Тәрбие мақсаттары мсн міндеттері | Скачать Материал
Тәрбие әдістерін таңдау
Әдістердің жақсы, жаманы болмайды, тәрбиелеу жолын алдын-ала оның
қандай жағдайда қолданылғанын ескермей тұрып, жемісті-жеміссіз деп
жариялауға болмайды.
Әдістерді тандау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың
сан алуандығына қарамастан әдістерді таңдау детерминатты, яғни себепті
байланыста болып келеді. Тәрбиеші қолданған әдістерінің себептерін
қаншалықты терең түсінсе, әдістің өзіндік сипатын біліп, қолдануды білсе,
соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолының дұрысын тандағаны.
Тәжірибеде үнемі тұратын міндет — әдістің біреуін ғана қолданбай,
тиімдісін, нәтижелі болатынын таңдау. Тиімді деп – қойылған мақсатқа көп
күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.
Кейбір жағдайларды жете ескерген, өзіне тиімді педагогикалық іс-
әрекетті пайдаланған тәрбиеші тәрбие жұмысында әрқашан жоғары жетістікке
жетеді. Тәрбие әдісін таңдау – жоғары өнер. Ал бұл өнер ғылымға сүйенеді.
Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптерді қарастырайық.
Бірінші кезекте төмендегілер ескерілуі қажет:
1. Тәрбие мақсаттары мсн міндеттері. Мақсат әдісті тек жақтап қана
қоймай, оны белгілейді. Қандай мақсат болса, оған жетудің нақты тәсілі
болуы керек.
2 Тәрбие машинасы. Бір міндет бірнеше мағынаға ие болатынын естен
шығармау қажет. Сол үшін әдісті мазмұнмен емес, нақты мағынамен
байланыстыру тиімді.
3. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері Тәрбиеленушілердің жас
ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие
процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке
сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні,
үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны
қабылдамауы мүмкін.
4. Ұжымның қалыптасу деңгейі. Ұжымның өзін-өзі басқару формасының
дамуына қарай педагогикалық әсер әдістері өзгеріссіз қалмайды: басқарудың
ыңғайлы (гибкость) болып келуі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірігіп қызмет
етуінің табысты шарты ретіңде қажет.
5. Тәрбиеленушшердің жскелік және тұлгалық ерекшеліктері. Жалпы
әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана.
Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз
әдістерінде әр түлғаның езіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік
қасиеттерінің сақталуына, «мендік» белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік
беретін әрекеттерді жасайды.
6. Тәрбиелік жагдайлар. Мүндай жағдайларға психологиялық-
физиологиялық, санитарлы-гигиеналық. сонымен бірге сыныпта болатын қарым-
қатынастар, яғнк . ужымның көңіл-жайы, педагогикалық жетекшіліктің стилі
және тагы басқалар жатады. Абстрактты (дерексіз) жағдайлар болмайды,
жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімен жасалатын тәрбиелік шара-
істер — недагоі нкалық ситуация деп аталады.
7 Тәрбие қүралдары. Тәрбие әдістері тәрбие процесінің бөліктері ретінде
көрінеді, олар педагогикалық … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz