Тәрбие сағаты Алтын күз

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

1) Балаларды күздің кереметімен таныстыру.
2) Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:«Алтын күз» жазуы бар плакат, күз туралы суреттер

Алтын күз
Мақсаты:
1) Балаларды күздің кереметімен таныстыру.
2) Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Алтын күз жазуы бар плакат, күз туралы суреттер.
Тәрбиеші:
-Қош келдіңіздер құрметті қонақтар, ата-аналар. Біз бүгін сіздерді Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз! Ертеңгілігімізді бастамас бұрын халқымыз неліктен күзді Алтын күз дейді.Соған тоқтала кетейік.
-Балалар күзде қандай өзгерістер болады?
— Қүз айларын атайық (қыркүйек, қазан, қараша)
Тәрбиеші: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.
(Қыркүйек)
— Күз мезгілінің алғашқы айы-қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.Қойма алтын астыққа толады.
(Қазан)
-Күз мезгілінің екінші айы-қазан. Бұл ай — жиын –терін аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін тойлайтын мереке айы.
(Қараша)
— Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағыннан айрылып, орман-тоғай сирейді. Қара суықтүсіп, қыс демі сезілетін кез.
Жүргізуші: рахмет сендерге күз айлары, сендерде біздің арамызға жайғасыңдар
Тәрбиеші:
Балалар жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз? (Күзде)
Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық!
Күз ханшайымы: (себет,банан жапырқтар)
Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге бұртиып, қабағымды түйе қаламын.
Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін.
Әйтсе де, менің жомарттығым мен ақ көңілділігімді бәрі де ұнатады.
Тәрбиеші:
-Балалар күз мезгілі сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды? (Күзде)
Ендеше күзге арнаған өлең, тақпақтарымызды айтайық.
1)
Күз де келді, күз келді
Құстар мекен іздеді.
Күз де келді, күз келді
Қондырмайды түзге елді.
Күз де келді, күз келді.
Керек оқу бізге енді.
2)
Қыркүйек келіп, күз келіп
Шопан көшті күздеуге
Мектепке бет түзедік
Гүл құшақтап біздер де.

Тәрбиеші:

3)
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ,
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ
4)
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық-алтын тау.

5)
Астық жеміс жиылды
Алдық өнім сыйыңды
Ардақты куз, мың алғыс
Қамбамызға құйылды
6)
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

Күздің сыйын алайық
Қызығына қарайық
Күзге арнап бәріміз
Әнімізді салайық.Ән:Жаңбыр, жаңбыр (тамшыларды алады )

Көкөністер мен жемістер айтысы.

Ж-ші:
Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, кәді мен қып-қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер мен жемістер жиыла қалып дауласты.

Барлығы хормен:
Көкөністер мен жемістер.
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Қияр:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Редиска:
Я- румяная редиска
Поклонюсь вам – низко!
А хвалит себя зачем?
Я и так известна всем!
Бұршақ
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Свекла:
Дайте мне сказать хоть слово!
Ешьте свеклу для здоровья!
Свеклу надо для борща
И для винегрета
Кушай сам и угащай
Лучше свеклы нету!

Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Капуста:
Ты уж, свекла, помолчи!
Из капусты варят щи
А какие вкусные пироги
Капустные!
Зайчики – плутишки
Любят кочерыжки
Угощу ребяток
Кочерыжкой сладкой!
Қызанақ:
Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген?

Морковь:
Про меня рассказ не длинный
Кто не знает витамины?
Пей всегда морковный сок
И грызи морковку
Будешь ты всегда, дружок,
Крепким, сильным, ловким!
Өрік:
Өрікпін мен, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін.
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.

Картоп:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендермен балалар!
Бос айтысты қояйық, дауласуды тоқтатайық.
Ж-ші:
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер, оларды жақсы көріңдер!

Ж-ші:Балалар күз ханшайымы сендерге жұмбақтар әкелген екен, шешуін тауып көремізбе?
Жұмбақтар:
1.Іші-жұмсақ,сырты қатты.
Еті қызыл, сүті тәтті. (Қарбыз)
2.Дөп- дөңгелек доптай
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (Алма)
3.Бұл не деген көп киім
Жетпіс қабат көп киім
Жаңбыр жауса өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді. (Қырыққабат)

Ойын Жемістер мен көкөністер (қасықтар, жеміс, көкөніс, себет екеу, поднос)

Ата – аналармен ойын: Метограмма
Қ – дан мені бастасаң
Шөлің басар асыңмын
Ж – ға айырбастасаң
Тамшы болып тасындым.
(Қауын – жауын)
Бір буыңда кәріңмін
Екіншіде нәріңмін
Қосылғанда екеуі
Көкөніс боп табылдым.
(Шал — қан)

Ертегі: Шал-қан (Ағаштар,сәбіздер, үй, орындық 2, күрек, су құйғыш, қоңыр мата,жіп, құыршақ, муз)

Құрметті ата – аналар сіздердің назарларыңызға біздің балалардың орындауындаШалқан ертегісі:
Рөлдерде:
Шалқан — БекасылАта — ЕралыӘже: АзизаНемере: АйшаИт: АзаматМысық: МаликаТышқан: Мирас

Тапталады табанға,Судыр — судыр жапырақ.Өрттей сары бояуға,Малынғандай атырап.

