Технологиядан ашық сабақ, сәндік қолданбалы өнер

0
109

Сабақтың тақырыбы. Сәндік қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс
Сабақтың мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде констукциялық материалдарды көркемдеп өңдеу жолдарына түсінік беру.
Білімділігі: Бұйымдарды көркемдеп өңдеу жұмысына техникалық сызбаларды, өлшем бірліктерін түсіре білуге үйрету.
Дамытушылығы: Бұйымдарды шығармашылық бағытта қайта жабдықтау, өңдеу – құрастыру, әрлеу жұмыстарын жүргізе білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды топпен және жеке шығармашылық жұмыстарды орындай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Бұйымды өңдеу нұсқау картасы
Сабақтың типі: Тарау бойынша білімді қорытындылау
Сабақтың түрі: Аралас сарамандық
Сабақтың өтілуі: Топпен жұмыс, әңгімелеу, теориялық және сарамандық жұмыстар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына, оқушылардың оқу құралдарына назар аудару, оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Ұй тапсырмасы сұрақтары
1. Геометриялық ою элементтері
2. Декаративті қолданбалы өнер
3. Оюдың түрлерге бөлінуі
4. Композиция туралы түсінік

ІІІ. Жаңа сабақ. теория
1. Шығармашылық жұмысқа бұйымдарды таңдап алу. Шығармашылық жұмысқа таңдап алынған бұйым оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы деңгейіне лайықты мінбе даярлау.
Оған қойылатын талаптар: 1. Өте биік емес, оқушы бойына сай ықшамды болу керек.
2. Қалдық материалдардан жасалуы тиіс
3. Көп шығын кетпеуі керек.
4. Өңделуі және құрастырылуы қарапайым болуы тиіс.

2. Техникалық сызбасын дайындау
Бұйымның толық нұсқасы өлшем бірліктерімен техникалық сызба түрінде көрсетіледі

3. Өңдеу нұсқау картасы.
Әр бөлшектің өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс
4. Құрастыру нұсқау картасы.
Бұйымды құрастырудың реттілігі көрсетіледі
Сарамандық бөлім

Оқушыларды топқа бөлу.
1 – топ. Әрлеу нұсқау картасын дайындау. Әрлеу нұсқау картасы қандай бөлшекке қанша әрлеу материалы кететінін анықтайды.
2 – топ. Экономикалық есептеу тобы. Бұйымды дайындау барысында кеткен материалдық шығындарды есептеу.
1. ДСП материалы – өлшем бірліктері бойынша
2. Бұрама шеге
3. Электр жарық
4. Жапсырма қағаз
5. Барлық шығын:

3 – топ. Нұсқау картасы арқылы құрастыру тобы.

Өңделген дайын материалдарды реті бойынша құрастыру.
1. Өлшем бірліктері бойынша белгі түсіру
2. Бұрама шегенің орнын белгілеу
3. Электр бұрғымен тесу
4. Бұрама шегені бекіту.

ІV. Жинақтау және қорытындылау.
Шығармашылық жобаға қолданылған бұйым жан – жақты зерттелген, өзгертілетін бөлігі қалай және қандай мақсатта өзгертілуі керек екендігі толық көрсетілуі тиіс. Жобаға тарау бойынша алынған білімді, әдіс тәсілдерді қолданамыз. Құрастыру және әрлеу тобының жұмысы аяқталғаннан кейін Экономикалық есептеу тобының есебі бойынша бұйымның бағасы қойылады.
V. Үй тапсырмасы: Өз бетінше жоба сызбасын дайындау

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!