни сапалы күйге көшуді жүзеге асыруда және демократия, әрі нарықтық қатынастар бәсекелестік жағдайына икемделгіш, әрі белсенді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қажетсінеді.
Тергеу органдары қызметкерлері жеке тұлғасының қалыптасуы мәселесін екі жақты қарастыру керек.
Тергеуші жеке тұлғасының қалыптасуы барысында сезіну мен өзіндік сана-сезімнің рөлі артуы тиіс. Егер де қызығу, қажеттіліктер, мотивтер мен мақсат жұмыс мазмұнына сәйкес келіп жетсе, бұл жағымды оң нәтижелергежеткізетін болады.
Психикалық заңдылықтарды білу, оны оперативті іздеу іс-әрекетінде қолдану және арнайы психологиялық әдістемелерді қолдана білуі тергеушінің жұмысын жеңілдететін әбден мүмкін. Өйткені өзіне қажетті адамдармен бірге қарым-қатынасқа терең түскен жағдайда өз әрекетін реттеп жүйелей алуы, заң бұзушы адамдардың мотивтерін терең түсінуі, объективті объекті тани біліп оны дұрыс бағалап, нәтижесін практикалық іс-әрекетінде қолдана білуі абзал.
Зерттеу жұмысының мақсаты: тергеушілердің психологиялық ерекшеліктерді анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Тергеу іс-әрекеттеріндегі психологиялық ерекшеліктердің ғылыми теориялық аспектілеріне шолу жасау;
2.Тергеуші қызметінің құрылымын, психологиялық негіздерін айқындау;
3.Тергеушінің кәсіби және жеке қасиеттерін, саналылық қасиеттерін анықтау;
4.Тергеуші тұлғасының нұсқалық моделін жасау;
5.Тергеушінің кәсіптік деңгейін қалыптастыру жолдарын айқындау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, эксперименталды зертеу бөлімінен, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1 Тергеу іс-әрекеттеріндегі психологиялық ерекшеліктердің ғылыми теориялық аспектілері

1.1. Алдын-ала тергеудегі тергеуші қызметінің құрылымы психологиялық негіздері

Қазіргі психология ғылымының жағдайын біршама даму үстінде деп бағалауға болады. Соңғы онжылдықта психологиялық зерттеулер ауқымы кеңіді, жаңа ғылыми бағыттар пайда болды. Психологиядағы талданып жатқан мәселелердің көлемі өсіп, оны түсіну құралы өзгеруде. Зерттеу әдіснамасы мен әдістері жетілуде.
Психология ілімінің түп-төркінін білмейінше, психологияның құрылымы мен бағытын, әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестерді, тіпті психологиялық факторларды білмейінше кез келген әрекетті, оның ішінде қылмыстық әрекетті түсіну мүмкін емес. Ал мұндай ілімді тірі қылмыскерді көрмей, оның күрделі де қиын, кейде қойғылы тағдырын, жеке басының ерекшелігін, қызығушылығы мен мұқтажын білмейінше, тек қылмыстық істер туралы еңбектерді оқып қана ала алмайсыз. Бұл жеке тұлға мен оның іс-әрекеті арасындағы үзілмес байланыстың барлығын тағы да дәлелдейді [1].
Тергеуші-өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер органының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі. Тергеуші қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге және қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген барлық тергеу қызметін орындауға құқылыТергеу ісінің мақсаты – негізгі әлеуметтік құндылықтарды қорғау, құқық бұзушылықты тексеруде шындықты ашып, кінәліні сотқа беру. Сондықтан тергеушінің жеке басының кәсіби-психологиялық ерекшеліктері оның тергеу қызметіндегі әлеуметтік-саяси, адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Алдын-ала тергеудің қорытынды қылмыстық істер жүргізу құжатында осы қылмыс үшін жауапкершілдікті қарастыратын Қылмыстық Кодекстің бөлімі, бабы, тармағы көрсетіліп тағылған айыптың тұжырымдалған ойы болу қажет. Бірақ бұл саралау да соңғы емес. Прокурор, айыптау қорытындысын бекіте отырып, айып көлемін немесе ауырлығы кемірек қылмыс туралы қылмыстық заң бойынша айыпталушы әрекеттерін саралауды өзгертуге құқығы бар. Айып тағылған қылмысты саралау сот отырысын тағайындау кезінде де, соттың істі қарауы кезінде де айыптау жағымен өзгертілуі мүмкін
Алдын ала тексеру – бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс, ол мақсат тергеушінің бұрын болған қылмысты қазіргі кезде қалпына келтіруі болып табылады. Тергеуші қызметін анықтайтын негізгі құрамдас бөлігі болған оқиғаны, осы іске қатысты әрбір адамның өзара қатынасын қалпына келтіре отырып, қылмыс жасаған субъектінің жеке тұлғасын тану үшін әр түрлі деректер жинауы мен зерттеуі болып саналады. Дәл осы алдын ала тексеру барысында болған қылмыстық оқиғаның көрінісін қалпына келтіру процесі іске асады. Деректерді енді ғана жинай бастаған тергеуші бұл мәліметтердің соңы қайда апарып соғарын білмейді, болған оқиғаны көз алдына толық елестете алмайды. Танымдық әрекеттің бұл ерекшелігі жиналған мәліметтерді таңдап-талғауда көп қиындық әкеледі, сол себепті үлкен көлемдегі әр қилы деректерді бір арнаға жинауға, бөлек-бөлек пікірлерді өзара байланыстыруға тура келеді. Тергеуші қызметінде қажет ақпаратты іздеуге, оны дұрыс таңдауға, қолда бар ақпаратты түсінуге жетелейтін білім мен тәжірибе жинақталады. Бұл білім мен тәжірибе оның қиялын дамытатын алғышарт болып табылады.
