Тәртіп тәрбие бастауы шығарма — Шығарма
Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып, абыройынан айырылып қалатын жәйіттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан білімді болған жөн деседі. Білім алғанның бәрі жақсы тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын — ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды. Халқымызда “Ақылдыға ерсең адаспайсың” деген тәмсіл бар. Ата-ана мен аға буындардың ақылын алып, солар сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса, жас жеткіншектерге тәлім -тәрбие мүлдем қалыптасады. Бірақ оларға тіршілік еткен ортадан әсер ететін тәлім- тәрбие де жоқ емес. Әсіресе бала үлкендерге еліктегіш келетінін ескерген жөн.
Баланы дұрыс тәрбиелеу- тек әке-шешенің ғана міндеті емес. Бұл баршаның ісі. Бала-біздің болашағымыз, қоғамның бір мүшесі және оны ары қарай дамытушы, келешек кемеңгері, саясаткер, ел ағасы. Сондықтан баланы инабаттылыққа тәрбиелеу — бәріміздің абзал борышымыз. Тәртіп, баланы салауатты тепе-теңділікпен өмір сүруге үйретеді .Тәртіп баланың дұрыс және терісті, халал мен харамды айыру, өзін бақылау, адамгершілік қарым-қатынастарына шек қоя білу, жақсы жаманды айыра алатын т.с.с сана-сезімдерін қуаттандырады.
Баланың қасында ғайбат сөз айту, оғаш қылық көрсету орасан зор зиянды екендігін біз білуге тиімпіз. “Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады” деген мәтел осыны ескертеді. Аллаһтың іліміне негізделіп, құдіретімен жазылған “Ғалам” атты кітапта: ”Бойдағы ақыл-жігерді ақылмен басқара біліп, ақылы мен ар-ұжданының үніне құлақ асқандар ғана ақиқатқа көз жеткізеді” делінген. Қайсысы пайдалы дегенді сараптаған тура. Ата-бабаларымыздың “қабырғаңмен ақылдас” дегені ісіңді әуелі жақсылап ойланып баста дегені ғой. Сол себептен бала өзі мәселені дұрыс шеше алатын халде болуы керек.”Ашу –дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос” деп тегін айтпаған бабалар.
Мұсылманның міндеті салауатты істен таймау болып табылады. Парасатты әрекет- адамның өз іс-әрекеттері мен ұстанған жолының ең жақсы, ең дұрыс жол екеніне кәміл илана отырып, көңілін өзгелерге деген жаман пиғылдан таза ұстауын білдіреді. Ардақты Пайғамбарымыз:”Бір-бірлеріңе теріс қарамаңдар, кек сақтамаңдар, бір-бірлеріңді көре алмай жүрмеңдер, қарым-қатынастарыңды үзбеңдер, ей, Аллаһтың құлдары, дос болыңдар”-деп ескерткен.Бұл хадистегі тәрбиелік мән. Әр адамның тағдыры тәрбиеге тығыз байланысты. Жақсы тәрбиені әр адам ерінбей жалықпай бәр күш ынта жігерін жұмсап барып өзі тауып алады.Жақсы тәрбиелі адам жырғаулы өмір сүре алады.Яғни басқаға кіріптар болмайды. Ақылсыз бала теріс тәрбие алады да өмірі күңгірт, көлеңкелі болады. Қысқасы күлдікөмеш өмір кешеді деген сөз. “Тәрбие тал бесіктен” емес, тіпті, ана құрсағына бала пайда болған кезден басталатындығы ғылымда анықталған.Баланың тәрбиесіне әке-шешесінің атқаратын рөлі орасан зор. Ата-ана бала тәрбиесінің негізін дұрыс қалап берсе олар арықарай өзін өзі алып кетеді.Егер алғашқы мағлұмат тәрбиені дұрыс бере алмаса бала теріс тәрбиелі болады.