«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

0
274







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

Автор: Калиева Гульмира Кабдрашитовна

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-17


Материал туралы қысқаша түсінік

Зияткерлік сайыс




Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы:«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»6-8 сыныптар зияткерлік сайысы.

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»6-7-8 сыныптарзияткерлік сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру; ұлттық сана-сезімін , саяси сауаттылығын ояту; тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беріп, тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың ерлігі мен көксеген арманы туралы білім қалыптастыру; Дамытушылық: оқушылардың туған елдің тарихын, тәуелсіздіктің қалай жеткендігін білуге деген қызығушылықтарын ояту. Тәрбиелілік: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендіктерін, қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірінің жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру; Отаншылдыққа, ел қамын ойлаған, елі мен жері үшін қан төккен бабаларымыздан өнеге алып, үлгі тұтуға, халықтың тарихын білуге, ынтымақтылыққа тәрбиелеу;Көрнекіліктері: слайдтар сыныптан тыс танымды сайыс . Қатысатын топтар : 6,7,8 сынып оқушылары Сайыстың жүру барысы:1. Әнұран орындау Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушыларТәуелсіздік – қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Жүргізуші-!. Тәуелсіздіктің ең басты –жетістігі еркіндік. Еліміздің бүгінгі таңдағы тәуелсіздігі онай келе салған жоқ. «Ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған ауыр кезеңнен, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт –азаттық көтерілістер, ХХІ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаюы тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі – бәрі ғасырларға созылып, бабаларымыз аңсап кеткен отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді. Ата-бабамыздын арманы орындалған күн, жұлдызымыз биіктен көрініп, барша қазақ жұртына қуаныш сыйлаған күн – бұл 1991 жылдың 16-желтоқсаны еді. Екі жарым ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Сондықтан, Тәуелсіздік біз үшін басты құндылығымыз. Биыл 2018 жылы біз – қазақстандықтар Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығын тойлағалы отырмыз. Бұл өте қуанышты мереке. 27 жылда елімізде көптеген өзгерістер болып, талай жетістіктерге қол жеткіздік, Қазақстанды әлемнің барлық елі таныды десек те болады. 