Тергеушіге керек қасиеттің бірі – оның оқиғаның даму барысын болжай білуі, соған қарай өз әрекетін дұрыс жоспарлап, жолға қоюы. Тергеушінің өз әрекетін дұрыс жоспарлауы оның сезгіштік (рефлекстік) ой-өрісіне байланысты. Оның әрекеті қылмыскерге тек оң әсер етпей, кейде кері әсер етуі тиіс. Сондықтан тергеуші тергеуді жалпы жоспарлағанда алдын ала нақты әрекеттерді көп жоспарлауды саналы саналы түрде шектеуі керек. Көп жағдайда тергеудің жақсы жүргізілуі оның басында дұрыс жоспарлануына байланысты болады. тек тәжірибе, білім мен интуиция нақты дұрыс жоспар құруға көмегін тигізеді. Өз әрекетін дұрыс таңдауы үшін тергеушіге кең әрі жылдам көзқарас керек. Әйтсе де бұл үшін ол тергеудің барлық мүмкін деген бағыттарын көре білуі және әр бағыттағы өз әрекетін дәл жоспарлай білуі тиіс. Тергеу әрекетінің табысты болуы – тергеушінің жағдайға жылдам бейімделуіне көмегін тигізетін жан-жақты ақпараттан хабардар болуына байланысты.
Тергеуді жоспарлау құрылымының негізгі элементтері:
а) өз версиясын ұсыну;
ә) тергеудің жалпы стратегиясын анықтау;
б) тергеу әрекеттері жүйесін және оған қатысты адамдарды анықтау;
в) жекелеген тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері мен тактикалық тәсілдерін анықтау;
г) тергеу қорытындысына сын көзбен қарау.
Тергеушінің кәсіби біліктілігі тергеу аппаратын жинақтағанда, жеке тергеу топтарын құрғанда, әр түрлі үлгідегі қылмыстарды тексеруге тергеушілерді дұрыс пайдалана білу де керек.
Тергеу әрекеттері мен өндірісін құру ісі қылмыс кердің, көп жағдайда жәбірленушінің қандай психологиялық топқа жататынын білу, сол психологиялық ерекшеліктерін ескеру сияқты мәселелерге сүйене отырып іске асады.
Тергеу әрекетінің мақсаты – негізгі әлеуметтік құндылықтарды құқықтық қорғау, орын алған құқық бұзушылықтың шындығын анықтау, жазықты адамды сотқа беру. Сол себепті тергеушінің жеке басының кәсіби-психологиялық қасиеттері оның тергеу қабілетінің саяси-әлеуметтік, адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерімен көрінеді [2].
Алдын ала тергеу – бұл бұрын болған оқиғаны тергеу барысындағы дәлелдермен қалпына келтіру мақсатын көздейтін мақсатты процесс.
Тергеуші әрекетінің психологиялық құрылысының негізгі ерекшелігі оның болған оқиғаны толық елестете алатындай, осы оқиғаға қатысты адамдардың қарым-қатынасын, қылмысты субъектінің жеке тұлғасын тани алатындай әр алуан деректерді жинай білуі болып табылады.
Дәлірек айтсақ, алдын ала тергеуде болған оқиға үлгісін құру процесі жүреді. Алғаш дерек жинай бастаған тергеуші болған оқиғаның толық келбетін көз алдына елестете алмайды, бұл істің соңғы қорытындысын біле алмайды. Танудың бұл ерекшелігі ақпарат жинау, оны екшеу, бағалау ісінде қиындықтарға әкеледі, әр деректің табиғатын тану үшін немесе жеке-жеке деректердің бір-бірімен байланысын анықтау үшін бір-біріне ұқсамайтын үлкен көлемдегі версияларды тексеруге тура келеді.
Тергеуші әрекетінде жинақталған криминалдық білім мен тәжірибе керекті ақпаратты іздеуде, оның қажеттісін таңдап ала білуде, қолдағы ақпаратты дұрыс түсіне білуде көмегін тигізеді. Бұл білім мен тәжірибе тергеуші қиялының дұрыс бағытта дамуына да керекті алғышарттар болып табылады.
Осыған байланысты ойша деректердің өзара байланысты жобасын өткен оқиға мен қазіргі құбылыстардың байланыстырып құру қажеттігі туады. Таным танылуға тиісті деректер мен құбылыстарды тексеруге, бағалауға бағытталған іс-тәжірибе әрекеттерін қамтиды.
Бұл қызметтің орындалу барысында танымдық іс-әрекет кезінде пайда болған объектілермен эксперименттер жасалады. Алдын ала тергеуде танымдық процесс түскен ақпараттың бір тәртіпке түспегендігімен ерекшеленеді. Түсіп жатқан ақпараттар ағыны танымды іске асырушы тұлғаның қалауына бағынып, қалай бұрғысы келсе, солай кете бермейді. Ақпараттар көлемі, жылдамдығы, түсу уақыты таным іске асатын жағдайларға байланысты болып келеді.
