Тәжірибеден өту базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар Ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

0

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қаржы кафедрасы

Оқу тәжірибе бағдарламасының орындалуы жөніндегі

ЕСЕП

Тәжірибеден өту базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар Ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

3 курс студенті 5В050900 Қаржы мамандығы
Мұсабаев Еламан Бақтыбекұлы

Кафедра атынан оқу тәжірибенің жетекшісі
Бекболсынова А.С.
аға оқутышы

Субъект атынан оқу тәжірибенің жетекшісі
Басшы Кунчаев Ж .Р.

Астана 2016ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .

3
1. Мемлекеттік кірістердің құрылымын ұйымдастыру және оларды басқару … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
4
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы құрылымы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы міндеттері және функциялары … … … … … … … … … … … …

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …

5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар ауданы бойынша салық түсімдерін талдау … .

6

9

16

18
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … …
29

30

КІРІСПЕ

Оқу тәжірибесі жоғарғы білім тізімінде оқуды ұйымдастыру үрдісінде өте маңызды орын алады. Тәжірибе кезінде мен дәрісте алған білімімді нақтылап, одан ары кеңейтуге мүмкіндік алдым.
Оқу тәжірибенің объектісі — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҮРЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ болып табылады.
Оқу тәжірибенің мақсаты ұйымды, кәсіпорында басқаруды (ұйымдастыруды) танып білу болып табылады. Тәжірибе жеке тәртіпте кәсіпорындарда және басқа да ұйымдарда жүргізіледі.
Оқу тәжірибенің уақытында мен оқу бағдарламасына керекті құжаттармен және жоғарғы оқу тізіміндегі жеке тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақпаратты жинадым , сонымен бірге бұл ақапараттар негізінде кәсіпорын қызметін қаржылық — экономикалық нәтижелерін талдау әдістерін қолдануды, дәрістерде алған біліміді тәжірибеде қолануды үйрендім. Практика өту барысында маған берілген тапсырма — архив бөлімінің жұмыс жүргізу тәртібі және атқаратын қызметтерімен таныстым.
Оқу тәжірибенің негізгі міндеттері:
+ Кәсіпорынмен, оның қызмет түрімен, заңдық-құқықтық, ұйымдастырушылық құрылымы және басқарушылықпен танысу;
+ Ұйымның және қаржылық бөлімдердің жұмыс тәртібін, оның басқа да кәсіпорын қызетімен қарым-қатынасын оқып үйрену;
+ Ұйым қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, лауазымды нұсқауларымен танысу;
+ Қаржылық, аналитикалық және аудиторлық жұмыстың практикалық шеберлігін жүзеге асыру;
+ Кәсіпорын құзырындағы қолданылатын қаржылық есептіліктің, ішкі аудит және талдау жұмысы ұйымдастырудың формалары мен әдістерін оқып-үйрену;
Оқу тәжірибенің мақсаты білім алушының жоғарғы оқу орны бағыттайтын қызметтермен, жоғарғы оқу орны жүзеге асыратын оқу бағдарламаларымен, оқылып жатқан мамандықпен, болашақта жұмыс істейтін мамандығының қызметімен және міндет түрлерімен таныстыру, мекеменың басқару жолдарымен танысу болып табылады.

1. Мемлекеттік кірістердің құрылымын ұйымдастыру және оларды басқару

Мемлекеттің кірістері деп экономикалық катынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Табыстар (кірістер) — қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық категория. Табыс — бұл қаражаттар шығындарымен (оларды жузеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің,коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және кайта жасалған өнім мен кызметтерді бөлу стадиясында пайда болады. Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына каржылық ресурстар қалыптастырумен байланысты болатын қаржылық катынастардың бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржылық ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында калғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады. Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сырткы экономикалық кызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінін, ақшалай табыстары мен корланымдарынан құрылады. Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым белігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржылық саясатты жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера кажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржылық ресурстардың кұрамына кірістерге жатпайтын, бірақ коғамдық кажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін каражаттар кіреді. Мысалы, негізгі кұрал-жабдықтарды (капиталдарды) калпына келтірудін амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы, күнның мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомапары, ісген шыккан, иесіз мүлікті (өлген адамнан калған мүлікті), тәркіленген, мұрагерлік құқықбойынша мемлекет еткен,талап етілмеген (көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозитсомалары, таратылмаған пошталық жөнелтім) мүлікті өткізу ден түскен түсімдер. Бұл ақшалай каражаттар(сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни каражаттарды жүмсаумен байланысты белгілі бір кызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсімпұлдар кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік карыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің каржылық ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар — қарыздық каражаттар. Қаржылық ресурстарға сондай-ақ мемлекеттік сақтық орға ндарының карамагындағы каражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкішаруашылықтық ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің каржылық ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құралады
Мемлекеттің кірістері және мемлекеттік бюджеттің кірістері ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда катынастардың неғұрлым кең топтары туралы эңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, сйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т.б., ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді. Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Рыноктықэкономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар және эмиссия болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҮРЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ құрылымы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiн, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі — Комитет) аумақтық органы болып табылады.
Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiнің, Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тiлінде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары бар.
Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Басқарма, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып шығады.
Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Штат санынының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан Облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Фрунзе көшесі 10.
Мемлекеттік органның толық атауы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҮРЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ
Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

Басшы
Басшының орынбасары
Талдау, есеп, есептілік және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы
Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы
Ұйымдастырушылық-құқытық жұмыстар және өндіріп алу бөлімінің басшысы
Өндірістік емес төлемдер және арнайы салық режимдерін әкімшелендіру бөлімінің басшысы
Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы
Басшы
Басшының орынбасары
Талдау, есеп, есептілік және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы
Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы
Ұйымдастырушылық-құқытық жұмыстар және өндіріп алу бөлімінің басшысы
Өндірістік емес төлемдер және арнайы салық режимдерін әкімшелендіру бөлімінің басшысы
Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы

1-сурет. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҮРЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ департаментінің құрылымы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҮРЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫның
құрылымы:
+ Талдау және тәуекелдер басқармасы
+ Заң басқармасы
+ Адам ресурстары басқармасы
+ Ұйымдастыру-қаржы басқармасы
+ Ақпараттық технологиялар басқармасы Аудит басқармасы
+ САЭБ бөлімі
+ Камералдық бақылау басқармасы
+ Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы
+ Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы
+ Борыштармен жұмыс басқармасы
+ Кедендік ресімдеу басқармасы
+ Өткізу пункттерінің өңірлік басқармасы
+ Ішкі қауіпсіздік басқармасы
+ Контрабандаға қарсы күрес басқармасы
+ Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы
+ Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы
+ Жедел-іздестіру қызметі басқармасы
Бұл басқармалардың әр қайсысының өзінің атқаратын қызметтері, функциялары мен міндеттері бар. Бұл басқармалар тікелей басшы арқылы басқарылып қызметтері реттеліп отырады.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҮРЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ міндеттері және функциялары.

Әрбір ұйым құрылған кезде оның өзінің негізгі міндеттері, құқықтары, функциялары мен мақсаттары болады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҮРЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ міндеттері және функциялары мыналар болып табылады.

Басқарманың міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

2-сурет. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҮРЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ міндеттері

Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары мен құқықтары:
Басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады: мемлекеттік мүдделерді қорғау;
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіпте салық төлеушінің салық міндеттемелерін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндеттерді орындауына бақылау;
Әлеуметтік аударымдардың толық есептелуін және уақтылы төленуін, міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы есептелуін, ұсталуын және аударылуын бақылау;
Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасынан үлестерінің, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивиденттердің, Байқоңыр кешенін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын, республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдерді, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдерді қоспағанда) бақылау және талдау;
Салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпараттарды беру, салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;
Салық төлеушілерге (салық агенттеріне) бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерін, белгіленген салықтық өтініштер нысандарының бланкілерін және (немесе) салық есептілігі мен өтінішті электронды түрде табыс ету үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді беру;
Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;өз құзыреті шегінде Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және мерзімде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызу және (немесе) қайтару, айыппұлдарды қайтару;салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;есептелегн, қоса есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу;есептелеген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, есептелген және ұсталған әлеуметтік аударымдарды есепке алу;бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;өз кұзыреті шегінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық өндіріп алу және уақтылы аудару мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру; салық салу саласындағы заңнаманы қлдану тәжиребесін талдау және қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; өз құзыреті шегінде өтініш берушінің тексерістерін жүргізу жолымен этил спиртін, алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтер көрсету; халықаралық іскерлік операцияларда трансферлік бағаларды колдану кезіндегі мемлекеттік бақылау, мәмілелер бағасының тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағадан ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, мәмілелер бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелердің мониторингін жүргізу;
Салық кодексіне сәйкес салық міндеттемелерінің орындалуын және салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін мәжбүрлі тәртіпте өндіріп алуды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;салық төлеушілердің (салық агенттерінің) Басқарманың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарын қарау;салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы; резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беру;
Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдау;салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап ету және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылау;салық төлеушілерге салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіру және түсінік беру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;салық заңнамасының орындалуына бақылауды асыру бойынша жергілікті органдармен өзара іс-әрекет жасасу;этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және жекелеген мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасасу;өз құзыреті шегінде мұнай өнімдері нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ бюджетке акциздердің толық және уақтылы түсуін бақылау;мемлекеттің меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға толық және уақтылы берілуін, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның толық және уақтылы түсуін бақылау;өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымы, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымы саласында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттердің резидент еместерінің қызметін әкімшілендіру;сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын резиденттердің мәмілелерінің мониторингін жүргізу және оларды әкімшілендіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге де қызметтер.

Өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде Басқарма:
салық бақылауын жүзеге асыруға;
заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарманың функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарға сұрау салуға және алуға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен белгіленген талаптарды сақтай отырып, бухгалтерлік құжаттамаларына, сметаларына, ақшасының, құнда қағаздарының бар, жоқтығына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауына байланысты өзге де құжаттарға тексеру жүргізуге;
Салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сіәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;
Салық төлеушіден (салық агентінен) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтыө нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге;
Салықтық тексеру барысында Қазастан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;
Нұсқама негізінде объектінің ттұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болып табылатын мүлікті тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге; банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан Салық кодексінің 581-бабының 1) және 4) тармақшаларында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, Салық кодексінің 581-бабының 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;
Акцизделетін өнімдерді сақтауды және олардың айналымын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаға акцизделетін өнімдердің өндірілуі мен айналымынан акциздердің толық және уақтылы түсуі бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;
Салықтық тексерулерге маманарды тартуға;
Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе есптілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;
Арнаулы салық режимін қолдану туралы не колданудан бас тарту туралы, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап-арыз, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаларды тарату туралы талап-арыз беруге;
Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша тексеру жүргізуге;
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға орындауы үшін міндеттінұсқаулар беруге;
Жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес іс қозғау және жазалар қолдануға;қоғамның салық мәдениетін және салық заңнамаларының мәселелері жөнінде ақпараттылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге; кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуге құқылы;
Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

Басқарманың мүлкi
Басқарма оқшауланған мүлкін жедел басқаруға құқылы.
Басқарма бекітілген мүлік республика меншігіне жатады, ол мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны Басқарма теңгермесінде көрсетілген өзге де мүліктерден тұрады.
Басқарма оған бекітілген мүлікті өздігінше иеліктен айыруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

Басқарма қызметін ұйымдастыру
Басқарма тікелей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға қатысты емес.
Басқарманы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс қазастан облысы бойынша Салық департаменті Басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Басшы басқарады.
Басқарма Басшысының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті Басшысықызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары бар.
Басқарма Басшысы Басқарма жұмыстарын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауап береді.
Басқарма Басшысы:
өзінің орынбасарларының және Басқарманын құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен уәкілеттігін айқындайды;
заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Басқарма басшысының орынбасарларын қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының орынбасарларын және қызметкерлерін іс-сапарға жіберу, оларға материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы және сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;
Басқарма басшысының орынбасарларын қоспағанда, Басқарма қызметкерлеріне демалыс беру мәселесін шешеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
Басқарманың құқықтық актілеріне қол қояды;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс қазақстан облысы бойынша Салық департаментіне берілетін есептіліктің дұрыстығына жеке жауап береді;
Басқарманы барлық мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарда таныстырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Басқарма басшысы жоқ болған уақытта оның міндетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің басшысы белгілейтін орынбасарларының бірі атқарады.
Басқарманы қайта ұйымдастыру және басқару
Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. ШҚО Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының негізгі міндеттері мен салық төлеушілердің құқықтары

ШҚО Үржар ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып жүзеге асырады.
Басқарманың басты міндеттерінің бірі — мемлекеттік кірістердің аса тиімді көрсеткіштерін ұйымдастыру және жақсарту. Соған байланысты жеке және заңды тұлғалардың талап-тілектері мен шағымдарын қарастыру ұдайы назарда ұсталады.
Келіп түскен талап-тілектер мен шағымдарды қарастыру тәртібі 2007 жылғы 12 қаңтардағы ҚР Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қа — растыру тәртібі туралы Заңына сәйкес бір жүйеге келтірілген.
Жеке және заңды тұлғалардың талап-тілектерін қарастырумен байланысты құқықтық қатынастарды реттеудің басты қағидаттары: талаптардың бір — тұтастығы; жеке және заңды тұл — ғалардың заңды қызығушылықтары мен бостан — дығын, құқығын сақтау кепілдігі; та — лап-тілектерді, шағымдарды қарау барысында төрешілдік пен сөзбұйданың туындауына жол бермеу, лауазымды тұлғалар мен субъектілердің іс-әрекет — терінің айқындылығы; жеке және заңды тұлғалардың теңдігі.
ШҚО Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен жүгінулерге, сонымен қатар қолданыстағы заңна — маларды жетілдіру, салық төлеушілерге және де басқа тұлғаларға қызметтер көрсету бойынша шарттар мен тәртіптерді одан әрі жетілдіру тура — лы сұрақтардың талданып, қарас — тырылуына аса көңіл бөлінеді.
2015 жылдың өткен кезеңінде бар — лығы 81 талап-тілек пен арыз-ша — ғым қарастырылған, соның ішінде шағым — дардың электронды кітапшасына келіп түскені — 59 (82,8%) жазбаша талап-тілектер — 22 (27,2%).
Жүгінулерде жеке және заң — ды тұлғаларды есепке алу және тір — кеу туралы, тексеру нәтижелері бойын — ша шешім қабылдаулар, са … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz