Тәрбие сағаты «Қызым -қызғалдағым»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тәрбие сағаты «Қызым -қызғалдағым»

Автор: Муканова Мирамгуль Айгалиевна

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 10 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-14


Материал туралы қысқаша түсінік

сынып жетекшілерге




І. Сабақтың тақырыбы: Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы Сабақтың мақсаты: оқушыларға қыз баланың өмірдегі орнын, қызды қадірлеу арқылы өз ұлтының болашағын қадірлеумен бірдей екенін түсіндіру. Сабақта қолданатын әдістер: болжау стратегиясы, пікір алмасу, Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. «Болжау стратегиясы» арқылы бастау. қыз бала туралы мақал –мәтелдер мен нақыл сөздерді құрастыру арқылы сабақты бастау. Қыз –ұлттың шырағы Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді түзетеді. Қызға бергенді Қыдыр өтер.балалар , бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай?Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.бейнеролик көрсету. №1 Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса-ас көп»,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі.Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.бейнеролик көрсету. №2 -әйел құқығына тоқталатын болсақ, Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және отбасындағы тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізді деп айта аламыз. Бұл Конституциямыздың және «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу» туралы заңының іске асырыла бастауына да байланысты десек, артық айтқандық емес. Тек бұл ғана емес, сонымен қатар, еліміз 1997 жылдан бастап әйелдердің ар-намысын қорғаушы әрі құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, конституциялық қағидаларды біртұтас жүзеге асыруды көздейтін, яғни әйелдердің жағдайларын жақсарту туралы мемлекеттік саяси тұжырымдаманы іске асыруда, 1998 жылы 29 маусымда егеменді еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» конвенциясына қосылды. Сөйтіп, Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің барлық түрінен қорғауға міндеттеме алды. Біздің еліміз әйелдерді қорғау туралы аталған конвенцияға қосыла отырып, өзіне үлкен жауапкершілік жүктегені белгілі. Бұған қоса 1998 жылы 22 желтоқсанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Ұлттық комиссия қызметінің негізгі бағыттарында: әйелдердің саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан алға басуы, әйелдердің және олардың отбасының денсаулығын жақсарту, сондай-ақ, әйелдерге қатысты кемітушіліктің барлық түрін жою атап көрсетілді. Осыған сәйкес, Президентіміздің тікелей нұсқауымен 1999 жылы 19 ақпанда Ішкі істер министрлігінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлім құрылды. Олардың қызметі – әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолдарын кесу болып табылды. –Ата Заңымыздан бастап, еліміздің барлық заңдарында, ең алдымен, адамның құқығы басты назарда тұрады. Осыған орай кез келген адам зорлықты, азапты, ар-намысына кір келтіретін ешқандай жазаны шекпеуі қажет дейміз. Конституциямызда адам құқын және оның абыройын қорғау қағидасы бар. Соған орай 17- бапта былай жазылған: «Ешкім зорлықты, азапты, адамның абыройына кір келтіретін басқа да қатаң қарым-қатынасты немесе жазаны шекпеуі тиіс». Әрине, тек біздің елімізде ғана емес, көптеген мемлекеттерде тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмауда бірқатар заңдар бар. 2009 жылы желтоқсанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу амалдардан әрі қарай жетілдіру мақсатында дайындалған «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» заңы да күшіне енді. Қазіргі кезде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен зардап шеккен әйелдердің мәселесіне аса көңіл бөлінуде Мәселен, Алматы қаласында заң қабылданғаннан кейін 30-дан астам қылмыстар, яғни тұрмыстық қылмыс екі есе төмендеді. Бұған қоса, айтылатын тағы бір жайт, отбасындағы зорлық-зомбылық барлық әлеуметтік топтар мен ұлысқа, әртүрлі жас деңгейіне, қала мен ауылға бірдей дәрежеде қатысты. Ол әйел мен ер адамның отбасын құрғаннан кейін уақыт өте пайда болады. Отбасындағы жанжалдар ұрыс-керістен, қызғаныштан туған теріс қарым-қатынастан, психикалық аурудың асқынуынан, сонымен қатар ішімдікке құмарлықтан пайда болады. Президент Н. Назарбаев өзінің Жолдауында әлеуметтік саясаттың негізгі құрамдық бөлігі ана мен баланы қорғау дей келе: «Мені қобалжытатын жағдай жанұядағы ана мен балаға қатысты тұрмыстағы зорлықтың артуы. Және айтатыным, мұндай зорлықты бірден тоқтату керек», деді. Нұрлан Өнербаевтың «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін тыңдайық. Қыз балаға қатысты нақыл сөздер мен мақал –мәтелдерге тоқталайық. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.Атың жақсы болса,Ер жігіттің пырағы,Балаң жақсы болса,Жан мен тәннің шырағы.Қызың жақсы болса,Жайқалып өскен құрағы.Әйелің жақсы болса,Бірінші — иманың,Екінші — жиғаның,Үшінші — ырысыңның тұрағы.Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман.Жақсы қыз — жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.Қызды асырап білмеген күң етер, Жібекті түте алмаған жүн етер.М.Мақатаев «Әйелдер –ай, әйелдер» атты өлеңін тамашалайық. Ойланайық пікірлесейік.

  Ұлдарға сұрақ:

 1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай  кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.) 3. Қызға қандай қылық жараспайды?   (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегеніөтірік айтқаны) 4. Қыздарға арнап мақал айт( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас,қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер) 5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болсасыпайы, биязы  болса  )   Қыздарға сұрақ: 1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса,                                                     Қар үстінде от жанар                                                     Атадан жаман ұл туса,                                                     Ат үстінде ит қабар     Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік) 3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл     адамгершілігі мол), 4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиісл  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп   ойлаймын)5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?     (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,Адам бол! Болма адамның көлеңкесідеп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұлқызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.Пугачев мектеп –балабақша кешені

Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы

10 «а» сынып жетекшісі: М.А. Муканова

2018-2019 оқу жылы

Қыз – ұлттың шырағы Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді түзетеді. Қызға бергенді Қыдыр өтер.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.