Зерттеу пәні ретінде қылмыс – күрделі де жан-жақты құбылыс, бір де бір куәгер оның барлық элементтерін бірден көре алмайды:
-дайындық әрекеттерін;
-қылмыскердің келісімін;
-субъективті жақтарын;
-іс-әрекет пен оның қорытындысы арасындағы байланысты, қылмыс жасауға себеп болған жағдайлар мен салдарларды және т.б. [3].
Мұның бәрі басқа деректердің араласуымен дәлелденеді.
Алдын ала тергеу – бұл теориялық-танымдық емес, ең алдымен қылмыстық іс-әрекет арқылы реттелетін тәжірибелік іс-әрекет.
Заң тек жекелеген тергеу әрекеттерін реттеп қана отырмайды, сонымен бірге бүкіл тергеу барысын белгілі бір тәртіпке салып отырады. Ол:
Тергеушінің қылмыстық процесс мүшелерімен, азаматтармен, лауазымды тұлғалармен, мекемелермен, ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді, әрбір іс-әрекеттің орындалу барысын, тергеудің аралық міндеттерін шешудің кезегін реттейді, белгілі бір кезеңдегі іс-әрекеттер кешенін орындауға және тергеуші қызметін белгілі бір мерзіммен шектеуіне міндеттейді.
Бұл тергеушінің жұмысына басқа мамандық иелеріне тән емес, нақты нормалық сипат береді. Тергеуші қызметі әр қилы төтенше тапсырмаларды дұрыс шешу үшін жан-жақты білімділік пен іскерлікті керек ететін белгісімен ерекшеленеді. Сонымен бірге тергеуші жеке тұлғаны диагностикалау әдістерін білу, одан ақпарат алу мен оны қайта тәрбиелеу ісін дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттерімен өзін қамтамасыз ететін психологиялық бағдарламасы болуы керек. Тергеуші әр істің табысты аяқталуына құлқы жоқ адамдардың қарсылығын жеңе білуі де тиіс. Дәл тергеуші қызметіндей істің табысты аяқталуына кедергі келтіретін қарсыластары көп қызмет жоқ шығар.
Тергеуші қызметінде кінәлі адамдардың ұйымдасқан түрде қарсы әрекет етуі істі тергеу мен ашуға елеулі қиындықтар туғызатынын ескеру қажет.

1.2. Тергеушінің кәсіби және жеке қасиеттері

Тергеу жұмысында жоғары жетістіктер арнайы мамандыққа қарағанда, тұлғаның жалпы жоғары дамуымен байланысты болып келетін қызмет түріне жатады.
Тергеуші болу үшін арнайы табиғи қасиеттердің болуы міндет емес. Соған қарамастан, осы жұмыс үшін қажетті қасиеттер жағымды болуымен сипаталады. Бұған қабілетсіздік, артықшылықтардың болуына байланысты емес, ал оның тәрбиелік мәніңде оның үстіне қалыптастпаған қасиетті сапасының болмауы. Т.Богданның айтуы бойынша, соттық тергеу жұмысы үшін холерикалық және меланхоликалық темпераментер қарама-қарсы қағидалы деп санайды.
Тергеуде әр түрлі темпераментті тергеушілердің жұмысының да өте жоғары деңгейде екенін атап өтпесек болмайды.
Темпераменттің қасиеттері тергеуші өзінің жұмысында жеке жұмыс істеу стилін тандауға негіз болады. Бұл бір жағынан өзінің психикасын жұмыс істеу жағдайына, екінші жағынан жұмыс істеу жағдайын өзінің психикасына бейімдейді.
Мінездік қасиеттерінің ерекшелігі әр түрлі тергеу әрекеттерінде көрінеді, мысалы тактикалық әдістердің қолданылуы, бір тергеушінің сұрауды жақсы жүргізіп, бірақ құжаттармен нашар жұмыс істеуі мүмкін, ал екіншілері қылмыстық дәлелдермен жұмыс істеуде қарау кезінде бақылаулығымен ерекшеленеді.
Тергеушінің мүмкіндіктері мен дағдылары неғұрлым жақсы көрінетін белгілі бір істер категориясын тергеудегі белгілі бір жұмыс түрін орындаудаға басымдылығын бұрмауға болмайды.
Психологиялық ғылым кәсіби таңдаудың негізгі принциптерін қалыптастырды. Белгілі бір қылмысты сәтті орындау үшін кәсіби қажетті қасиеттерді анықтау қажет. Кейін адамның қажетті қасиеттерінің бар жоғын анықтайтын әдістер анықталады. Таңдалған әдіс жылдамдылығы өздерінің жұмысымен дәлелденген мамандарға қолданылады. Кәсіби жарамдылықты анықтаудың нәтижелері жас маманның жұмысын тексерумен бақыланады. Өйткені болжам дұрыстығы алғашқы кезде белгілі бола алмайды, тек осы мамандықты иемденуге жағымды болып табылатын психологиялық қасиеттерді ғана анықтап бекіту қажет [4].
Тергеуші кәсіби мүмкіндіктердің дұрыс бағасы тергеу қызметкерлерінің алдағы өзінің мүмкіндіктерін дамытып жетілдіруге өте маңызды
Өкінішке орай, қазіргі кезде ғылым тергеу қызметкерлерінің білімдер, мүмкіндіктерімен дағдыларын өлшеп анықтайтын сенімді әдістерге тапшы.
