Тайлақ Мәтіұлы

0

Қазақ пен жоңғар арасында талай соғыстар, талай шайқастар болған. Осы соғыстарда елін, жерін қорғаған талай батырлар ел есінде, аңыз боп қалған. Осындай батырлардың бірі Тайлақ Мәтіұлы еді.


Тайлақ Мәтіұлы 18 ғасырда болған Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы арасындағы соғыстарда ерлігімен көзге түскен абыройлы батыр. Осы батыр Кіші жүзден шыққан.


Жалпы 18 ғасыр, қазақ пен жоңғарға ауыр тиді. Бұл заманда екі халық арасындағы соғыстар мейлінше қатал болды, өмір үшін емес, өлім үшін болған.


Тайлақ батыр 17 ғасырдың соңғы ширегі мен 18 ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрді деп есептелінеді. Дәл қай жылы өмірге келгені және қай жылы қайтыс болғаны жайлы мәлімет әзірше жоқ.


1723 жылы жоңғарлар қазақтардың жеріне қалын қолмен баса-көктеп кіреді, елді аямай қырады, ел есінде бұл «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» деген атпен белгілі, қазақ халқының басына төнген ұлы қайғы заман басталған еді. Бұны «Елім-ай» өлеңінен оқи аламыз:


«Қаратаудың басынан көш келеді,


Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,


Елім-ай, Елім-ай.


*****


Ел-жұртынан айрылған жаман екен,


Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,


Елім-ай, Елім-ай.


*****


Мына заман қай заман?


Бағы заман, Баяғьідай болсайшы тағы заман,


Елім-ай, Елім-ай.


*****


Атадан үл, енеден қыз айрылды,


Көздің жасын көлғылып ағызамын,


Елім-ай, Елім-ай.


*****


Мына заман қай заман?


Қысқан заман,


Бақыт құсы алаштан үшқан заман,


Елім-ай, Елім-ай.


*****


Көк аспаннан топырақ, шаң борады,


Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,


Елім-ай, Елім-ай»


Осындай қайғы қасіретке толы жағдайда, ел жан-жаққа көше бастады. Ел мен жерді қорғай алатын батырлар керек еді. Сондай батырлардың қатарына — Бөгенбайды, Қабанбайды, Баянды, Наурызбайды, Тайлақты және басқаларын жатқызуға болады.


Тайлақ батыр 1726 жылы, есі әлі кірмеген халықты Қаракесек деген жерде жинап, Жоңғар хандығының әскерін 1727 жылы Қарасиыр деген жерде жеңген.


Бұдан кейін Бұланты, Аңырақай деген атақты шайқастар болған.

Пән: Тарих