Тәрбие сағаты «Менің тұңғыш Президентім!» 6 сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тәрбие сағаты «Менің тұңғыш Президентім!» 6 сынып

Автор: Магауиянова Айаулым Ануаровна

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-12


Материал туралы қысқаша түсінік

Тәрбие сағаты орта буын оқушыларына арналған. Әсіресе желтоқсан айында өтетін мейрамдарға байланысты сыныптан тыс іс — шара ұйымдастырғанға қолайлы. Берілген тапсырмалар топпен жүзеге асады және оқушының шығармашылық ой — өрісін дамытуға ықпалын тигізеді деп айтуға болады.




Шығыс Қазақстан облысыӨскемен қаласы «№27 орта мектеп» КММҚазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміМагауиянова Айаулым Ануаровна МЕНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМ!(тәрбие сағаты) Сынып сағатының мақсаты: 1. Білімділік — оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан — жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегіне талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;2. Дамытушылық — жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту;3. Тәрбиелік — елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойындағы демократиялық құндылықтарды түсінуге және бағалауға тәрбиелеу. .Көрнекілік: елбасының суреті, рәміздер, қанатты сөздер, бейнеролик, слайд, шарлар. Сынып сағатының барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі:Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.Оқушылармен амандасамын, көңіл – күйлерін сұраймын, түгендеймін, оқушылар үш түсті асықтарды тағдау арқылы 3 – топқа бөлінеді, топ ережесін дұрысбұрыс әдісі арқылы талдайды (балалардың логикалық ойлау қабілеті дамиды және топпен бірлесе жұмыс істеп дағдыланады)

1 – топ қызыл асық2 – топ сары асық3 – топ жасыл асық

Топ ережесі

Ақпарат Дұрыс Бұрыс
1. Әр пікір құнды.
2. Әр қайсымыз өз бетімізбен жұмыс істейміз.
3. Топта тәртіп сақтаймыз.
4. Топта уақытты қадағалаймыз.
5. Топта бір – бірімізге көмектеспейміз.

II. Қызығушылығын ояту:https://www.youtube.com/watch?v=kWkVIVqPzmg Топтар сабақтың мақсатын алдына берілген күннің суретінің ортасына жазады. Сынып саңатының тақырыбына байланысты білімдерін ортаға салады, талқылайды,

III. Мағынаны ажырату: Әрбір топқа сынып сағатына байланысты ресурс беріледі, оқушылар топта оқиды, талдайды. Әр топ берілген мәтіннің мазмұнын ашатындай фото – постер құрайды, ортаға шығып қорғайды, басқа топтарға фото – постерге байланысты жоғарғы деңгейлі сұрақтар қояды.

1 – топОтбасы және балалық шағыНұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
2 – топҚызмет жолы 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
3- топРеформалары Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті. 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

Ой толғау:Оқушылар сынып сағатының нәтижесін шығару мақсатында РАФТ әдісін қолданады Р – кімге? (Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлына)А – кімнен ? авторы (оқушының аты – жөні)Ф – формасы (хат, баяндама, өтініш, арыз)Т – тақырыбы. Жоғарыда көрсетілеген әдісте оқушылар өз ойларын еркін айтып, қағаз бетіне сауатты түсіруіне ықпал етеді. Берілген уақыт біткеннен кейін балалар жеке тақтаға шығып Елбасына жазған хаттарын оқиды. Балалар сабақтың басында қойған мақсаттарына оралады, күннің шуақтарына Мен бүгін сабақта білдім?Маған сабақта ұнаған әдіс – тәсілдер? Маған сабақтың ұнаған тұстары және ұнамаған тұстарын жазып талдап өтеді.

Кері байланыс: «Тілек ағашы» оқушылар желімденетін қағаздарға сабақты бағалап желімдейді.

Қызыл алма – «5» Сары алма – «3» Құрты бар алма – «2»







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.