Шетелде тергеу қызметкерлерінің білімдері, мүмкіндіктерімен дағдыларын, сонымен қатар жеке және кәсіби қасиеттерін тестілер көмегімен анықтаудың әр түрлі нүсқатары тең көлемде қолданылады.
Бұл үшін тәжірибеде көбінесе эмпирикалық критерийлер қолданылады, ең алдымен тергеу жұмысы үшін түлғаның жағымсыз қасиеттері ескеріледі (моралдық тұрақсыздық, сезім мүшелерінің ақаулығы және т.6.). Адамның тергеу жұмысына жарамдығы жөніндегі жағымды болжамдарға келетін болсақ, ол жетілдірген дәрежеден әлі алыс жатыр.

1.3.Тергеушінің саналық қасиеттері

Тергеуші моралдік-саяси принциптерін тек қызметтік міндеттерді орындағанда ғана емес, сонымен бірге тұрмыста да қолдана білуі қажет. Тергеуші тұлғасы арқылы олар онымен қарым-қатынасқа түсетін және тәрбие алатын адамдардың да жетістігі бола алады.
Бірақ тәрбиеші, ең алдымен өзі жақсы тәрбиеленуі міндет. Саяси-идеялық сауықтыру сананың басқа формаларын тәрбиелеумен және ең алдымен тұлғаның ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты.
Ғылым ретіндегі қылмыстық сот өндірісі мен соттық этиканың ізгілік негіздерін жетілдіруге неғұрлым үлес қосқан В.Ф Кони ол былай деген олармен берік қарумен сенімді компаспен сияқты өмірге қадам басу керек.
Тергеуші тұлғасының моралдік сипаттамасына құқықтық сана
кіреді. Ол құқықтық нормаларды тәжірбиелік қолданған
кезде маңызды рөл атқаратын қоғамдық сана формаларының
бірі болып табылады. Құқықтық идеология ретінде-бұл құқықтық білімдердің, көзқарастарымен идеялардың жиынтығы құқықтық
психология ретінде бұл құқықтық әсерімен байланысты саналық сезімдерінің, уайымдаулардың жән әдеттердің жиынтығы [5].
Құқықтық психологияны қозғай отырып, біз құқықтық болмыстың адам санасындағы шағылуының барлық түрлерін және оның бұл болмыстар қатынасын айтамыз.
Яғни тергеуші әрқашан өзіне бағытталған әртүрлі бөгде әсерлерді сезуге құқыққа қарсы және физикалық күштердің шектен тыс кернеулігі жағдайында қызмет етуге мәжбүр.Сондықтан тергеуші тұлғасының жалпы психикалық құрлымында қасиеттер ең маңызды роль атқарады.
Тергеушінің саналық өрісіне қойылатын жоғарғы талаптар, онда сана күшін қалыптастыратын қасиетердің бар болуы міндет етеді. Платон айтқандай, сана-дұрыс пайымдау мен байланысқан мұратқа ұмтылу қасиеті. Саналылық қасиеттер қиын жағдайларда, тергеу жұмысының күрделі сұрақтарын шешкенде неғұрлым анық көрінеді. Тергеушігінің жұмысы көптеген саналылық қасиеттерді қалыптастырып бекітеді, бірақ осыған орай бұл кәсіппен көп айналысу тергеуші түлғасына едеуір із қалдырып, кейбір жағдайларда кәсіби деформацияға әкеп соқтырады.
Тергеушінің моральдық-саналық бейнесіндегі маңызды қасиеттердің бірі ұстанымдылық болып табылады. Ұстанымдылық дегеніміз-ешқандай кедергілер мен қауіптерге қарамастан өзінің идеяларын жүзеге асыруға белсенді ұмтылысы мен қатал сенімдердің бар болуы. Л.Н. Толстойдың айтуы да бекер емес: «Адам қоғамдық өмірдің жақсаруына тек өзінің өмірінде санасының талаптары орындалу деңгейінде ғана қызмет ете алады. Бұл қасиет сыртқы жағымсыз әсерлермен өзінің әлсіздіктеріне қарсы тұруға, әр адамға тән ішкі дағдарыстарды, әр түрлі дауларды шешуге көмектеседі.
Қиын даулы жағдайларда тергеуші өзінің сезімдері мен ұмтылыстарының иесі боп қалуы керек. Қылмысты тергеу міндетті түрде қате бағалар мен пайымдаулармен, жалған жауаптармен, шатасқан қорытындылармен кездеседі. Ақиқат пен жаиғандықты айыра білуге қиындықтың бәрі жатыр.
Сезіктену-кәсіби диформацияның ең қауіпті түрлерінің бірі. Алдын- ала бітендік, айыпталуға тартымдылық сот төрелігінің идеясына қарама- қайшы келеді. Жағымсыз әрекеттер мен істерді қарастырған кезде де адамның жағымдық жақтарын іздеп таба білу керек.
Тергеушінің тәуелсіздігі, билік ету өкілеттіктерінің бар болуы, тергеу жүргізудің шектелген жариялығы, қоғамдық критиканың жоқ болуы тергеу қателеріне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан тергеу жұмысындағы заңдылықтың сақталуы көп жағдайда тергеушінің өзі өзі сынауға тәуелді болады. Бұл қасиеттің қалыптасуы кәсіби оқумен моралдық-саяси тәрбиешінің міндеті, оның барысында тергеуші өзінің шешімі мен әрекетін дұрыс объективті бағалауға және жүйелі талдауға үйренуі шарт, яғни тергеушінің қате жіберуге құқығы жоқ.
