Тәрбиешілік — қиын да қызықты мамандық

0







Құрметті ұстаз тілегі сайтының қолданушылары. 05-06.02.2019ж. аралығында сайтта жөндеу жұмыстары жүреді. Сондықтан осы уақыт аралығында сайтта кейбір беттер дұрыс көрінбеуі мүмкін. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тәрбиешілік — қиын да қызықты мамандық

Автор: Смайл Сәуле Сүлейменқызы

Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-02-06


Материал туралы қысқаша түсінік

Тәрбиешілердің жасап жатқан еңбегі жайында




Тәрбиешілік – қиында, қызықты мамандық. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп – мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан – тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән – мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі. «Кәсібің — нәсібің» деген қазақ даналығы. Шын жүректен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой – бедеріңді, қоғам алдындағы құрметіңді еселей аласың. Ал, тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам ұшін қаншалықты маңызы барлығын. Сол кәсіптің таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді. Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Тәрбиешілер қай кезде болмасын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Бала – болашағың, әрі өсіріп, баптап отырған бәйтерегің. Бүгінгі бүлдіршін – еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Бірақ, бала тәрбиесі оңай іс емес. Ал, сол сәбилердің қызығы мен шыжығын көріп, еркелігін көтеріп, анасындай бауырына басқан, тәрбиеші қауымның атқарар ісі мен көтерер жүгі ауыр да жауапты. Сөзімді қорыта келгенде, «Бағбанның ағашы, балабақшаның баласы» , — яғни, біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.

Смайл Сәуле Сүлейменқызы«Бидайық негізгі мектебі»КММ-сінің Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.Жангелдин ауданы, Бидайық ауылы.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.