Тәуелсіздік күніне арналған сценарий балабақшада сценарий балабақшада

0

Тәрбиеші: Эрика Сергеевна Гросс, Карлығаш Кабиденовна Утеубаева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: Тәуелсіздік күні 
Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. 
Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру. 
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту. 
Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ. 
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер. 
 — Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?  
— Қазақстан Республикасында.
— Қандай рәміздеріміз бар? 
— Ту, елтаңба, әнұран.
— Елбасымыз кім? 
— Н. Назарбаев.
Әнұран айтылады.
Тақпақтар: 
Даниял: Құт-береке шаңырақ,  
              Орын алған ол төрден. 
              Қанаты қос арғымақ, 
              Екі жақтан көмерген. 
Жанеля: Отан-ұран, отан-туым, 
               Отан мәңгі гүлденді. 
Ералы: Елтаңбасы елімнің! 
             Неткен әйбат, әдемі!  
 Ортаға қуыршақ кіреді. 
Қуыршақ: 
Мен көңілді қуыршақ, 
Қарақатпын әдемі. 
Ойын ойнап, би билеп,
Көтерейік көңілді. 
Алақанды соғайық, 
Аяқты да қозғайық. 
Барлық бала бірігіп, 
Көтерейік көңілді. 
Мерекемен құтықтап,  
Би билейік көнілді. 
«Қуыршақ» биі. 
Қуыршақ: Балалар менің аяқтарым шаршады, дем алып алайын. 
Жүргізуші: Қуыршақ, дем ал. Ал біздің балалар мерекеге арнап көңілді «Сылдырмақ» әнін айтсын.  
Жүргізуші: Балалар, қуыршақ қатты ұйықтап қалыпты. 
Музыка әуенімен мысық кіреді. 
 Мысық: Мен әдемі мысықпыпын, мяу-мяу-мяу. Тез жүгіре аламын, жылы жерде ұйқтағанды  жақсы көремін. Меннен тышқандар қорқады, мяу-мяу-мяу. 
 Сәлеметсіндерме, балалар! 
Жүргізуші: Мысық сен неге көңілсізсің? Бүгін мереке емес пе? 
Мысық: Мен тәуелсіздік күнімен балаларды құтықтауға келдім. Балалар қуыршағымыз ұйықтап қалыпты ғой. Қолдарымызбен шапалақтап, оятайық. 
Қуыршақ: Ой, мен сондай тәтті ұйқтап, біраз дем алдым. Сәлеметсіңбе, мысық! 
Жүргізуші: Қуыршақ, Мысық, сендер отырып, біздің қыздарымыздың «Қамажай» биін қарсы алыңдар. 
Жүргізуші: Көк байрағым желбіреп, 
                   Көк аспанда қалқиды. 
                   Егеменді елім деп, 
                   Шаттық әні шалқиды — дей келе балалардың орындауында «Балақай» әнін қабыл алыңыздар.   
Тақпақ:  
Хаким: Отанымның төрінде, 
              Жарқыраған өрінде.
Балерке: Отан-жерім, 
                Отан-суым, 
                Отан-қуат, нәр берді.   
Балаларымыздың орындауында «Қара жорға» биі. 
Қуыршақ пен мысық: Біз енді қайтайық, сау болыңдар, сендермен уақытымыз өте көңілді өтті. Келесі кездескенше!  
Жүргізуші: Отаны бар, елі бар жан әманда, 
                    Бақытты ғой мына байтақ ғаламда. 
                    «Отан» деген оттан ыстық жалғыз сөз. 
                    Жалын берген маған-дағы, саған да. 
Осымен ертенгілігіміз аяқталды, сау болыңдар!

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!