Бүгінгі біздің сыныптар арасындағы сайыс тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай  және тарих пәнінің апталығының жұмыс жоспарымен өтілуде.Ең алдымен сіздерді әділ қазылар алқасымен таныстырайын.1.………………………………………….. тәрбие ісінің меңгерушісі.2.………………………………… қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі.3.………………………………………….Құрметті қатысушылар ең алдымен сайыс шартымен таныс болайық.Бүгінгі қатысушыларымыз 6,7-8 сынып оқушылары. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:1. Топпен таныстыру.Атын қорғау,ұранын айту2. «Тарих сыр шертеді» топтарға 6 сұрақтанберіледі3. «Алтын қақпа» (әрқақпаныңастындатарихтаелеуліізі бар тұлғаларжасырылған, солтұлғаларғасипаттамабереді) 4. «Кімжылдам?»(капитандаржарысы). 5. «Елімніңертеңіжастаркөзімен» (Әр топ Қазақстандыенді 25 жылданкейінқалайелестетеді, суретпенбейнелейді) Топтардың аттарымен таныстыру 1-топ: «Атамекен» 6-сынып2-топ: «Жігер» 7сынып3-топ: «Болашақ» 8сынып 2. Ойынның айналымдарымен таныстыру ЖүргізушіІ-айналым. Топ атымен таныстырсынҰрандары жарасып-дегендей сайыстың 1-бөлім бойынша топ атымен таныстыру және топ аты мен ұранын қорғау.IІ-айналым.Топтарға 6сұрақтан беріледі. Ойлануға 30секунд беріледі.Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан. Егер сұраққа жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады. 1-топ: «Атамекен» 1.Абайдың анасы (Ұлжан)2.Кеңес Одағының Батыры (М. Мәметова)3.Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды жылы 1990 ж. 4.Екінші ұстаз» атанған ғұлама /Әл-Фараби5.1835-1865 жылдарда өмір сүрген қазақтың көрнекті ғалымы (Ш. Уәлиханов)6Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор2-топ: «Жігер» 1. Ерте темір дәуірінде қазақ жерін мекен еткен ірі тайпалық одақтар? / сақтар/ 2. Сақтарды «әлемдегі ең әділ, ең шыншыл» деп есептеген кімдер? /гректер/ 3. Тәуке ханның үш жүздің басын қосыпқұрылтай өткізіп отырған жері /Күлтөбе/ 4. 14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы жерінде құрылған мемлекет? /Моғолстан/ 5. Қазақ халқының, қазақ жүздерінің пайда болуы жайындаайтылатын аңыздардың бірі. / «Алаша хан»/ 6. Қазақхалқыныңқұрамына енген тайпаларөздерініңен-таңбаларынсалғанжер? /ТаңбалыНұра/ 3-топ: «Болашақ» 1. Ақ Орда билеушісіҰрысханныңұрпақтарыкімдер? /Керей менЖәнібек/ 2. Қазақхандығыныңалғашқы ханы кім? /Керей/ 3. Қазақхандығы ту тіккенжер? /Қозыбасы/ 4. Есім хан тұсындағызаңдаржинағықалайаталады? /Есімханныңескіжолы/ 5. «Жарғы» сөзініңмағынасы? /әділдік/ 6. Орта ғасырдағыҚазақстанжайлықұндыдерекқалдырғанкім? /М. Х. Дулати /Әділ қазылар мүшелеріне сөз беру.ІІІ-айналым. «Алтын қақпа» (әрқақпаныңастындатарихтаелеуліізі бар тұлғаларжасырылған, солтұлғаларғасипаттамабереді) айналымынаөтеміз. Дұрысжауапқа 5 ұпай. 1-топ: «Атамекен» Назарларыңа ұсынылып отырған «Ұлы тұлға – бала би» деген атақтан дана би деген атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғанда айтқан сөздері бізге жеткен. Яғни, «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.» Бұл ұлы адам кім? (Қазыбек би ) 2-топ: «Жігер» Аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері, Түркістан қаласында дүниеге келген, Түркістан қаласында үш жүздің ханы болып сайланған. Ол билер кеңесінің құқығын едәуір шектеді. Сот билігін күшейте түсіп, қазақ билері мен батырларының беделіне арқа сүйеді. Рулар арасындағы алауыздықты тоқтатып, елдің егіншілікпен айналысуына қолдау көрсетті.ақын-жырау мен діни қызметкерлерге қамқорлық жасап отырды. Ол Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету үшін Қытай мен Ресей империяларына тәуелділігін сөз жүзінде ғана мойындады. Оның басты мақсаты елдің дербестігін дипломатиялық шаралармен қалай да сақтап қалу еді және соған қол жеткізді. Бұл ұлы тұлға кім?  ? (Абылай хан) 3-топ: «Болашақ» Бұл тұлғаның бастаған көтерілісі ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары қатысты. Оған орыс зерттеушісі Майер «көзсіз ерлік тән еді» деп жазған. 1841 жыл үш жүздің басы қосылған жиында хан сайланды. Сөйтіп қазақ хандығын қайтадан қалпына келтірді. Ол туралы Нысанбай Жаманқұлұлы «Наурызбай-ХАНШАЙЫМ» өлеңін жазды. Ол бірнеше бағытта күрес жүргізді: Ресейдің патша үкіметіне, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы. Бұл ұлы тұлға кім? К КенесарыІҮ-айналым. «Кімжылдам?»(капитандаржарысы). 