Тәуелсіздігім – мерейім

0
113









Тәуелсіздігім – мерейім

Автор: Каирканова Сайран Талдыбаевна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-30


Материал туралы қысқаша түсінік

Балабақша тәрбешілеріне көмек




Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік Тақырыбы: «Тәуелсіздігім – мерейім»Мақсаты:

Балаларға тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру.Ұлтына деген патироттық сезімді қалыптастыру. Елі жері үшін қызмет етуге, қорғауға тәрбиелеу.Сөздік қорларын молайту,тілдерін дамытуӨз ұлтының тарихын, өзге ұлттың өкілдерінтани және құрметтеуді білу.

Балалар тақырып бойынша безендірілген залға кіреді. Қолдарында жалаушалар жоғары көтеріп екі шеңбер құрып айналып жүреді.Құрметті ата-аналар, балалар бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған, салтанатты мерекелеріңіз, құтты болсын!Тәрбиеші: 16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күнНурай: Туған елге нұр шашып, Жарық берген. 16 желтоқсан Қуаныш пен мол бақыт, Алып келген.Әнұран (барлығы орынан тұрып , оң қолын жүрегіне қойып гимн айтылады)Тәрб: Тәуелсіздік деген не? (бостандық, еркіндік, азаттық)Тәуелсіздік мемлекеті дегенді қалай түсінесіңдер? (өз жеріміз, тіліміз, теңгеміз, қорымыз, завод, фабрикамыз, рәміздеріміз…)Өзіміздің заңымыз. Басты заңы ол не ? (конституция)Мемлекеттік рәміздерімізді атап беріңдер:(Мемл. Гимн, Мемл. Елтаңба,Мемл. Ту)Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу әр азаматтың міндеті.Әнұранің сөзін кім жазған? (Н. Назарбаев пен Жумекен Нәжімеденов). Әнін ше?(Шәмші Қалдаяков)Балалар бұл не. Тудың авторы кім екен? (Шакен Ниязбеков)ТаирАйнымайды аспаннан,Біздің Тудың бояуы. Оны халық қашанда,Бийікке іліп қояды. НурахметШуағынан сәуле шашқан күні бар,Екпіндеген ақ қыранның үні бар.Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,Қазағымның желбіреген, туы бар.Тағы қандай рәмізді айтқанжоқпыз?Тәуелсіздік жолында талай талай тер тамған Билігіміз қолында еркіндігім- елтаңбаӘн: «Елтаңбасы елімнің»Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу әр азаматтың міндеті.Тәрб: Қазақ халқы еркіндікке жетуі үшін қаншама қиын кезеңдерді бастан кешті.Мыңдаған жылдар тарихы бар ел тәуелсіздікке қол жеткізді. Менің қолымда сиқырлы таяқша , көздеріңді жұмыңдар. Өткен жылдардың бір тарихына саяхатқа шығайық. (Тәрбиеші қолына сиқырлы таяқша алып)«Алахай-малахай, Суф-суф», баяғы заманда қазақ жеріне қызыққан елін мазалаған, көрші елдің ханы болыпты. Қойылым .Әкесі: Балам мен саған бір аңыз айтайын.Баласы: Айтып берші әке.Әкесі: Сол баяғы заманда бір күні көрші елдің ханы біздің елдің ханына күш көрсетіп қорқытқысы келеді. Біздің батырға шабарманды жібереді.Шабарман: Ассалаумағалейкум. Сіз бізге тұлпарыңызды беріңіз.Ханның бұйрығы.Батырлар ақылдасады. ( Неге береміз өзімізге керек).Би ойланады. (ары-бері жүреді) Беріңдер тұлпарды. Тыныштық пен достық маңызды.Бір аздап уақыт өткеткеннең кейін шабарман тағы шауып келеді.Шабарман: Ассалаумағалейкум! Сіз бізге Ханымды беріңіз. Біздің Ханның бұйрығы.Батырлар сөздері: ол недеген сұмдық, бермейміз .Би: Беріңдер Ханымды. Тыныштық пен достық маңызды.Бір аздап уақыт өткен сөң шабарман тағы шауып келеді.Шабарман: Ассалаумағалейкум! Сіз бізге бос жатқан жеріңізді беріңіз, айтпесе соғысамыз. Біздің Ханның бұйрығы.Батырлардың сөздері: Берсек берейік ақыры бос жатқан жер ғой.Би: Тұлпарымды берсем ол менің мүлігім. Ханымды берсем ол менің Ханымым. Ал жерді бермеймін. Жер халықтың мүлігі. Жинаңдар әскерді, соғысамыз, жауды жеңеміз!Әкесі: Міне балам , не түсіңдің? Жер кімдікі? Бала: Түсіндім, әке, жер халықтыкы.Әкесі: Жер халықтікі, балам , осыны ұмытпа!

Тәрбиеші: Ата – бабаларымыздың отаным деп жерім деп арманына қол жеткізе алмаған, біз қол жеткізіп отырмыз.Тақпақ: АйзереОтан елдің анасы Отан жердің анасы Бақытты ғой дәл мендей Тәуелсіз ел баласы БинураОтан- сенің, ата-анаң,Отан –досың ,бауырың Отан –өлкең , астанаңТәрбиеші: Тәуелсіздіктің , елбасының арқасында.Тағы қандай жетістіктерге қол жеткіздік? (көп ұлттардың арасында татулық) Тәрбиеші: Иә, көп ұлттар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. СабинаБір шаңырақ астындаҚазақстанда тұрамыз Бірге сайран құрамыз,Бір үйде біз тұрамыз.Тәрбиеші: Балалар, мемлекетіміз тәуелсіздік алды , қандай елдің өкілдері тұрып жатыр біздің мемлекетімізде? (орыс халық өкілдері, татар,уйгур,өзбек)Қонақтар кіреді. Сәлеметсіңдерме балалар. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!Төрлетіңіздер, біздің мерекемізде қонақ болыңыздар.Келіңдер «Шаңырақ» ойынын ойнайық. (Қонақтар мен бірге балалар бір шаңырақ құрады). Бинура өзбек биін билейді: «Өзбек биі» Ән: «Достық» Ұлттық ойын: «Қыз қу»Балалар орыс халық елінің биін билейді: «Орыс халық биі»Балалар қолдарына жалау алып ән шырқайды.Осымен құрметті қонақтар тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталады. Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.