Тарихи таным
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 7 сынып
Тарих пәнінен интелектуалды сайыстар ұйымдастыруда қажет
ХХІ ғасыр көшбасшысы (интелектуалдық сайыс).
Мақсаты:
Білімдік: Интелектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи
білімдерін дамыту.
Дамытушылық: қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндеріне оқушылардың
қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін
нығайту, тарихи зердерлік, зияттылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп
жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып,
оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс
қалмауға баулу.
Өткізілу
формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интелектуалдық бағдарлама негізінде.
Мұғалім сөзі: Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен-ақ адамзаттың дамуымен
қалыптасу жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық,
тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұсынумен келеді. Бұл
тұрғыдан қазақ халқы да кем емес. Ұлы Абай, Ыбырай, Шәкәрім
сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі
еш ұмытылмақ емес. Ал Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Біз өмір
бойы жететін білім алу моделіне көше алуға тиіспіз — деп
білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Енедеше,
құрметті жас достар! Білім мен ғылым бәсекесі туындаған ХХІ
ғасырдың тәуелсіз егеменді еліміздің көшбасшылары білім
додасына қош келдіңіздер! Ата-бабаларымыз қолымен келген
қасиетті тәуелсіздікті берік етер, іргесін сөкпей, алдыңғы елу
елдің қатарына жетелер ХХІ ғасырдың Қазақстандың
көшбасшылар, құрметті қонақтар өткізілетін мектепішілік
Тарихи таным атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік…
Сайысымызды білімі мен тапқырлығымен сыналатын
қатысушыларымызбен таныстырар болсақ,
№1 қатысушы
Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске.
№2 қатысушы
Досқа жан тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа барынша ұмтылуда білім де керек.
№3 қатысушы
Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.
№4 қатысушы
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
№5 қатысушы
Бақытты болашақтың қамы үшін , барымды саламын тәуелсіздік таңы үшін.
№6 қатысушы
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені.
Ал, енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық:
І. Бәйге бөлімі (Оқушылар сұрақтарға жауап береді)
ІІ. Тіл – өнер (Тарихи терминологияларға қатысты сұрақтар қойылады)
ІІІ. Қасиетті жетілік (киелі жетіге байланысты сұрақтар қойылады)
ІҮ. Көкпар бөлімі (Жұмбақ сандардың астындағы сұрақтарға жауап береді)
Ү. Жорға (Жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге он-оннан сұрақтар қойылады).
Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынцариннің Бір Аллаға сыйынып , кел балалар оқылық дегендей, Бір Аллаға сыйынып, сайысымызды бастайық.
Сайысымыздың І бөлімі Бәйге деп аталады. Мұнда әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапты құрметті әділқазылар алқасы 1 ұпайға теңестіреді.
1 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
А) Оғыз мемлекетінде жоғарғы билеушіні қалай атайды? (Жабғу)
Б) Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим)
В) Тарихтың атасы кім? (Геродот)
Г) Қимақтар қай ғасырда Ислам дінін қабылдай бастады? (Х ғасырда)
2 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
А) Орта ғасырлар тарихы қай кезеңінің аралығын қамтиды? (ҮІ-ХҮІІ ғ.)
Б) Феодал дегеніміз не? (Орта ғасырлардағы жер үлесінің иесі)
В) Тараз қаласындағы кесенелерді ата? (Айша-бибі, Бабажа-Қатын, Дәуітбек, Қарахан, Тектұрмас)
Г) Исфиджаб қаласының қазіргі атауы? (Сайрам)
3 – сайыскрге қойылатын сұрақтар:
А) Түрік қағанаты қашан құрылды? (552 жылы)
Б) Түргештер туралы алғашқы деректер қай жазбаларда кездеседі? (Күлтегін ескерткішімен Қытай жазбаларында)
В) Сардоба деген қандай құрылыс? (Құдық үстіне салынған ғимарат)
Г) Түрік қоғамында тат деп кімді айтқан? (Құлды)
4 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
А) ҚР – да Халық қаһарманы және Ғасыр адамы жоғары атағын иеленген қайраткер? (тоқтар Әубәкіров)
Б) Қазақтың тұңғыш шешені кім? (Жиренше ХҮ ғ.)
В) ҚР – сы қандай меелекеттермен шектеседі? (Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Қытай, Түркіменстан)
Г) Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130-ға жуық)
5 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
А) Бүгінде Қазақстанды әлемнің қанша мемлекеті таныды? (120)
Б) Қазіргі ҚР әнұран авторлары? (Ж.Нәжімединов, Н.Ә.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)
В) Құтты білік дастанын 30 жыл дайындап, бір жарым жылда жазып шыққан қай ғалым? (Ж.Баласағұни)
Г) Көшпенділер трилогиясының авторы кім? (І.Есенберлин)
6 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
А) Қазіргі таңда қазақтың қандай демограф ғалымын білесің? (Мақаш Тәтімов)
Б) ҚР-да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген? (1995 жылы 15 қарашада)
В) Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
Г) Қазақ хандығының 1456 жылы негізін салушы хан? (Керей хан)
Сайысымыздың келесі бөлімі Тіл – өнер деп аталады. Мұнда тарихи терминологияларға қатысты сұрақтар қойылады. Жауапты кім бірінші болып тапса, сол сайыскер бұл сөздің орысша және ағылшынша баламасын табады. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай, орысша – 2 ұпай, ағылшынша — 3 ұпай алады.