Би: Күзгі жапырақтар. Жапырақтар беру (Қайрат,Аяулым,Мерей, Ұлпан, Диас, Досжан, Ернұр)

Ән: Күз тамаша.
Би : Қолшатыр (Әлімжан-Еңлік, Аяжан- Санжар, Алдияр-Баян, Аймара- Рашид)

Күз ханшайымы:
Рахмет балалар,
Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын
Бір айға нәр бір демім
Өздеріңмен біргемін.
Ж-ші: Сендерге арнаған Күз ханшайымының дәмін алыңдар.(банандар тарату)

— Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Хормен балалар:
Қош, алтын күз, алтын күз
Өзіңменен қашанда
Кемелденсін халқымыз.

Жүргізуші: Құрметті ата аналар, қазір Сіздердің рұқсаттарыңызбен және қошеметтеріңізбен Алтын күз атты күз мерекесіне орай ұйымдастырылған ертегілер әлемінде көрмесінің қорытындысы бойынша қатысқан ата – аналарды марапаттауға рұқсат етіңіздер.Ең үздік күздік қолөнер номинациясы бойынша _______________________отбасы, марапатталады , 1 – орын ____________________ отбасы, 2- орын _______________ отбасы, 3 – орын ____________________ отбасы марапатталады. Көрмеге белсене қатысқандары үшін _______________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
отбасылары марапатталады.

-Осымен Алтын күз мерекесі аяқталды, барлықтарыңызға көп рахмет!

Дәулет (Қыркүйек)
— Күз мезгілінің алғашқы айы-қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.Қойма алтын астыққа толады.
Алинұр (Қазан)
-Күз мезгілінің екінші айы-қазан. Бұл ай — жиын –терін аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін тойлайтын мереке айы.
Бекарыс (Қараша)
— Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағыннан айрылып, орман-тоғай сирейді. Қара суықтүсіп, қыс демі сезілетін кез.
Күз ханшайымы: Айғаным
Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге бұртиып, қабағымды түйе қаламын.
Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін.
Әйтсе де, менің жомарттығым мен ақ көңілділігімді бәрі де ұнатады.
Күз ханшайымы: Айғаным
Рахмет балалар,
Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын
Бір айға нәр бір демім
Өздеріңмен біргемін.
1)
Күз де келді, күз келді
Құстар мекен іздеді.
Күз де келді, күз келді
Қондырмайды түзге елді.
Күз де келді, күз келді.
Керек оқу бізге енді.
2)
Қыркүйек келіп, күз келіп
Шопан көшті күздеуге
Мектепке бет түзедік
Гүл құшақтап біздер де.
3)
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ,
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ
4)
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық-алтын тау.
5)
Астық жеміс жиылды
Алдық өнім сыйыңды
Ардақты куз, мың алғыс
Қамбамызға құйылды
6)Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
7)Күздің сыйын алайық
Қызығына қарайық
Күзге арнап бәріміз
Әнімізді салайық.
Қияр: Мансұр
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Редиска: Роза
Я- румяная редиска
Поклонюсь вам – низко!
А хвалит себя зачем?
Я и так известна всем!
Бұршақ Ержан
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Свекла: Акмаржан
Дайте мне сказать хоть слово!
Ешьте свеклу для здоровья!
Свеклу надо для борща
И для винегрета
Кушай сам и угащай
Лучше свеклы нету!
Пияз: Жалғас
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Капуста: Диана С.
Ты уж, свекла, помолчи!
Из капусты варят щи
А какие вкусные пироги
Капустные!
Зайчики – плутишки
Любят кочерыжки
Угощу ребяток
Кочерыжкой сладкой!
Қызанақ: Диана Ш.
Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген?
Морковь: Әміре
Про меня рассказ не длинный
Кто не знает витамины?
Пей всегда морковный сок
И грызи морковку
Будешь ты всегда, дружок,
Крепким, сильным, ловким!
Өрік: Айерке
Өрікпін мен, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін.
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
Шие: Айдана
Шиемін мен, шиемін
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.
Картоп: Жандос
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендермен балалар!
Бос айтысты қояйық, дауласуды тоқтатайық.
Шалқан: Жәнібек
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауыпкөр менен дарханды.

Тапталады табанға,Судыр — судыр жапырақ.Өрттей сары бояуға,Малынғандай атырап.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.