Қылмысты ескерту, оның іздерін сақтап қалу, жәбірленуішге көмек көрсету, бұзылған тәртіпті қалпына келтіру және қылмыекерді ұстау үшін қажетті шұғыл шараларды қолданып, пайда болған жағдайға жедел түрде шара қолдануға жиі мәжбүр болатын тергеушіге шешімді дұрыс қабылдап, оны орындауға дайындық ең басты қатеттілікгердің бірі болып табылады.
Тергеу қызметі еңбекқорлықты,тұрақтылықты,жоғары жұмыс қабілеті мен сана кернеулігін талап етеді.
Тергеудің алғашқы шараларын жедел және өте жақсы жүзеге асыратын тергеушілер бар. Олар бірнеше тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеуге, алдын-ала тергеу әрекеттерін орындауға қажымастық жоғары қозғалмалықты көрсетуге қабілетті. Ал тергеуде неғұрлым қалыпты кезең басталады, бұл кезеңде іс бойынша созылмалы әдістемелік жұмыс қажет болады. Осы мезетте жедел уәкіл іске бар ынтасы мен қызығушылығын жоғалтып істің аяғына дейін әзер жетеді.
Тұрақтылық-сананың негізгі қасиеті. Кедергілерден өтуге әрдайым дайындықта, ойда белгілі бір мақсатты ұзақ бойы сақтап, оған жету үшін барлық күштерді пайдалана білу қабілетінде көрінеді. Ол тергеушінің моральді бейнесімен жөне ұйымдасқандық пен беріктік сияқты мінез-құлықтық қасиеттерімен тығыз байланысты.
Алдағы жұмыстың барлық бөлімдерін алдын-ала көздеу мүмкін емес, осы жағдайдағы шешуші фактор ұйымдасқандық болып табылады.
В.Л.Васильев былай жазған: «Тергеушінің ұйымдастырушылық қызметі болжамдар мен жоспарларды жүзеге асырудағы тексеріс барысындағы саналық әрекеттерінде және тергеу мақсаттарына жету барысында басқа адамдарды шақыру қабілеттерінде көрінеді.
В.Н.Васильев ұйымдастырушылық қызметінің мазмұнына тергеушінің мобилизациясын және тергеушінің анықтау органдарының қызметкерлерімен қарым – қатынасын енгізеді.
Тергеу жұмысы үшін келесі ұйымдастырушылық қасиеттер қажет:
1. Тұрақтылық, белсенділік, өзіндік ұйымдасқандық.
2. Қылмыстық істі тергеу барысында түрлі адам топтарын
басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық қабілеттер.
құпияны сақтай білу, тапқырлық , жауапкершілік талап қою қабілеті.
3. Әріптестері мен бастықтары арасындағы қарым-қатынасындағы
шыдамдылық, тәртіп, өзіне-өзі баға беру және намысының бар
болуы [6].
Тұлғаның кейбір қасиеттерінің жағымсыз араласуы кезіндегі қалыпты мінез құлық формализмді қалыптастырады. Бұл бастықтың бұйрығын немесе нұсқаулықтың сәйкес тармағын сылтау ете отырып шаблон бойынша әрекет жасау әдеті.
Еңбек барысында шығармашылықты көрсетіп пайдалана білу қасиеті, жоғары дамыған сана және оймен байланысты. Бастама ала білу тергеушіге кәсіби қажетті саналық қасиеттерінің бірі, өйткені тергеуішнің жұмысы жеке болып табылады және процессуалдық тәуелсіздікпен байланысгы.
«Өзің шешім қабылдап істе»,-осының негізінде бастама және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау қалыптасады.
Көптеген жағдайда күйзеліс қалпында тергеуші үшін қарапайым сезім етіп қояды. Осының нәтижесінің бірінші кезекте тежеу процесіне нормадан ауытқиды, белсенділіктің тәртіпсіздігі эмоциональдық ошақтар, асыққандық тарлылық, назардың ауытқиды жиі пайда болады.
Тергеу қызметтіндегі шыдамдылықтың да маңызды зор, яғни өзін өзін сезу көңіл, күйін және мінез-құлқын саналы түрде бақылау. Кездейсоқ бақылаушы мен көзге көрінетін ғана байқайды, ал тергеуші бәрін көру керек.
Психологияда адам сезім мүшелерінің бірімен қысқа уақыттың ішінде алатын әскерлер санын санау өткізілді. Қорытынды мынаны көрсетті, бір күннің өзінде-ақ адам он мыңдаған әсер алады. Тергеуші мен оған қажетті нәрселерді ғана көруге міндетті екені анық. Бұған сақтықтық нәтижесінде жетуге болады, яғни біздің санамызды белгілі әрекеттерді қабылдауға, түзетуге, есте сақтауға бағытталды. Тергеушінің психологпен ынтамақтастығы тергеу барысында өзара әрекеттесумен ғана шектелмейді. Тергеушінің қызметі оның күйзеліске тұрақтылығына, психикалық жағдайды өзін-өзі реттеуге, жұмыс қабілеттігіне қойылатын жоғары талаптарды алдына қояды. Сондықтан, психолог тергеушіге жағымсыз эмоционалды халды жеңе білуге көмек беруі және кәсіптік деформацияның дамуынан ескертіп айтуы мүмкін. Маман ретінде психологтың рөлі Қылмыстық іс жүргізу кодекстің тиісті бабымен регламенттеледі. Психолог тергеу әрекеттері процессіне: жауап алу, тінту, орын алған жерді қарауға қатыса алады. Маманның қызмет нәтижелері тергеу әрекеті хаттамасында тіркеліп жазылады.
