Тәуелсіздік
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Мақала Сыныбы: Барлық сыныптар
ТӘУЕЛСІЗДІК- БАЙЛЫҒЫМЫЗ.
Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандаған аңсаған асқақ арманы ел Тәуелсіздігі болатын. Тәуелсіздік жолында батыр бабаларымыз қилы-қилы замандарды, қиыншылықтарды, ашаршылық-қырғындарды, қуғын-сүргіндерді, алапат соғыстарды бастан өткерді.Қазақ-Жоңғар соғысы, ұлт-азаттық көтерілісі ұзақ жылға созылды. Миллиондаған халқымыз ашаршылыққа ұшырады, шетел асып бас сауғалады, торғайдай тозды.Қазақтың бетке ұстар зиялы азаматтары, қаймақтары абақтыға жабылды, 25-мыңдайы халық жауы ретінде атылды. Алаш ардақтыларынан, көптеген ойшыл-ғұламаларымыздан айрылдық. Бұл қазақ жеріне төнген қасірет еді. Алаш ұлдарының арманы аспай қалғанымен ұлттық сананы оятуда түрткі болды.Абылай бабамыз қазақтың қайран даласын, жағасын жайлау ел етсем, мерейін биік, бағын зор, ырысын шалқар көл етсем деп армандаған екен. Қайран бабаларымыздың сол арманы көзі тірісінде орындалмады. Енді ес жиямыз дегенде дүниежүзілік жойқын соғыс басталып кетті. Бұл соғыста еліміздің талай боздақтары жер жастанды, біразы еліне оралмады, ұрыс даласында қалып қойды. Аллаға шүкір, мың өліп,мың тірілген қазақтың өшкені жанып, өлгені тірілді. Азаттық үшін күрескен ұлы бабаларымыздың асқақ арманы орындалып, арайлап Азаттықтың ақ таңы атты.Бұл 1991жыл, 16 желтоқсан- болатын. Қазақстан-1991 жылы әлем картасынан ойып тұрып орын алды.Еліміз егемендік алып, өз алдына дербес мемлекет болды. Егемендік ел болғалы, ширек ғасыр ішінде еліміз көптеген табыстарға қол жеткізді.Еліміздің экономикасы қарыштап дамыды, халықтың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы жылдан –жылға жақсара түсуде. Ұмыт қалған салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымыз, ұлттық-құндылықтарымыз, тарихымыз зерделеніп, түгенделіп, сұрыпталып, жинақталып том-том кітаптар болып басылып шығуда. Ең бастысы Сарыарқа төрінде жас қала, ару қала, әсем қала, қазақ елінің жауһар қаласы бой көтерді. Бұл алаш жұртының толағай жетістіктерінің бірі. Астана- Тәуелсіздік шежіресіне алтын әріппен жазылды. Тәуелсіздік жылдарында салынған Бәйтерек мұнарасы- Астананың басты символы болса, Президент резиденциясы- Ақорда көз жауын алар ғимараттың бірі. Бейбітшілік және келісім сарай- Әлемдік төрт діннің бірлік-ынтымағын паш етсе, Қазақ елі монументі- еліміздің көкке көтеріліп, көркейіп дамығанын білдіріп тұр. Сондай-ақ, сәулет құрылысы ерекше салынған нысандар: Астана-циркі, Хан-шатыр- ойын-сауық және сауда –саттық кешені, Нұр-Астана мешіті, Атамекен-Қазақстан картасы Этно мемориалды кешені, Сарыарқа вело-трегі Астана қаласының көркіне көрік беруде. Ал Тәуелсіздік сарайы республикадағы ең ірі мәдени орталық болып табылады. Отан-Ана монументі Жоңғар шапқыншылығы мен ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен қаза тапқан соғыс ардагерлеріне орнатылған құрметтің белгісі. Мұның бәрі Тәуелсіздік жылдарында бой көтерген нысандар. Бүгінде Қазақстан әлемдік деңгейде халықаралық аренада өз орнын тапқан мемлекет. Көптеген халықаралық ұйымдарға төрелік етті. Бір-біріне сәлем бермейтін, кездесіп қалса, кері бұрылатын, түрлі дін өкілдерінің бастарын қосты, бір арнаға тоғыстырды, бір столға отырғызды. Үлкен-жиын форумдар өткізді. Атап айтқанда, Европа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының сьездері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиттері жоғары деңгейде өтті. Қазақ Елі түрлі басқосулар мен жиындар өтетін жаһандық саяси шешімдер қабылдайтын елге айналды. Еліміз дамыған 50-мемлекеттің қатарына қосылды. Бұл әрине әлем таныған кемеңгер тұлға, саңлақ саясаткер, қажымас қайраткер, халқымыздың дана, дара перзенті, ұлтымыздың абызы, көреген басшы, ұлткөшбасшысы Елбасымыздың арқасы, Тәуелсіздігіміздің жемісі. Тәуелсіздік- қазақ халқына бұйырған үлкен сый. Қазақстан- бақ жұлдызы жанған, көк туы көкке желбіреген қуатты мемлекетке айналды. Кезінде тағдыр тәлкегімен шетелге ауа көшкен қандастарымыз бүгінде тарихи отанына, Атамекеніне оралып жатыр. Елбасымыз 1991 жылы,18 қарашада Қандас бауырлар , Атамекенге оралыңдар деген ұранмен әлем қазақтарына сауын айтқан болатын. Елбасының шақыруымен ата-жұртына көрші елдерден қандастарымыз орала бастады.