Тәуелсіз — Қазақстаным сценарий балабақшада

0

Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Тәуелсіз- Қазақстаным»
Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер! 
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған  «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 
Әнұран орындалады. 
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың, 
Егеменді – тәуелсіздік алғалы. 
Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамызбен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. 
Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көкбайрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанындай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, тұмардай сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз. 
Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,
21 жыл Тәуелсіздіктің таңы атқалы.
Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің,
Құтты болсын еркіндігі, ата- баба арманы. 
Алтын дәнді даласы бар,                                               Аружан
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Мен жас ұланмын,                                                         Диляра
Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.
Нұрға, гүлге толтырамын
Өзім туған өлкемді.
Тәуелсіз елім ұлы есім,                                                  Никита
Сен десе соғар жүрегім.
Өзіңдей елім барына
Шаттанып мәңгі жүремін.
Отан, отан,                                                                      Айгерім
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,
Қадамың бар баспаған.                                                  Әмина
Халқым жетсін мұратқа.
Ей, бас қалам Астанам,
Жас Астана, жас ғалам                                                  Нүрдина.
Тарихың бар ашпаған.
Ордасы бол ойшылдың,
Ей, бас қалам Астанам.
Шырқап көкке аспан ән.                                               Нұрдина
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам Астанам.
Ардақталды Астанам.      Даниял
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қадам.
Өзіңдікі елім де.                                       Ерасыл
Өзіңдікі жерім де.
Өзіңді-өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде.
Барым да сенсің, бағым да.                                           Мөлдір
Жалында елім жалында.
Бақытымыз бар қазақ,
Тәуелсіз елім барына.
Әсем қалам Астанам,                                                    Ахмет
Әлемдегі жас қалам. 
Әр күн сайын өзгеріп, 
Бой көтерді бас қалам.
Би «Қара жорға» қыздардың орындауында.
Ән «Қуыршағым» хор.
Кішкентай бүлдіршін қыздардың орындауында «Құстар» биі.
«Балабақша» әні, орындайтындар — Нұрдина,Ақмерей, Диляра, Аружан. 
Отан — әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз — адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым –Отан. 
Отан дейміз от жаққан жерімізді.                                      Фарида
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен.                                       Кирилл
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең байтақ Астананы.                                    Аңсат
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ.
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Отанымның төрінде,                                                 Малика
Сарыарқаның өрінде,
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам.
Отанды жас, кәріміз де    Асылжан
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәрімізде 
Туып өмір сүреміз.
Отан-жерім, отан-суым,                                              Егор
Отан қуат нәр береді.
Отан-ұран, отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді.     
«Шалқан» ертегісінен көрініс. 
Бүлдіршіндердің орындауында ән «Біз бақытты баламыз». 
Бүгінгі Қазақстан –әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан- әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет. Тәуелсіздік шаттығы, Тәуелсіздік қуанышы, Тәуелсіздік тойы баянды болсын. Осымен бүгінгі дайындаған шағын концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!