Тақпақ: Туған жер

0

Тақпақ: Туған жер казакша Тақпақ: Туған жер на казахском языке

Қызылорда қаласы
№101 мектеп-лицейдің 4 «А» сынып оқушысы
Еламанова Айерке Талғатқызы
Жетекшісі Кушанова Индира Кенесовна

Туған жерім — Қызылорда қаласы,
Шыққан небір дана, ақын дарасы.
Тебіреніп мен жырлайын бүгінде,
Сырдың сұлу, ақ маржанды даласын.

Қоқыт бабам қобызының үніде
Қолдап тұрған сияқты мәңгі бізді де.
Жерұйығым, мақтанышым — Байқоңыр
Бар әлемнің назары әркез өзіңде.

Мақтанышым Аралым бар айбынды,
Ақ балығы, ас тұзымен белгілі.
Екі жүз жыл тарихы бар жерімде,
Өсіп келед біздей жастар білімді!