Ұлы көш, Нұрлы көш құйыла бастады, көш дүрмегі әлі де жалғасуда. Елден ел кетсе –жұт, елге ел қосылса құт болады , ұлт рухына рух қосылады дейді атам қазақ. Ұлы көштің алдыңғы легі Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылынада ат басын тіреген. Бұл ауылда негізінен шет елден қоныс аударған қандас бауырларымыз тұрады. Шұбарсуда 2004 жылға дейін 30-40 шақты отбасы мекендеген, шағын саяжай болған.Елге қызмет көрсететін бірде -бір нысандар болмаған. Уақыт өте келе халық санының көбеюне байланысты 2005жылы Шұбарсу ауыл округіне айналды. Содан бері ауыл өмірі жанданды, тамырына қан жүгірді. Қоныс аударған қандастарымыздың бәрі дерлік еңбек десе ерінбейтін, қолы адал, жүрегі таза, қолынан іс келетін қарапайым еңбек иелері. Өз кәсіптерін дөңгелетіп, еңбегінің жемісін көріп отырған елгеде пайдасын тигізіп жүрген еңбекқор жандар. Ауыл аймағында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 8-балабақша бой көтерген. Атап айтсақ, Айару, Шымқорған, Айзере, Ай-Томирис, Жұлдыздар мекені, Кәусар-Али, Нұр –Мерей, Ай-назия бала-бақшалар. Аталмыш бала-бақшада 350-ден аса қызметкер жұмыспен қамтылған, 1700-ге жуық бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Сонымен қоса ауылымызда 8 дәріхана, 3 мақта цехтары. 15 шаштараз, 4 шайхана, 2 тойхана, 10 етхана, 25 монша, 3 аяқ-киім шеберханасы, 3 әйел салондары, 3 гектардан астам жылыжай, 100-ден аса дүкендер ауыл тұрғындарына қызмет жасайды. Мұның бәрі жеке кәсіпкерлер қаражатымен салынған дүниелер. Негізінен ауыл азаматтары пайданы көкөніс өндіруден, жеке шаруаны дамытудан, жеке кәсіпкерліктен табады, күнелтеді. Мемлекеттің 100 мектеп, 100 аурухана бағдарлама аясында ауылымызға 4 жалпы орта мектеп, 1 емхана, 1 фельдшерлік амбулаториялық пункт салынған. Б. Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектеп, М. Исламқұлов атындағы жалпы орта мектеп, Ынтымақ жалпы орта мектеп, Атамекен жалпы орта мектеп және Достық бастауыш мектебі бой түзеп, ауылымызға көрік беруде. Бұл мектептерде 7000-дай оқушы тәлім алса, 900-дей мұғалім дәріс береді. Ауылымыз күннен-күнге гүлденіп, көркейіп келеді. Мұның бәрі ынтымақ пен бірліктің күші. Азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіздігіміздің жемісі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ арманы,қайсар рухының мықтылығы. Кезінде Абылай ханнан не арманың бар деп сұрағанда, үш жүздің басын қоссам деп едім, қоса алмадым, Қала салсам деп едім, сала алмадым, Қазақты біртұтас ел етсем деп едім, оны да істей алмадым деген екен. Алаш ардақтыларының арман-мақсатын іске асыру-Тәуелсіздік мемлекет қалыптастыру, елдің біртұтастығын сақтап қалу- Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ағамызға бұйырыпты, маңдайына жазылыпты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын. Еліміз еркін,мемлекетіміз мықты, Отанымыз озық, Қарулы күштеріміз күшті, көк байрағымыз тұғырлы, әнұранымыз әлемге әйгілі, елтаңбамыз айбатты, ата заңымыз алтын, ардақты болсын. Азаттығымыз асқақтап, Қазақ елі қарыштап дамып, елімізде Ел бірлігі сақталып, елімізді әлем таныған кемеңгер тұлға Нұрсұлтан ағамыз басқара берсін, Қазақ Елін алға сүйреп дамыған ең әйдік 30 елдің қатарына қосыла берсін. Еліміздің мерейі үстем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, тыныштығымыз мәңгі болсын.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі мерекесі құтты болсын!

Қалдыбек Сүлейменов.
Шұбарсу ауылдық Ел бірлігі қоғамдық ұйымы Үлкен кеңес төрағасы.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.