Home Білім Тәрибе сағаты: Құқық бұзушылықтың түрлері

Тәрибе сағаты: Құқық бұзушылықтың түрлері

0
615

Тақырыбы: Құқық бұзушылықтың түрлері

Мақсаты: Студенттерге құқық бұзушылықтың мәнін түсіндіру. Құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстыру арқылы заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру. Тәртіптік,азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.

Құқықбұзушылық – міндеттер нормасын бұзатын, заңға қайшы іс – әрекеттер. Құқықбұзушылықтың түрлері: тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық. 1. Тәртіптік құқықбұзушылық-бұл оқу орындары, әскери бөлімдер, мекемелер бекіткен оқу, еңбек, әскери тәртіпті бұзу.

Мысалы: сабаққа кешігу, сабақта сөйлеу, мұғалімге қарсы келу ….

Тәртіптік жазалау:

  • Ескерту;
  • Сөгіс;
  • Жұмыстан шығару…

Құжаттар:

Еңбек кодексі, ішкі тәртіп ережесі,    мектеп жарғысы,  әскери жарғы …

  1. 2. Азаматтық-құқықтық құқық бұзушылық-мүлік саласында және соларға қатысты жеке мүліктік емес қарым-қатынастарды және міндеттерді орындамау немесе өз деңгейінде орындамау құқықтық мөлшерін бұзу.

 Азаматтық-құқықтық құқық бұзушылық-сапасыз тауарды сату, уақытылы қарызды төлемеу, келісім шартты бұзу, ар мен абыройына соқтығу (балағаттау, жаман сөздер айту)…

Құжат: Азаматтық кодекс (АК).

Жазасы :

  • Ақы төлеу;
  • Шығынның орнын толтыру;
  • Моральдық шығынға өтем төлеу…

Жауапкершілік толығымен

18 жастан басталады,

кейде 14 жастан.

  1. 3. Әкімшілік құқық бұзушылық-жеке және заңды тұлғаның заңға қайшы іс-әрекеттері үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы тағайындалған

әкімшілік  жауапкершіліктер.

Әкімшілік құқық бұзушылық-ұсақ ұрлық, ұсақ тәртіп бұзушылық, жолда жүру ережесін бұзу, қоғамдық орындарда психологиялық белсендіргіш заттарды пайдалану …

Әкімшілік жаза:

  • Әкімшілік ақы төлеу;
  • Әкімшілік қамау.

Құжат: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс

Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан, психологиялық белсендіргіш   пайдаланғанда 14 жастан басталады.

  1. 4. Қылмыстық құқық бұзушылық – (қылмыс)-Қылмыстық Кодексте тыйым салынған қоғамға қауіпті іспен айналысу.

Қылмыстық белгілер:

1.Қоғамдық қауіп;

  1. Шындыққа қайшылық;
  2. Кінәлілік;
  3. Қылмыстық жазалаушылық.

Қылмыс-Тонау, ақша жинау, тартып алу, лаңкестік  іс, ұрлық,кісі өлтіру,

нашақорлық  заттарды жасау, сақтау және сату…

Құжат:

Қылмыстық  Кодекс (ҚК)  Толық қылмыстық жауап беру 16 жастан, кейін іс –әрекет үшін 14 жастан басталады.

Құқық бұзушылық — биологиялық, физиологиялық, технологиялық

ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі немесе құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез — құлық.

Құқық бұзушылықтың екі зияны бар.

Құқық бұзушылықтың мәні — оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады.

Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді: қылмыс, теріс қылық.

Қылмыс – қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет.

Теріс қылмыс – қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

Сұрақ-жауап: 1. Құқық бұзушылыққа жатқызуға болмайтын  іс-әрекеттер бар ма?

Бұл шешіміңді түсіндір.

 

Тест

  1. Құқық бұзушылық дегеніміз?

А.  биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі

В. құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-құлық

С. екі нұсқа да дұрыс

  1. Құқық бұзушылықтың қанша зияны бар?

А. Екі

В. Үш

С. Оданда көп

  1. Құқық бұзушылықтың мәні?

А. қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді

В. басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады.

  1. Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты қанша топқа бөлінеді?

А. екі

В. үш

С. төрт

  1. Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты түрлерін ата?

А. Қылмыс, тәртіптік

В. Теріс қылық, әкімшілік

С. Қылмыс, теріс қылық

  1. Құқықбұзушылықтың түрлерін ата

А. Тәртіптік, азаматтық-құқықтық

В. Әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық

С. Тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық

  1. Қылмыс дегеніміз?

А. қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет

В. қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық

  1. Теріс қылық дегеніміз?

А. қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет

В. қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық

Рефлексия. Қорытындылау.

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды!