Тамғалы тас ескерткішіндегі адам бейнесі туралы қазақша реферат
Тамғалы петроглифында бірнеше нұсқалы адамдардың суреттері бейнеленген. Кешеннің алтарьлық бөлігінде композисияның сол жағы — адамдардың он салттық жұбы бейнеленген, олар билеуші екі топқа дәл бөлінген. Ортада бала ұстаған жұп, олардың екі жағында жер мен көк әлемнің тәртібін бейнелейтін екі салттық жора жасалып жатыр. Еркектерді жауынгер бейнесіне түсіру – төрт фигурадан тұратын топ – алтауы сол жақта салттық биді орындауда, ортасында бала ұстаған екі бейне. Саттық жораға қатысушылардың саны Шығыста, соның ішінде көшпенді халықтардың мәдениетінің де қалыптасқан жыл санаудын шығуымен сәйкес келеді. Он екі саны уақыттың жыл бөлігі, кейін ол зооморфтық күнтізбеде көрініс тапты.
Тағы бір айта кететін жағдай ескерткіштің осы бөлігінде «маскаратшылар» деп аталатын суреттер ерекше қызықты. Фигуралар сұлбасының сызығы, олардың пластикасы соншалықты айқын берілген, тіпіт ертегілер әлемінің таңғажайып образдары сезімі өалыптасады. Фигуралар еш, нақтылаусыз, жалпы орындалған. Сонымен қатар күнбастылар сиақты бейнелердің кеудесі мен басы бет жағынан, ал аяқтары қырынан немесе керісінше бас пен аяқ қырынан, кеуде бет жағынан бейнеленуіде кездеседі. Бас киімдер малақай, мүйіз тәрізді пішінде болып келеді, қолдары бұрамамен ұзартылған фигуралар аңдардың терісіне бейнеленген. Бейнелердің салыну сипатына қарамастан, адамдардың образы ішкі динамикаға толы. Маскарадшылар бейнелері сызықты емес, фигуралар көлемінің беттері толығымен тақа соғылып істелген және суретттерді жауып тұрған пластина оларды көлемді етіп көрсетеді.
Ерте көшпенділер дәуірі Тамғалы кешенінің жартастағы граикасында біршама жүйелі берілген. Ежелгі әлемнің мәдени қабаттарында бұл уақыттағы өнердің айқын көрінгендігі соншалық – оны басқа ешқандай кезеңмен шатастыру мүмкін емес.
Сақ кезеңіндегі көркем өнер шығармашылығының басқа түрлеріндегі сиақты жартастағы суреттерде жеке тұрған, жүгңгңрңп бара жатқан жануарлардың суреттерін, бір жануар екіншісін жаралап жатқан көрінісін немесе ана мен балалар сияқты отбасылық көріністі кездестіруге болады.
Аналар мен символикалы түрде болады. Символикалы көріністе — бала ана бейнесінің ішінде бейнеленеді. Мысалы: қлын менбие, бұғы мен бұғының қодығы. Бір жануардың иүсіні екіншісінің ішіне енгізілген, сонымен қатар қозғалыс сипаты бірдей болмауы мүмкін. Мысалы сыртқы сурет ішкіден біраз динамикалы немесе керісінше. Баланы ананың құрсағында бейнелей отырып, жануардың жынысын шебер дәлірек сипаттаған.
Қола дәуірі, ерте темір дәуірінің көшпенділері өздерінің филасофиясы,,дүние танымы, көркем мәдениетінің қалыптасқан жүесі бар жоғары ұйымдасқан қоғам болды. Оларда текшаруашылық жетістігі ғана емес, онымен қатар өнер де өзінің нақты құрылымын, тамаша шешімін тапты. Сақ кезеңіндегі суретшілер оз касіптерін тамаша меңгерді. Бейненің пішіні мен орныны еш байланыссыз ерте көшпенділердің өнері бірегей болды. Олар ағаш ою, апликация, ою — өрнек,теріге басып өрнек салу, алтыннан құю техникаларындағы бейнелерді бірдей меңгеріп, өте тамаша орындай білді. Бұл жағдайда жартастағы суреттер өзі жасап жатқан туындылардың мағынасын жақсы білген адамның батыл, сенімді қолымен орындаған. Соңғысы бейнелеу өнерінде ерекше әдістер – таңбалар символикасының пайда болуымен өзіне тартып еліктіреді. Жануарларды бейнелеу жүйесі, бинарлық композисиалар, адамның, жануардың құрылысындағы динамика, бүкілкомпозицияның жалпы құрылымының динамикасы — сақ кезеңіндегі өнерді сипаттайды. Бұл – қазақ даласының кеңістігінде олйлаудың жаңа түрінің қалыптасу кезеңі. «Болмыс сананы билейді» — көшпенді өмір салтының болмысы көшпенділер өміріндегі алғышарттарды анықтап, оны өмірге деген көзқарастарын қалыптастырады, ол өнерде көрініс табады.
Кеңістіктік графика тек жақын жерден ғана қаылданады, сондықтан ежелгі таңбалардың құпия сыры одан сайын тереңдей түсті. Мұндай жағдайдың қазіргі кезде де сақталғаны анық. Образды «оқу » үшін тас бетіне бет түсіру керек, ал ғимарат қабырғалары бетіндегі бейнелер көзге еш күш түсірмей – ақ оқылады. Бірақ адам барлық кездерде
Дерлік табйғи беттерде өз қолтаңбасын қалдырып отырған.
.
Тағы рефераттар