Тәуелдік жалғау — Қазақ тілі — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені — өлгені; еменнің иілгені — сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер — зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.
Қосымшалар
Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:
Жақ Соңғы дыбыс
Дауысты Дауыссыз
Жуан
буын Жіңішке
буын Жуан
буын Жіңішке
буын
1. I жақ -м -м -ым -ім
2. II жақ -ң -ң -ың -ің
3. II жақ -ңыз -ңіз -ыңыз -іңіз
3. III жақ -сы -сі -ы -і
Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Жекеше түр мен көпше түрдің тәуелденуі
Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.
Мысалы: Бірдің тәжірбиесі — көптің игілігі (мақал); Байлықтың атасы — еңбек, анасы — жер (мақал) деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады.
Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:
Жекеше Көпше
менің ата-м, қалам-ым ата-лар-ым, қалам-дар-ым
сенің ата-ң, қалам-ың ата-лар-ың, қалам-дар-ың