Тәрбие сағат «Әдептілік — әдемілік»
Тәрбие сағат «Әдептілік — әдемілік»
Автор: Шаңытбай Кәмшат
Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-29
Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Әдептілік — әдемілік.Тәрбие сағатының мақсаты:Білімділік: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.Оқушыларға бала құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру.Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз — өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.Сабақтың әдіс — тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ — жауап, ой бөлісу.Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.Мейірімді жүрекпенАқ пейілді тілекпенАмандасып алайықБір жадырап қалайық!Мұғалім:— Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік — әдемілік! Хош келдіңіздер!Әлішер:— Олай болса, әдептілік деген не?— Әдепті бала қандай болу керек?Оқушылар: әдепті бала — мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқоршы. Үлкенді — құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақ — та амандасып жүру керек. Кішіні — ізет, қамқоршы болу.Назгүл:— Әдептілік туралы қандай мақал — мәтел білесіңдер?Оқушылар: Әдептіліктің белгісі — иіліп сәлем бергені.Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.Әдепті бала ата — анасын мақтатар, әдепсіз бала ата — анасын қақсатар. Әлішер:— Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден)Ералы:«Білер қазақ баласы,Сәлем — сөздің анасы»Алдымыздан кезіккен,Көп танысты көреміз.Бәріне де ізетпенБіздер сәлем береміз.— Сәлеметсіз бе, ағай!- деп— Сәлеметсіз бе, апай!- деп— Есенсіз бе, әжей!- деп— Амансыз ба атай!- деп— Ұл — қыз сәлем береміз,Өнегелі өренбіз.Назгүл:Қазір, оқушылар сәлемдесу рәсімін, сөйлесу тәртібін көрсетеді.( 2 ұл, 1қыз шығып көрсету.)Дарын:Ата — ананың тілегі,Адам болып өскенің.Адамдықтың тілегі,Адал болып өскенің.Әдептілік дегенің,Әрқашанда керегің.Әсемпаздық дегенің,Әуре салсаң әлегің.Сая:Тәртіпті бала сүйеніш,Төбең бір көкке жетеді.Ұрыншақ бала жанында,Ұрыс пен керіс айқай шу.Ұстамды бала маңынанҰнамды қылық байқайсың.Әлішер:Тәртіпсіз бала ұрыншақ, маңайындағы балаларға тыным бермейді. Қазіргі тамашалайтындарыңыз шағын көріністер.(1, 2 – көріністер, жат мінез — қылықтарға байланысты.) Заң төбелесіп жатқан балаларды тоқтатып, заң құқығын оқиды. 5 — баптыБіреудің затын ұрлаған оқушыларға да, заң құқығын оқиды. 12 — бапты.Тақтаға Әділет шығып, бала құқығы туралы заң баптарын оқиды.8, 9, 10, 11, 15 – баптарды.Әділет:Бас иетін бар адам,Әрбір сөзі салмақтыҚорғар бәле — жаладанАта заң бұл ардақты.Назгүл:Құқық дегеніміз не?Оқушылар: Құқық — үкімет шығарған тәртіп ережесінің жиынтығы.Әлішер:— Жаңағы көріністерден қандай қорытынды шығаруға болады?Оқушылар:— Олар өктемдік, сотқарлық көрсетті, дөрекі мінездерін, қол — дарын жұмсады.— Әке — шешелері дұрыс тәрбие бермеген, өз беттерімен кеткен, ерке, сот — қар, әдепсіз балалар.Назгүл: Біз осындай жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі, тәртіпті,әдепті боламыз. Ендеше, әдептілік туралы өлең — жырларымызды жалғастырамыз.Әлішер:Атадан жақсы ұл туса,Елінің туы болады.Атадан жаман ұл туса,Елінің соры болады — деген осы ғой.Данияр:Құс ұясын бұзбаймын,Бүлдірмеймін жейдемді.Қабырғаны сызбаймын,Жинап қоям бөлмемді.Бос шимайлап, шатпақтап,Дәптерді де жыртпаймын.Бір күн болмай сатпақтап,Киімімді құртпаймын.Фарида:Апамызды сыйлайық,Үйдің ішін жинайық.Бұрынғыдай егесіп,Ерегісіп тұрмайық.Қалмау үшін керісіп,Кел алайық келісіп,Атқарайық үйдегі,Жұмысты тең бөлісіп.Ботагөз:Кел, самаурын қайнатып,Дастарханды жайнатып,Отырайық бөлмеде,Бөпемізді ойнатыпГүлдерді де суарып,Еденді де жуайық.Келген кезде жұмыстан,Қалсын апам қуанып. Қырымбек:Қарсы ал ерте күн көзін,Төсегіңді жина өзің.Асықпай іш тамақты,Жалама аяқ тамақты.Пышақты ұста оң қолмен,Шанышқыны сол қолмен.Нанды үгітпе, қадірле,Қабығымен бәрін же.Саусағыңды сормағынСадыр салақ болмағын.Аружан:Су құйдым да құманмен,Қолына мен әкемнің,Содан кейін оған мен,Орамалды әпердім.Көрініс: «Әдеп»Әлішер: — Бұл көрініс бойынша қандай пікір айтасыңдар? Оқушылар:— Үлкен адамға көмектесу керек, жолдан өте алмай тұрса, арғы бетке өтуге көмектесу керек.— Автобуста орын беру керек.Ерқанат: Кім үлкенді сыйласа,Кім үлкенді тыңдасаҮлкен болған кезіндеСыйлы болмақ өзі де.Жалғас:Сыйлап үлкен ағаны, Таудай биік талабыСәлем берген баланы, Жақсы оқитын баланыКім дейміз? Кім дейміз?Әдепті екен бұл дейміз. Үлгілі екен бұл дейміз.Кесте толтыру. «Жалғастыру ойыны»«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?» Сабақтан...(кешігуге болмайды.) Үлкендерді..(сыйлау керек )Амандасуды ( ұмытпа) Ата — ананың..(тілін алу керек )Ысқыруға…(болмайды ) Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау тау ) Өзіңнен кішіні (ренжітпе )Көлікте өзіңнен үлкен адамға… (орын беру.)Ой толғау.Назгүл: «Әдептілік» — деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?Аружан: Әдептілік деп, үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.Бауыржан: Сонымен әдептілік дегеніміз — ізет, инабат, сыйласым, құрмет,қамқорлық. Кешірімді болуымыз керек.Жас — кәріге сіз дегенЖақсы үлгі іздеген.Дос боламыз біз деген,Ізетті ұл мен қызбенен.Әлішер:— Оқушылар, бүгінгі сабақта « Балалар құқығын ұқтыңдар ма?»Оқушылар:— Ұқтық! Оқуға, өмір сүруге, өз ойымызды айтуға, зорлық — зомбылыққа қарсы тұруға және бақытты өмір сүруге құқымыз бар!Ән: «Біз әдепті баламыз».Әлішер, Назгүл: — Осымен, тәрбие сағаты аяқталды. Тыңдап, көргендеріңізге рахмет!— Хош, сау болыңыздар!Мұғалімнің сөзі:— Қымбатты оқушылар!Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар.Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл — қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.