Техносфера қазақша слайд,презентация

0

Техносфера қазақша слайд,презентация

 

 

Қауіп дегеніміз – үрдістердің, объектілердің, заттардың және де олардың жекелеген қасиеттерінің белгілі-бір жағдайда адамның денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға және әлеуметтік-экономикалық жүйеге, техникалық объектілерге тікелей немесе жанама жағымсыз әсері. Қауіптілік химиялық немесе биологиялық белсенді компоненттері бар жүйе және оның негізгі сипаттамалары адам тіршілігінің жағдайына сай келмейді. Қауіп – табиғи және антропогендік болып бөлінеді. 
Табиғи қауіп – стихиялық құбылыстармен, климаттық жағдайлармен, жергілікті рельефпен шартталады. Адам өзінің материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қоршаған табиғи ортаға техникалық құралдармен, өндірістік тастанды қалдықтармен т.б. өмір сүру ортасына антропогендік қауіп төндіруде. Техникалық құралдармен туындаған антропогендік қауіптерді техногендік қауіптер деп атайды. Қауіптің негізгі көздері келесілер: адам, объектілер (машина, станоктар, құралдар, ғимараттар, жер, жол, энергия т.б.), еңбек өнімдері – технологиялар, операциялар мен әрекеттер, табиғи-климаттық орта (жауын-шашын, су тасқыны, күннің белсенділігі және т.б.), флора мен фауна. Ішкі қауіпке – адамның жеке ерекшеліктерінің әлеуметтік және психологиялық сапасына кері әсері жатады. Тәуекелділік – қауіптілік кезіндегі адамның нақты іс-әрекеті.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!