Тамақтанудың физиологиялық негіздері слайд,презентация
Тамақтанудың физиологиялық негіздері слайд,презентация
Тамақтану — организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор.Адамның күнделікті тамағында белок мөлшері 30%-тен кем болмағаны жөн. Белок-қуат қоры. 1г белок тотықса, денеде 4.1 ккал, яғни 17,17 к.джоуль жылу пайда болады. Ағзада қорытылып сіңірілген ас энергия көзі болып табылады, ал энергия бұлшық еттердің жұмысына, ағзада температураның қалыпты сақталуына және адамның жасушалары мен мүшелерінің пайда болуын қамтамасыз ететін жасушалардың жаңаруына себепші болады. Әр адам күніне қанша эергия жоғалтса, сонша энергия алу керек, ол ағзадағы энергетикалық тепе теңдіктің сақталуын қамтамасыз.Егер адам энергетикалық шығынның орнын толтыратын калория алмаса, онда жүдеулік болады. Егерде ағзаға тамақ арқылы түскен энергия, энергетикалық шығынынан көп болса, онда семіздік болады.