Кез келген білімнің алғашқы көз ретіндегі «тану», тергеушінің қызметінде өте маңызды орын алады. Бірақ бұл тану мәнсіз емес. Тергеуші өзінің қабылдауын іске асырады, оның ішіне ең қажеттісін ең маңыздысын барлық жағдайларды ескеріп, алдына қойылған тапсырмаларды, орындауда маңызды орын алуы мүмкін. Жоспар алдындағы мақсатқа жетудегі қабылдау бақылау деп танылады. Ол барлық сезім мүшелеріне белсенді жұмыс істеуін жоспарлайды. Сондықтан тергеушінің сезім мүшелерінің сезімталдығын психологиялық бағдарлау маңызды.
Бұл қасиеттің маңыздылығы сезім мүшелерін тану алдындағы орынға шығаратын кезіде жүргізіледі, тергеу іс әрекеттерінен көрінеді (қарау, тінту). Бақылаудың толық және дәлді болуы бақылаушының білімді және тәжірибелі болуы қажет.
Анықтаушылық, дәлдік және тез түсіну қасиеттері тергеушінің теориялық және практикалық дайындығына байланысты. Бұл мамандықпен ұзақ уақыт айналысуға тергеушінің әрекетінде автоматтандырылу байқалады, бұның өзі бақылаумен болып жатқан оқиғаны тез түсінуімен, бірақ кей жағдайларда қателіктер жіберуге әсерін тигізеді. Олар қабылдауды өзгертіп, оны дәл және толық емес қылады [7].
Белгілі бір объектілерді үйрену сезімін қабылдау азайтады, адам ақырындап болып жатқан өзгерістері байқалмайды. Сондықтан оқивға болган жерді қарау, айгақтарды қылмыс болган жерде көрсетуде осы жерді жақсы білетіндер таныс емес азаматтр керек. Бақылудың таңдаулық кез-келген қабылдау секілді қажетіліктермен өзінің мақсаттары мен міндеттері бар, ол қабылдаушыға байланысты. Бақылаудың жоғарғы нәтижелі болуына белгілі бір мақсаттың анықталған міндеттерінің болуы, тәжірибенің болуы.
Интеллекті келесі жақындаулар арқылы көрсетуте болады:
oo интелект-бұл жалпы оқуға қабілеттілік.
oo интелект-бұл ойлау қабілеті.
oo интелект-бұл қоршаған ортаға кірудегі іс-әрекет, бейімделу
нәтижесінің болуы.
oo интелект түсінігі қоршаған ортамен қарым-қатынасы [8].
Әдетте, өзінің қызметтік міндеттерін діттеген деңгейде атқарып жүрген тергеушінің қызметі үш арнадан бастау алады. Біріншісі – процессуалдық нормалар. Процессуалдық нормалар қылмысты тергеу барысында нені және қалай, қандай тәртіппен жүргізетінін тезге түсіреді. Екінші бір арнаны – тактикалық қағидалар құрайды, бұл тергеушінің қылмысты із суытпай тез арада ашып, кінәліні анықтау мақсатында өзінің тактикалық жүйесін, әдіс-айла-тәсілін күні бұрын анықтап қоюына толық мүмкіндік береді. Ал үшінші бір бұлақ көзіндей бүлкілдеген таза тұнық – әдептілік қағидалары әлеуметтік мораль талаптарынан туындап, тергеу жүргізілгенде қай бір тәсілді қолдану-қолданбауға түрткі болады. Осылайша көпті көріп көнекті тоздырған кәнігі тергеуші бүтіннің екі жағындай бірінсіз-бірі жоқ аталған осы үш тоқтам-қағиданы басшылыққа алып, өзінің атқарып отырған тікелей қызметін баянды етуі тиіс. Басқаша айтқанда, процессуалдық заң – мазмұн мен нысанды, криминалистика – тергеудің әдіс-тәсілін, ал су тұнығындай әдебтілік нормалары – тергеуші қызметінің адамгершілік негіздерін айқындайды. Бұл тоқтамдар бір-бірімен өзара тығыз байланысып, етене қабысып жатыр. Процессуалдық нормалардың мән-маңызын жеткілікті дәрежеде ұғына алу, оны қажетті жерде иінді қолдана білудің өзі қылмысты ашу барысында іс-әрекетті иінді қолданудың жойқын кепілі болмақ. Көптеген процессуалдық нормалардың, соның ішінде ең бастылары: істің мән-жайына толық қанығып, жан-жақты зерттеу, айыпталушының заң бойынша қорғалуын қамтамасыз ету секілді қызметтік әрекеттің мән-маңызын айқындайтын мәселелердің моральдық аспектілерінің тамыры тым тереңге кетеді. Тергеушінің адамгершілік бейнесі қызметтегі адамдық нормаларын қылау түсірмейтіндей қатаң сақтаудан көрінеді. Мұның өзі қылмысты ашуда тергеу тиімділігін арттыру әрі алдын ала тергеу органдарының беделін нығайта түсі үшін аса қажетті фактор саналады. Сөз жоқ, тергеуші үнемі қылмыспен күрестің ең алдыңғы шебінде жүретін тұлға. Қылмыскермен өзгелерден бұрын бетпе-бет кездесетін де сол адам [9].
