Тәрбиедегі әкенің орны балабақшадағы семинарлар
«Тәрбиедегі әкенің орны»
(бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның байланысы)
Балабақша мен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың жан-жақты дамуы, денсаулығы, тәрбиесі, жетістігі тұрады. Отбасында және балабақшада кішкене сәби айнала қоршаған дүние жөніндегі бастапқы ұғымдарды меңгереді, өнегелі тәрбие алады. Балабақшада ата-анамен бірлесе жұмыс жасау тәрбиеші жұмысын жеңілдетіп, баламен қарым-қатынасы жақсарып, оң нәтижелер береді.
Ата-анамен бірігіп жұмыс жасауда №10 Балабақшада «Тәрбие көзайымы» орталығы жұмыс жүргізеді.. Орталық жетекшісі ортаңғы топ тәрбиешісі Қияс Ардақ жұмысты әр түрлі бағытта жүргізіп, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып өткізеді. «Асыл қасиет-анадан, өнеге алу-әкеден» дегендей, әр шаңырақтағы әкенің орнының ерекшелігі, отағасының әділ ұстамды болуы, отбасындағы әке жауапкершілігі жайында жақында «Тәрбиедегі әкенің орны» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бала дамуына қайшы іс-әрекеттер жөнінде педагогикалық-психологиялық жағдаяттар оқылып, оны шешу үшін бірге ынтымақтаса отырып пікір алысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында Қуандық аға,Әбдірахман аға, Берік аға, Мейрамбек ағайлар бала тәрбиесі жөнінде өз пікірлерін жақсы жеткізіп, берілген тапсырмаларды ұқыпты орындады. Әкелер өз тарапынан балалармен жүргізілген оқу іс-әрекетіне, психологиялық көрініс, тренинг барысында өз ризашылықтарын білдірді. Осы өткізілген іс-шара арқылы төмендегідей жақсы нәтижеге жеттік.
1) Әкелердің балабақшадағы оқу іс-әрекетіне қызығушылығы артты.
2) Тренинг барысында белсенділік көрсетті.
3) Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі артты.
«Адам –бақыты бала, егер ол саналы болса». Егер ата-ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болып,балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұрпақтары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
№10 Балабақша әдіскері
Гүлжан Қуантаева Нұрадинқызы
Алдашбай ахун ауылы.
Қармақшы ауданы.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!