Тахауи Ахтанов күй аңызы, күй-музыкалық жанр
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды;
Шығарманың мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашады;
Күй — музыкалық жанр, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында орындалатынын біледі;
Құндылықтарға баулу: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу, білім алу, еңбек ету.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Тарих, география
Алдыңғы оқу: Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақ барысы, әдістер: «Мозайка»,«ПОПКОРН»,«Ойлан, жұптас, бөліс», «Раунд»әдісі, постер
Кезбе тілші
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты ақын өлеңдері арқылы 3 топқа бөлемін.«Раунд»әдісі бойынша үй тапсырмасын (бір сөйлеммен)
1 — топ: Тахауи Ахтанов туралы не білесіздер?
2 — топ: Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңыздар?
3 — топ: «Күй» сөзін топтастырыңыздар
Сабақтың ортасы
Конверттегі сұрақтар
1 тапсырма:
1 — топ: Әңгімеге сатылай кешенді талдау жүргізу.
2 — топ: Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге, Естемес, Оразымбет, Жаңыл, Қарт) баға беру)
3 — топ: Әңгіменің композициялық құрылымын талдау
Дескриптор:
— сатылай кешенді талдау жасайды;
— кейіпкерлердің іс — әрекетін талдайды, топтастырады;
— сұрақтарға жауап береді.
ҚБ. (басбармақ)
2 — тапсырма:
1 — топ: Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
2 — топ: Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады?
3 — топ:«Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген сөзінің астарынан нені байқауға болады?
Оқиғаның шешімі қандай ойға жетелейді?
Дескриптор
— әңгімеге талдау жасайды;
— сұрақтарға жауап береді;
ҚБ. (басбармақ)
Мектеп: Абай атындағы №26 орта мектебі
Пән мұғалімі: Шегебаева Гулжан Муслимовна
Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» жүктеу