Тақырыбы:«Арыстан мен тышқан» (латыш ертегісі)

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Тақырыбы:«Арыстан мен тышқан» (латыш ертегісі)

Автор: Асаинова Жанар Берикбаевна

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-11


Материал туралы қысқаша түсінік

«Арыстан мн тышқан» ертегісін оқып беру. Тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру.




І кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыМерзімі: 05.02.18 Білім беру саласы:«Коммуникация» Бөлімі:Көркем әдебиет Тақырыбы:«Арыстан мен тышқан» (латыш ертегісі) Мақсаты:«Арыстан мн тышқан» ертегісін оқып беру. Міндеттері:Білімділік: тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: татулыққа тәрбиелеу. Демонстрациялық материал: «Арыстан мен тышқан» ертегі суреттері.Сөздік жұмыс: арыстан, тышқан, аңшылар, тор.Қостілдік компонент: арстан – лев, тышқан – мышка, аңшылар – охотники, тор – клетка

Қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері: Шеңберге тұрып бір-бірімізбен амандасайық.

Топқа есік қағып қуыршақ кіреді. Ол балаларға ертегін алып келгенін хабарлайды. Суреттерді іледі. Ертегін тыңдауға дайындығын сұрайды.

Дөңгелене кілемде тұрады.Барлығы бір дауыспен: Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Көк аспан! Амансың ба, Жер ана! Амансың ба, досым менің!

Мұқият тыңдап, қуыршақпен амандасады.

Суреттерге таңдана қарап, ертегін тыңдауға дайындығын білдіреді.

Ұйымдастыру — іздестіру Әңгімелесу:

  • Тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар?
  • Ендеше «Арыстан мен тышқан» ертегісін оқып, мазмұнын ашайық.
  • Ертегіні оқып беру. Оқыған ертегі бойынша сұрақтар қояды:

  • Ертегі сендерге ұнады ма?
  • Арыстан не істеп жатты?
  • Келесі күні ол қайда жатты?
  • Оны кім соған отырғызды?
  • Тышқан арыстанға қандай көмек көрсетті?
  • Сергіту сәті: Тышқан шықты інінен,Азық іздеп жерінен. Секірейік, секірейік, Шаршағанды кетірейік.

    Тақтаға мұқият қарайды.

    Қуана келіседі.

    Сұрақтарға белсене қатысып, жауап береді:

  • Ертегі ұнады.
  • Арыстан ұйықтап жатты.
  • Келесі күні ол торда жатты.
  • Арыстанды аңшылар отырғызды.
  • Тышқан тістерімен арқанды қырқып тастайды.
  • Сөздерді қайталап, қимылдайды.

    Рефлексивті реттеушілік Қорытындылау:

  • Қуыршақ пен не оқыдық?
  • Ертегі ұнады ма?
  • Тышқан жақсы іс істеді ме?
  • Тышқанды орысша қалай айтамыз?
  • Ал арыстанды?
  • Тор деген не? Оны орысша не дейміз?
  • Қуыршақ басқа балаларға да ертегін апаруға жиналғанын хабарлайды. Қуыршақпен қоштасады.

    Сұрақтарға жауап береді:

  • Қуыршақ пен ертегін оқыдық.
  • Ертегі ұнады.
  • Тышқан көмектесті, ол жақсы іс.
  • Тышқанды орысша мышка дейміз.
  • Арыстанды – лев дейміз.
  • Тор деген клетка.
  • Тыңдайды.

    Қоштасып, рахметін білдіреді.

    Күтілетін нәтиже: Білу керек:ертегінің мазмұнын;Болу керек: ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтары:Істей білу керек:тәрбиешіні мұқият тыңдап, ертегіні өз ойымен байланыстырып айтуды.Тәрбиеші: Асаинова Ж.Б







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.