Тақырыбы: Ынтымақтастық оқытудағы тренингтердің маңызы

0
151









Тақырыбы: Ынтымақтастық оқытудағы тренингтердің маңызы

Автор: Курамысова Жансая Адилгалиевна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Тренерлерге Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Әріптестеріммен ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша оқығандағы алған тәжірибе қорыммен бөлісу. Ой- пікірлерін, ұсыныстарын білу. Оқытудағы қандай да болсын жаңа тәсілдердің тиімді қолданылуы жайлы олардың көзқарастарын ортаға салу. Ынтымақтастық оқытудағы тренингтердің маңызы жайлы талқылау. Бүгінгі өмірмен байланыстыру.




Ақтөбе қаласы №17 «Шұғыла» МДҰ қазақ тілі пәні мұғаліміКурамысова Жансая АдилгалиевнаМұғалімдермен тәжірибе алмасу.Тақырыбы: Ынтымақтастық оқытудағы тренингтердің маңызы

Түінді идея: Тау, биікпін деме, бір күні құм боларсың,Терең теңіз,тепсініп, тәккаппар болма, суың кетсе, соларсың. Ең бастысы- ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. Ізденіп, ісіңе ақ адал болсаң- АДАМ боларсың! Мақсаты: Әріптестеріммен ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша оқығандағы алған тәжірибе қорыммен бөлісу. Ой пікірлерін, ұсыныстарын білу. Оқытудағы қандай да болсын жаңа тәсілдердің тиімді қолданылуы жайлы олардың көзқарастарын ортаға салу. Ынтымақтастық оқытудағы тренингтердің маңызы жайлы талқылау. Бүгінгі өмірмен байланыстыру. Нәтижеге қол жеткізу.І. КіріспеТопқа бөлу. Мазайкалар арқылы төрт топқа бөлінеді. Әріптестеріме төрт жабайы аңдардың суреті бар қиындылар беріледі. Қиындыларды біріктіру арқылы ынтымақтасады. Сұрақтартарға сыни ойлау арқылы жауап іздеумен тақырыптың қандай екенін өздері табады. Суреттегі аңдардың кейіпіне еніп, топ мүшелеріне лебіздерін білдіреді.Track 17 – 17 музыкаасын фонға жәймен қою арқылы «Тек, жақсылыққа жаным құмар!»тренинг жүргізіледі:Көзімізмізді жұмамыз, қолымызды созып, құшағымызды кең далаға жаямыз, «көкірек көзімізді» ашып алтын күннен берік қуат аламыз! Мойнымыз тек жақсылыққа ғана бұрсын! Көзіміз берекелі нәтижелі, жемісін берген істерді ғана көрсін! Ауызымызмыз ұлағатты сөздер айтсын, құлағымыз қуанышты хабарлар естісін. Қолымызды игі істерге ғана жұмсайық, мәртебелі орындарда отырайық, сауап істерді істеуге асығайық! АЛАШ мәңгі асқақтасын! ҚАЗАҚ ЕЛІ жасасын! АЛҒА, АЛҒА, АЛҒА! Тренингтің әсірмен бөлісу.ІІ. Негізгі бөлімТоптарға араналған тапсырмаларҚозғалатын бірінші мәселе:Ынтымақтастық оқыту бізге не үшін қажет?Қозғалатын екінші мәселе: Тренингтердің маңызы бар ма? Қозғалатын үшінші мәселе:Тренингті сабаққа кірістірудің өзіндік ережелерін құрыңыз.Қозғалған үш мәселе бойынша:Ортаға ой тастау. Пікір алысу. Бағалау. Сыни ойлауды дамытуға арналған тапсырма. Берілген дөңгелектерден сурет салу.«Образға ену» тренинг Асылбек Енсеповтың «Адай күйі» ойналады. Барынша арқа қоздырарлықтай образға енуі қажет. Мақсаты: Қиын тапсырмалардан кейінгі шаршауды басу, жігерлендіру ынтаны ояту, келесі тапсырмаға құлшындыру.Тренингтің әсерімен бөлісу.«Тренинг» бұл кірме сөз. Қазақша баламасы оқыту және тәрбие деген ұғымды білдіреді. Біз сабағымызға қандай тренинг алсақ та оның бізге берер тәрбиесі мол болуы қажет.«Тренинг»-материалдың теориялық бөлігі аз қарастырылатын, негізінен дағдылар мен біліктертердің тәжірибеде қолдануына аса мән беретін оқыту формасы болып табылады. Тренинг мақсаты нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету.Тренингде өзгеріс нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видео тренинг, қарым қатынас тренинг, мәдениетаралық өзара әрекет, ойындар,практикалық ситуацияларды талдау, топтық пікірталастар кеңінен қолданылады. Тренинг принципіне жататындар:

  • Белсенділік принципі.
  • Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы прицип.
  • Мінез –құлық обьективтілік приципі
  • Қарым қатынаста субьекті, субьектілік принципі
  • Шындық принципі.
  • Қазір осы жерде.

Видео тренигтерді көрсету. Фильм. Фистиваль көрсету.Кері байланыс: «Шикі ет (ештеңе ұғынған жоқпын, ет тартқыш (ой елегінен өткіземін), бешбармақ (аларым көп, тойып жегім келіп тұр)ІІІ. ҚорытындыМенің түйген ойым!Келген мұғалімдер алған әсерлері жайлы ой толғайды. «Тәрбиесіз берген білім бұл– адамзаттың қас жауы» деп Бауыржан атамыз айтқандай шынында да тренинг бұл тұнып тұрған тәрбие. Сондықтан да «Оқушы үніне » құлақ салайық. Ынтымақтастықты дамытайық! Көңіл бөліп, келгендеріңізге рахмет!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.