Таныстыру, үздік сынып жетекші

0

Мен – жетекшімін,
Бала жайлы ойлайтын,
Шәкіртінің қызығына тоймайтын.
Мен – жетекшімін,
Білім шыңын бойлайтын,
Компьютердің құлағында ойнайтын.
Мен – жетекшімін,
Конструктор, сценарист
Тіл маманы, математик, программист.
Мен – жетекшімін,
Суретшімін, сазгермін, көріпкелмін, керек десең балгермін.
Мен – жетекшімін, психолог, тәлімгер
Күндіз – түні болып жүрер әбігер
Ойға да кетем,
Япырай — ай, қашан босаймын
Диагностика, мониторинг жасаймын.

Мен – жетекшімін,
Әрине, мен дидакпын
Теорияны терең білер,
Қас шебермін, практикпін.
Толық емес тұлғамын, еліктей
Сангвиникпін, жүремін мен желікпей.
Білемін алда, көп екенін белестің
Валеологпын, мен дилетант емеспін.
Мен – жетекшімін
Полилингвист маманмын
Жетекшісі бірлестіктің
Құзіретті адаммын.
Мен – жетекшімін
Жасампаз да дауылпаз
Шәкірттерім олимпиадалық жеңімпаз
Ең негізгі кәсібім менің – педагог
Мен сонымен жаман адам болған жоқ.
Таныстыру «Үздік сынып жетекші» слайд жүктеу