Тергеуші үшін қылмыстың болған уақыты және қылмыс жасаған кінәлі адамдарды анықтау мақсатында заңда көрсетілген шараларды қолдану секілді қылмыстық іс жүргізу негіздерінің айрықша маңызы бар. Ең бастысы өзіне телінген міндетті ойындағыдай орындау – тергеушінің бірден бір қызметтік міндеті мен адамгершілік парызы саналады. Істі қозғаған тергеушінің ә дегннен-ақ қылмыстың ашылмауына мүдделі адамдардың белсенді қарсылығына ұшырайтыны кәдік. Тәжірибеде көріп жүргеніміздей табанының бүрі жоқ тергеушіні жолдан тайдыратын тосын жағдайлар асып жығылады. Арты дау-дамайға әкеп соқтыратын сондай әрекеттердің бәрі де тергеуші бойында үлкен адамдық негіздердің болуын талап етеді. Адамдық негіздер дегеніміз – тергеушінің бойындағы құпия сақталып тұрған әрі аса нәзік, әрі аса жойқын, зияткерлік (интеллектуалдық), этикалық, эстетикалық, тәжірибелік, тапқыр да талғампаз, албырт та асқаралы күш. Ол осыны сезініп, түсініп, толғанып, ізденіп, алмағайып өмірдегі өзнің төл әрекетіне пайдалана білгені ләзім. Әйтсе де мұндай ерекше қасиет, өзгеше өрелілік тек көпті көрген, көргенін көкейінде өріп-түйген, көп оқыған, оқығанын тоқыған, қол жеткізгеніне мақтанбаған, арамдық ойлап ластанбаған, байлық пен дүмше дәулетке белшесінен батпаған, кіршіксіз, таза, өрен де өршіл ой иесінің ғана қолынан келмек. Жасыратыны жоқ, тергеуші бейнесін осындай өлшем тұрғысынан көргіміз-ақ келеді. Өйткені тергеушінің жұмысы көп қырлы да күрделі. Бейнелеп айтқанда, тіршіліктің тас диірменінде әбден тартылғандар. Процессуал-ғалымдардың бір тарабы тергеушінің қызметіне байланысты үш негізгі кәсіби функцияны атап өтеді, бірі: қылмыстық ізге түсу немесе айыптау, қорғау және істің шешілуі десе, екіншілері: тергеуші қызметінің барлық қыр-сырын қылмысты тергеу делінетін бір-ақ функция қамтиды деген уәж айтады.

2. Тергеу аппаратының қызметкерлерін қалыптастыру және дайындау процесі

2.1. Тергеуші тұлғасының нұсқалық моделі

Тергеушінің қылмыстық процесс мүшелерімен, азаматтармен, лауазымды тұлғалармен, мекемелермен, ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді, әрбір іс-әрекеттің орындалу барысын, тергеудің аралық міндеттерін шешудің кезегін реттейді, белгілі бір кезеңдегі іс-әрекеттер кешенін орындауға және тергеуші қызметін белгілі бір мерзіммен шектеуіне міндеттейді.
Бұл тергеушінің жұмысына басқа мамандық иелеріне тән емес, нақты нормалық сипатб ереді. Тергеуші қызметі әр қилы төтенше тапсырмаларды дұрыс шешу үшін жан-жақты білімділік пен іскерлікті керек ететін белгісімен ерекшеленеді. Сонымен бірге тергеуші жеке тұлғаны диагностикалау әдістерін білу, одан ақпарат алу мен оны қайта тәрбиелеу ісін дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттерімен өзін қамтамасыз ететін психологиялық бағдарламасы болуы керек. Тергеуші әр істің табысты аяқталуына құлқы жоқ адамдардың қарсылығын жеңе білуі де тиіс. Дәл тергеуші қызметіндей істің табысты аяқталуына кедергі келтіретін қарсыластары көп қызмет жоқ шығар.
Тергеуші қызметінде кінәлі адамдардың ұйымдасқан түрде қарсы әрекет етуі істі тергеу мен ашуға елеулі қиындықтар туғызатынын ескеру қажет.
Әсіресе тергеушіге барлық күш-жігерімен қарсы әрекет істейтін адам – қылмыскердің өзі осы жолда ол барлық амал-айласын: өтірік айту, алдау, жала жабу, бопсалау, пара беру т.б. көптеген шегі жоқ мүмкіндігінің бәрін де пайдалануға тырысады.
Тергеуші тек заңға және өз ар-ұжданына сүйене отырып әрекет етуге ғана құқұлы. Тергеуші әр түрлі тактикалық тәсілдерді, оның ішінде психологиялық реагенттерді қолдануға құқылы (мәселен, тергеуші қылмыскерге оның сыбайластарының өз қылмысын мойындағаны туралы төтеннен айтып, өзінің негізгі мақсатын жария етпей қалуына болады).
Дегенмен, психологиялық реагентті пайдалану шектен шықпауға тиіс, тергеуші қылмыскердің әр жауабын өзі жақсылап тексеруді, қылмысты істің шындығын ашу жолында өз әрекетін құқықтық және әдептілік жағынан заңдастыруы керек [10].
