Теңіздегі жел айдаған қайық балабақшадағы ашық сабақтар
Күні: Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Теңіздегі жел айдаған қайық
Мақсаты: 1. Балаларға сурет бойынша әңгімелей отырып,оның мазмұнына композиция құрау,мүсіндеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,халық өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Жұмбақ
Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Не жүретін долы жоқ.
Мініп алсаң зулайды,
Бірақ ізі қалмайды. (Қайық)
-Балалар бүгін біз қайық жасаймыз.
V Жаңа сабақ
Суретті көрсетіп әңгіме жүргізу.Суретте теңіз бетінде жел қатты соғып тұрғаны байқалады.
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар,ермексаздың көмегімен осындай қайықты мүсіндеуге бола ма?Ол суреттегі сияқты емес ауқымды,жан-жағынан көруге болатын етіп мүсіндейтіндерін айту.Сондай-ақ,рельефті мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен. Жасауға болатынын түсіндіру.Түрлі-түсті ермексаздың әр түрінен бірнеше (2,3)кесек бөлшектерді бөліп алып,оны ақ қағаздың бетіне қойып,саусақтарымен басып,жан-жағына жайып,жабыстыра жағады.Түстерді бір-біріне үйлестіре араластырады..Мұндай әдіс-тәсілмен аспан мен теңізді бейнелеп,қайықты салады.
Сергіту сәті: Бас бармақ-әке
Балаң үйрек-шеше
Ортан терек- мен
Кішкентай бөбек-сен
VI Пысықтау
Шығармашылық жұмыс: Балалар теңіздегі жел айдаған қайықты мүсіндейді.
VII Бекіту
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-Біз шеберміз,біздің қолымыздан жақсы істер келеді.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!