Тәрбие сағаты, технология сыныптан тыс жұмыс
Технология пәнінің мұғалімі
Нургалиева Баян Тулеуовна
Тақырыбы: Үйретсеңіз балаға, еңбегің кетпес далаға
Мақсаты: Қазақтың тұрмыста қолданатын ұлттық бұйымдарын біліп, оларды әшекейлеуді, сапалы өнім дайындауда шеберлікке, ұқыптылыққа үйрету, қолөнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ — жауап, практикалық жұмыс.
Түрі: сабақтан тыс сабақ
Көрнекілігі: әртүрлі әдісте жасалған бұйымдар, интер белсенді тақта
Жүру барысы:
а) сәлемдесу
ә) сабаққа дайындығын тексеру
б) түгендеу
2. Мұғалім сөзі: Халқымыздың өнегесін, әдет — ғұрпын насихаттау күн тәртібіндегі мәселе. Мектеп оқушыларына халық өнерінің шығу тарихынан нақты білім беру, қолөнер иелерінің жасаған еңбектерін қастерлеу, олардың әдіс тәсілдерін оқушы бойына дарыту мақсатында бүгінгі «Үйретсеңіз балаға, еңбегің кетпес далаға» атты шағын шеберлер сыры кешін тамашалаңыздар.
/Музыка ойнап тұрады./
3. 1 — ші жүргізуші. Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Қай халықта болмасын мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол халықтың өзіндік өмір тіршілігіне белгілі өнер түрінің ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан — ұрпаққа жетіп, жалғасып дамығанын көруге болады.
2 — ші жүргізуші. Дұрыс айтасың, Мадина. Тарихи — ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқандықтан, тұрмыс тіршілігінде оның шикізатын пайдаланып, қолөнер бұйымдарын жасауды кәсіп еткен, жастарға үйреткен.
1 — ші жүргізуші. Байқаймын, Ақбота, сенің сөзіңе қарағанда, бүгінгі «Үйретсеңіз балаға еңбегің кетпес далаға» деп аталуына байланысты қолөнерді үйреніп меңгерген оқушылар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы секілді.
2 — ші жүргізушісі. Ендеше, Мадина бүгінгі қонақтармен бірге шеберлер елін шолып шығайық.
/Сахналық қойылым. Қызын еріткен келіншек шебер әжейге келеді/
Келіншек – Жүре ғой, қарағым, «Қызың өнерлі болсын десең шеберге қос» демекші, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата кәсіпке баулу үшін сені шеберге қосып, халқымның мәдениетін дамытушы жас ұрпақ етіп өсіргім келеді.
— Жүре ғой, ботам, жүр, /баяу музыка ойнайды, іс тіккен шеберлер отырады/
— Есенсіз бе, әжей?
Әжей: Ә, сен бе, қарағым, келе ғой
Келіншек: Әжей, сіздің қолөнерді шебер меңгерген шәкірттеріңіз бар екендігін естідім. Сөйтіп сіздің алдыңызға шеберлікке, өнерге үйренсін деп мына қызымды алып келдім.
Әжей: Жарайды, қарағым. Иә, сен айтқандай, менің шеберлігімді меңгерген қыздарым бар.
— Келе ғой, қарағым, сені олармен таныстырып, ұлттық қолөнердің қыры мен сырын түсіндіріп, көптеген бұйымдарды қолмен тоқып, тігіп және оларды тұрмыста қолдануды үйретейін.
Әжей:
— Ал қарағым жүр, «Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді» демекші, бұл кесте өнерін меңгерген шеберлер.
— Қыздар, мына қызға кесте тігуді үйретіңдер.
Кестеші: Қазақ халқының тұрмыс — тіршілігінде кесте және көркемдеп тігу, ою — өрнекті әшекейлеу кеңінен қолданады.
— Кесте кергішке керілген матаға ою — өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Айқас кесте ХVII ғасырда Ресей елімен сауда — саттық жүргізу кезінде келіп енген болатын. Сондай — ақ, үлгі бойынша
өрнектің үстіне мәнерлеп әр түрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып тігуді маржандап кестелеу дейді.
— Қане жақын отыр, кесте тігеміз./қызға кесте тігу үйретіледі, жүргізушілер сөз кезегін алады./
Қыз:
— Қандай жақсы, сізден кесте тігуді де үйрендім
Жүргізуші:
— Ақбота, қазақ қыздары тек шебер ғана емес, іс тіге отырып ән де салған
— Ендеше, 7 «А» сынып оқушысы Айдана сіздерге бір ән айтып берсін.
Әжей:
— Қане қызым, енді жапсырмалау өнерін үйренейік, ал шеберлер енді сендер
жапсырмалауды үйретіңдер
Шеберлер:
— Жарайды әже, жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста, орта Азияда жақсы дамыған. «Жапсырма», «аппликация» латынның жабыстыру, қиыстыру деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі:
1) Түрлі — түсті қағаз, қатты картонмен орындалған жапсырма;
2) Әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп т. б қолданумен орындалатын жапсырма;
3) Табиғи материалдармен ( сабан, ши, қамыс, дәндер т. б) қолданумен орындалатын жапсырма;
Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бір — екі түстен құрақ құрап, жапсырмалау
— Ал енді жапсырмалап үйренейік.
Қыз:
— Қалай шебер жапсырмалайсыздар, сізден де көп өнер үйрендім. Енді «Ою ойғанның ойы ұшқыр» дегендей ою оюды үйренейін.
Әжей:
— Міне, ою — өрнек шеберлері. Ал шеберлер мына қызды да осы өнермен сусындатыңдар.
— Қазақтың әшекейлі қолөнері өте көп. Соның ішінде көп тарағаны — ою — өрнек.
Қазақтың ою — өрнектерінің түрлері де, аттары да көп.
— Ою — өрнектер қолөнер бұйымдарының қолданылады. Мысалы: киіз, текемет басу, түскиіз тігу, сырмақ сыру, құрақ құрау.
Оюшылар:
— Ал енді өзің ойып көрші /Қызға ою — оюды үйретеді/
Жүргізуші:
— Қарашы қандай керемет өнер туындылары, енді биші қызымыздың шеберлігін тамашалайық. Жанардың орындауында «Толқыма» биі.
Әжей:
— Міне енді, қарағым, енді сен де қолөнер шеберлігін меңгерген жас шебер болдың, саған және осы отырған барлықтарыңызға еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.
Жүргізуші:
— Халқымыз қыздарының шашын өсіріп, алты, төрт, екі өрім етіп өріп, ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау тағып, әдемілікке баулыған. Қос бұрым сұлулықтың белгісі деп танылған. Бүгінгі уақытта да шаштарын өсіріп, өріп жүрген құрбыларымыз арамыздан көптеп табылады. Ол құрбыларымыз бізге ұлттық дәстүрімізді сақтап, шаштың сұлулығын марапаттап жүргендей көрінеді. Ұзын шашты күту қысқа шашқа қарағанда жеңіл, себебі өрілген шаш іс — әрекетке кедергі жасамайды.
Ортаға 6 А, Ә, Б, В, Г сыныптарының бұрымды қыздарын шақырайық!
/Музыка ырғағымен ортаға бұрым үлгілерімен қыздар шығады. /
Жүргізуші:
— Қазақ қолөнерін оқушылар мектеп жасынан бойына сіңірсе, болашақта олардан қазақ қолөнерін дүние жүзіне танытатын үлкен шеберлер шығарына сеніміміз мол.
Осымен, «Үйретсеңіз балаға, еңбегің кетпес далаға» атты шағын шеберлер сыры кеші аяқталды.