Татулық — достықтың киелі бесігі ашық сабақ — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Татулық — достықтың киелі бесігі
Мақсаты:
Білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау,
сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: Тақырып, Отан, бірлік, достық, ынтымақтастық туралы нақыл сөздер.
Техникалық көрнекілік: видеопроектор
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай? Менің де көңілкүйім тамаша.
-Балалар бүгінгі сабағымызды психологиялық «Бояулар сыры» тренингісімен бастаймыз. Сіздер алдарыңыздада тұрған түрлі түсті қағаздардан өздеріңізге ұнайтын түсті көтеріңіздер. Мен сіздерге таңдаған түстеріңізге байланысты мінездеме айтып беремін.
Сары- дархандылық,
Ақ — білімділікке құштарлық,
Ашық көк пен күрең — ержүректілік,
Жасыл- шыдамдылық,
Қызыл — ақылдылықтың белгісі.
Міне, біздің ортамызда жат мінезді, еріншек, жабырқаңқы оқушылар жоқ екен. Сондықтан сабағымызды дархандылықпен, қабілеттілікпен, білімге деген құштарлықпен бастаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ал, оқушылар, енді қолымыздағы түрлі-түсті парақтарымызда аударып сурет бөлшектерін біріктірейік. Алдымыздағы құрастырылған сурет бойынша екі топқа бөліне қояйық. Оқушылар алдымыздағы суретке қарасақ ойымызға не келеді. Өз ойларыңызды айтыңыздаршы. Әрине балалар биыл Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз тақырыбы: «Татулық- достықтың киелі бесігі».
ІІI. Ақпарат алу
Оқушылар, барлығымыз ұялы телефондарымыздан интернет желісіне қосылу арқылы ассамблея туралы мәліметтермен қосымша танысайық.
ІV.Постер қорғау.Ары қарай оқушылар сіздер интернет желісінен алған мілңметтеріңізді пайдаланып бойынша постер қорғайсыздар.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс
V. Қорытындылау.
Еліміздегі татулықты, достықты, ұлтаралық келісімді биік ұстап, Отанымыздың одан әрі қарыштап дамып, көркейюіне өз үлесімізді қосайық. Сіздерді де, елге лайықты азаматы мен азаматшасы болады деген сенімдемін.