1. Тұрақты халқы, нақты аймағы, басқару механизмі айқын, басқа елдермен қарым-қатынас жасай алатын, білікті жүзеге асырушы заңды түрде құрылған адамдар бірлігі қалай аталады? (Мемлекет – государства – country)
2. Екі немесе одан да көп мемлекеттің әскери күштерінің немесе бір мемлекеттің ұйымдачтырылған қарулы топтарының арасындағы ұзаққа созылған ұрыс? (соғыс – война – war)
3. Терісінің түсіне, бет әлпетінің ерекшеліктеріне, шаш құрылымына, сөйлесуіне, өзге де ерекшеліктеріне қарай адамдар тобын кемсіту қалай аталады? (нәсілшілдік – расизм – rasism)
4. Саяси қарсыластарға қарсы қолданылатын саяси бақыылау, қадағалау, заңсыз түртпектеу саясаты қалай аталады? (қуғын-сүргін – репрессия – repression)
5.ҮІ – ХҮІІІ ғасыр аралығындағы Қазақстанның ежелгі дәуірдегі тарихынан алатын қазақ тайпаларының басын қосып, этникалық аумақта біріктіріп, алғаш құрылған қазақ хандығының тәуелсіз ел болып қалыптасуы туралы қай кезеңге тән? (Орта ғасыр – средневековые – mediеval)
6. Ортағасырлар тарихы қанша кезеңге бөлінеді? (үш – три – three)
Сайысымыздың іріктеу (ұпайы төмен екі сайыскер ойыннан шығады).
Сайысымыздың келесі үшінші бөлімі Қасиетті жетілік деп аталады. Қазақ халқы жеті санын қасиетті деп есептеген. Мысалы: Жұт жеті ағайынды, Жеті жұттың тілін біл, Жеті қазына және т.с.с. киелі жеті ұғымын түрліше терең тамырландырады.
Олай болса Жеті атасын білмеген ер, жер жұрттың қамын жер деп білім тұлпарларын Қасиетті жетілік ойынына шақырамыз. Толық дұрыс жауап 2 – ұпай.
1 – сайыскерге:
Жеті қазынаны ата? (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
2 – сайыскерге:
Жеті ғаламды ата? (Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер,
жерасты)
3 – сайыскерге:
Жеті жұтты ата? (Құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)
4 – сайыскерге:
Жеті атаны ата? (Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)
Сайыстың бұл бөлімінен кейін ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығады.
Сайысымыздың келесі бөлімі Көкпар деп аталады. Сайыскерлерге жасырын сандар беріледі. Бұл сандардың астарында сұрақтар берілген. Осы сұрақтарды таңдау әр сайыскердің өз таңдауында.
1. Тараз қаласындағы Рабад жерінде, қарахан мазарынан шығысқа қарай орналасқан, ХІІІ ғасырда қаланған сәулеттік ғимарат. Бұл кімнің кесенесі? (Дәуітбек)
2. Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған сәулет өнерінің ғажайып туындысы? (Қожа Ахмет Йасауи кесенесі)
3. Тараз қаласының оңтүстік жағында 20 шақты шақырым жерде Аса өзенінің жағасында орналасқан ғимарат? (Айша бибі)
Тәуелсіз елімнің тұғыры.
1. ҚР-ның тіл туралы заңы қашан қабылданды? (1997 ж. 17 – шілде)
2. ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 4 – тарауында не айтылған? (Меншіктің барлық түрлерімен теңдігіне негізделетін экономикалық жүйе туралы)
3. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы? (Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты)
Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар.
1. Белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың таоихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын – Тарихи Рашидидің, Джаһаннаме дастанының авторы? (М.Х.Дулати)
2. Қазақ халқының әскери қайраткері, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының батыры, Ұшқан ұя кітабы үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған кім? (Б.Момышұлы)
3. 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 15 жасынан-ақ ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен және қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты би? (Төле би)
Көкпар додасында ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.
Ал келесі Ү бөлім Жорғада әрбір сайыскерге он-оннан жедел сұрақтар беріледі.
1 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Ерте ғасырда Сайрам қаласы қалай атады? (Исфиджаб)
2. Жеті жарғы заңдар ережесін кім шығарды? Тәуке хан)
3. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
4. ҚР-да рәміздер қашан қабылданды? (1992 жылы)
5. Ислам дінінің негізін салушы? (Мұхаммед пайғамбар)
6.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
7. 31-мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)
8. Украинадағы конкурста (Әлия әнімен бас жүлде алған әнші? (Роза Рымбаева)
9. Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді? (603 жылы)
10. Қарахан мемлекетінің тарихи уақыты? (942-1212 жылдар)
2 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Мұсылмандық жыл санау қалай аталады? (Хижра)
2. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
3. Қазақ тарихында тұңғыш биші қыз (Ш.Жиенқұлова)
4. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)
5. екінші рет конституция қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)
6. Қазақтың тұңғыш тарих профессоры кім? (С.Асорендияров)
7. Вакуф дегеніміз не? (дін иелелерінің жерлері)
8. Қорқыт ата күмбезі қазіргі таңда қай жерде орналасқан? (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында)
9. Ислам діні қай ғасырларда пайда болды? (ҮІ-ҮІІ ғ.)
10. Түрік қағанаты қай жылы ыдырады? (603 жылы)
Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазылар алқасына сөз береміз.
Сонымен, сайысымыздың нәтижесі белгілі болды. ХХІ ғасыр көщбасшысы болып анықталды.
Ендеше, бүгінгі Тарихи таным атты интеллектуалдық, тарихи-танымдық сайыс: ХХІ ғасыр көшбасшысы тәмандалды.
Білімдарлар бәсекесі – ХХІ ғасырда өз үлестеріңді табуларыңды тілеймін
5
15
10
кесенелер
5
Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар
Тәуелсіз елімнің тұғыры
15
10
15
10
5
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.