Тергеуші мен іске қатысы бар адамдар арасындағы теңсіздік мынадан көрінеді: тергеуші болған іс туралы толық және жан-жақты хабардар емес, ал соңғылар өз қолымен жасаған не көрген жағдайдың қайсысын жасырып қалуды біледі. Тергеу жүргізуші тексеру барысында қылмыс ізімен жүріп келе жатса да, ылғи оқиғаның ең соңында болады.
Ал қылмыскер уақыт пен жағдайды тиімді пайдаланып, тергеушіні қиын қыспаққа қалдырып отырады. Мұның бәрі кейде тергеу ісіне қиян-кескі күрес сипатын береді. Қауіпті жағдаятты жеңе білу сияқты эмоциялық кері әсерлер тергеушінің үнемі ерік күшін жігерлендіріп, ақыл-ойының белсенділігін арттыруын керек етеді. Тергеушінің тағы бір міндеті – шиеленіскен жағдаятты шешуде әділ баға бере білуі, ол іске жүйелі түрде талдау жасауына көмегін тигізеді.
Тергеуші әділ тергеуге кедергі келтірушінің мақсатын біліп алып, оны есепке алып отыруы керек. Өз жолын айқындау үшін тергеуші өз таңдауының және тратегиясының дұрыстығын көптеген дерек көздері арқылы анықтап алуы тиіс. Тергеуге тән нәрсе тек қана күрес емес екенін атап айту керек. Сонымен бірге нағыз тергеушіге тән қасиет – тергелушіге психологиялық әсер етуі, қылмысты ашу үшін оның бағыты мен көңіл күйін өзгерте алуы [11].
Еңбектерде психологиялық реагент пайдалану тәсіліне рұқсат етіледі, оның ролін зат, дерек, адам, құбылыс, мәлімет ойнауы мүмкін. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты: күдіктіге реагент ұсына отырып, яғни оған психологиялық шабуыл жасай отырып, оның өтірік айтуына шамасын келтірмеу.
Бұл жағдайдың кінәсіз адам үшін маңызы жоқ, ал қылмыскерге психологиялық кері әсерін тигізеді. Тергеу ісінің басында тергеуші де толық мағлұмат болмағандықтан, оған белгісіздік жағдайында шешім қабылдауына тура келеді. Тергеуші ақпаратқа мұқтаж жағдайда жұмыс істейді. Осыдан барып оның жұмысында эмоционалдық қиындықтар болады, сол себепті оның болжам жасау мен шешім қабылдауда эвристикалық қасиеттерді пайдалануы заңды.
Тергеуші жеке тұлғасының қалыптасу барысында сезіну мен өзіндік сана-сезімнің рөлі артуы тиіс. Егер де қызығу, қажеттіліктер, мотивтер мен мақсат жұмыс мазмұнына сәйкс келіп жетсе, бұл жағымды оң нәтижелерге жеткізетіні анық. Қазіргі таңдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты қауымдық жаңа сұраныстар мен талаптар пайда болды. Оны біз жас мамандар даярлап беруіміз қанағаттанарлықтай жайт жағдайлар туғызады деп шектелмейік.
Қазіргі ізденуші студент жастарының шығармашылық ойлай білуі мен танымдық іс-әрекетін артыру үшін мақсатталған жүйелі түрде ақыл-ойын яғни интеллектін дамытуымыз қажет. Тергеушілік жұмыста тергеуші тұлғасына психологиялық білімнің бар болуы өте маңызды. Өйткені психикалық заңдылықтарды орындай отырып ақиқатты ашу үшін көзқарастарын білдіріп қана қоймай сонымен қатар психологиялық білімі еркін, эмоционалды процестерін, жеке танымдық әрекеттерін реттеп бақылай шешім шешу кезінде дұрыс шешім қабылдай ала білуін бірден-бір себепші болады. Психикалық заңдылықтарды білу, оны оперативті – іздеу әрекетінде қолдану және арнайы психологиялық әдістемелерді қолдана білуі тергеушінің жұмысын жеңілдете түсуі әбден мүмкін. Өйткені өзіне қажетті адамдармен қарым-қатынасқа терең түскен жағдайда өз әрекетін реттеп, жүйелей алу, заң бұзушы адамдардың мотивтерін терең ұғына білуі объективті ақиқатты тани біліп, оны дұрыс бағалап, нәтижесін практикалцық іс-әрекетте қолдана білгені абзал. Құқық қорғау органдарынан тергеуші қызметкерлерінің ең негізгі жұмысы адамдармен жүргізіледі. Онда өзара байланысты бірнеше аспектілер жүзеге асады. Олар адамдармен психологиялық қатынастарды орналастырып және дамытады және оларға өзінің үстемдігін көрсетеді т.с.с.
Жеке тұлғаның қалыптасу деңгейін анықтау және қызметкерлерді еңбек нәтижесінің көрсеткішін көрсету үшін алдымен тергеуші кәсібінің қызметкерлерінің құндылық бағдарларын дамыту қажет. Құндылық бағдарлары, сананың бір мақсатқа жетуі секілді іспеттес формасы. Тергеуші қызметтерінің іс-әректтеріне реттеушілік әсер етіп, мақсатына жетелейді. Осыдан барып тергеу жұмыстары жеке тұлғаның құндылық бағдарының моделін ұсынамыз.
Бұл көрсетілген кестедегі қасиеттер өзгермелі болу үшін олардың санын бұдан да көп немесе … жалғасы