Табыс септік, септік жалғаулары

0
Қазақ тілі 4 — сынып
Сабақтың тақырыбы: Табыс септік
Сілтеме: қазақ тілі оқулығы, 4 сынып «Атамұра» баспасы
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі. Табыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын және өзіндік ерекшелігін меңгереді.

Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)
1. Сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару
2. Ынтымақтастық атмосфера құру
3. Атау, Ілік, Барыс, Табыс септігінің сұрақтары арқылы топтасады.
(Кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Қайда? Кімді? Нені?)

Қызығушылықты ояту: (3 минут)
«Тікелей эфир» әдісі бойынша:
Өткен сабақтарды қайталау мақсатында Балнұр, «бейне жазбадан» өзінің дайындаған сұрақтарын қояды.
1. Сөйлемдегі сөздерді бір — бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды не деп атайды? (септік жалғаулары)
2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
3. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін не дейді? (зат есімнің септелуі)

Білу:
Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмасы: (5 минут)
«Ой шақыру»
Ойын: Ата мен әженің өз заттарын жинап бер.

48 — жаттығу. Оқытып, көшіріп жаз.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олар қай септікте тұрғанын айт. Табыс септік жалғауының астын сыз.
Айжан кітапты көп оқиды. Оқушылар қысқы демалысты қызықты өткізді. Әкесі Әселді мұражайға апарды. Шекараны шекара — шылар күзетеді. Ұшқыш ұшақты ұшырады.
Табыс септік жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/