10 сұраққажауап беру. Әржауап 1 ұпай. 1-топ басшысы: 1. ҚРМемлекеттікТуының авторы кім? /ШәкенНиязбеков 2 Үйсін қаласы «Қызыл Аңғар» қайда орналасқан? (Ыстықкөл)3. Тәуелсіздіккүні /16 желтоқсан 4. Астана қаласының бұрынғы атауы. (Ақмола, Целиноград)5. Қазақстан тәуелсіздігін алғаш таныған бауырлас мемлекет?/Түркия/ 6. Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады? (саналы адам)7. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданған жыл? /1993жыл 28 қаңтар/ 8. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3)9. Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы)10. Астана қаласының символы (Байтерек)2-топ басшысы: 1. Қазақ хандары Керей мен Жәнібек кімдердің ұрпақтары? /Шыңғыс ханның/ 2. Қазақ хандығы құрылған жер? /Батыс Жетісу/ 3. Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы? /Есен -бұға/ 4. Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек қалдырған? /М. Х. Дулати / 5. Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар күш-жігерін жұмсаған хан? /Қасым/ 6. Қазақхандығынтынышзаманқайсыханныңтұсындаболды? /Тәуке/ 7. Сақтарға «массагет» депатбергенкім?    Геродот8. 2016 жылытәуелсіздіктіңнешежылдығынтойлаймыз? /25 жылдығы/ 9. ӘмірТемірМаураннахрғақаншажылы билікжүргізді. 35 жыл.10. ҚР-ның ұлттық валютасының айналымға енген мерзімі? /1993жыл 15 қараша/ 3-топ басшысы: 1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саны /5/ 2. Ұлы Отан соғысы қашан болды? /1941-1945/ 3. Мемлекеттің Ата Заңы /Конституция/ 4. Үйсіндердің астанасы болған қала (Қызыл Аңғар)5. Түркісақхалықтарыныңәйелпатшасы( Томирис) 6. Осыдан 1 млн. 750 мыңжылбұрынөмірсүрген,Африканың Кения жеріндеОлдувайшатқалынантабылғаналғашқыадамқалайаталады? Ептіадам7. Тәукеханныңзандаржинағы (Жетіжарғы) 8. ҚожаАхметЙассауикүмбезінде»жерленген батыр (Бөгенбай) 9. ҚРКонституциясыбойыншамемлекеттікбиліктіңкайнаркөзі (халық) 10. Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады? (саналы адам)Ү-айналым. «Елімніңертеңіжастаркөзімен» (Әр топ Қазақстандыенді 25 жылданкейінқалайелестетеді, суретпейбейнелейді). Дайындыққа 10мин уақытберіледі, уақытаяқталғандажұмыстарынқорғайды. Жақсышыққанеңбектеріне 10 ұпайдан .  Жанкүйерлерге сұрақтар:1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)3.«Қазақ» газетін шығарған кім? Байтұрсынов4.Тұңғыш қазақ оқулығын ата? «Қазақ хрестоматиясы»5.Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? Байтұрсынов6.Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? Тәуке хан7.Алакөл шайқасына қатысқан батыр? Қабанбай8.Тұңғыш қазақ көркем фильмі қай жылы түсірілді? 19389.«Алтын Адамды» тапқан кім? Кемел.Ақышев10.Ж.Жабаевтың өмір сүрген жылдары? 1946-194511. Шоқанның өмір сүрген жылдары? 1835-186512 Тұңғыш қорық? «Ақсу-Жабағылы»13.Шешендік өнер нешеге бөлінеді? 3-ке14. Әйтеке бидің шын аты? Айтық15. Орта жүздің биін ата? Қазыбек би16. Алғашқыдеректіфильмдерқайжылданбастаптүсірілді? 1938 жыл17. Еділесімітарихтақалайаталыпкеткен? Атилла18. Тәукеханныңтұсындағыүшжүздіңбиіната? Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би 19.Шоқанныңшынаты? Мұхамедханафия20.Абайдыңшынаты? Ибраһим21.Қазақстанныңастаналары? ОрынборҚызылордаАлматы,Астана22. ҚазақстанРеспубликасыныңмемлектеттікрәміздеріқабылданғанжыл? 1992 жыл 4 маусымІҮ.Әділ қазылар қорытындысы, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау. Сонымен сайсымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Бағалаупарағы

ТоптарТоппентаныстыруАтынқорғау,ұранынайтуТарих сыр шертеді топтарға 6 сұрақтан беріледі«Алтын қақпа» (әр қақпаның астында тарихта елеулі ізі бар тұлғалар жасырылған, сол тұлғаларға сипаттама береді) «Кім жылдам?»( капитандар жарысы).  «Елімнің ертеңі жастар көзімен» (Әр топ Қазақстанды енді 25 жылдан кейін қалай елестетеді, суретпей бейнелейді) 
6
7
8
  • ССайыстың шарты:
  • С- Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
  • Ә- әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады
  • 11. Топпен таныстыру.Атын қорғау,ұранын айту2.. «Тарих сыр шертеді» топтарға 6 сұрақтан беріледі3. «Алтын қақпа» (әр қақпаның астында тарихта елеулі ізі бар тұлғалар жасырылған, сол тұлғаларға сипаттама береді) 4. «Кім жылдам?»( капитандар жарысы). 5. «Елімнің ертеңі жастар көзімен» (Әр топ Қазақстанды 25 жылдан кейін қалай елестетеді, суретпен бейнелейді.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.