Тақпақ: Тазалық жайлы тақпақтар
![Тақпақ: Тазалық жайлы тақпақтар казакша Тақпақ: Тазалық жайлы тақпақтар на казахском языке](http://www.zharar.com/uploads/image10.jpg)
Сырттан келіп үнемі,
Сабынмен қол жуамыз,
Таза болды мұнтаздай,
Тағамға қол созамыз.
***
Тамақтың алды-артында,
Қолыңды бала жуып жүр.
«Бисмиллахсыз» бастауға,
Болмайтынын біліп жүр.
***
Жуамын,
Жуамын,
Тісімді ысқылап,
Жуамын,
Жуамын,
Қалмасын тісте қақ.
Жуамын,
Жуамын,
Тес жегі болмасын.
Жуамын,
Жуамын,
Түрлі иіс қалмасын.
Тіс жуды балаңыз,
Анашым, қараңыз.