Табын ісі — Тарих
Табын ісі
06.03.2014, 02:57 | |
Табын ісі — ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен 1931-33 жылы ашаршылық кезінде бүрынғы Адай округіне қарасты Табына уд-нда (қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы) кеңес өкіметінің саясатына қарсы көтеріліске шыққан шаруаларды жауапқа тарту. Табын ауданындағы көтеріліс Адай округінде 1930-31 жылы әртүрлі үзіліспен жалғасқан шаруалар көтерілісінің құрамдас бөлігі (қаласы Адай көтерілісі) болды. Оған әр кезде белсене қатысып, басқарғандар Б.Шоланов, Құбжанов, Ембердиев, К.Шешенов, т.б. 1931 жылы 20 сәуірде көтерілістің негізгі ошағы Кенжыға деген жерде әскер бөлімдерінің күшімен басылды. 834 адам тұтқындалып, соңынан 500-ден астам адам сотталды, 18 адам ату жазасына кесілді. Ашаршылық пен қуғын-сүргін салдарынан жүздеген шаруалардың отбасы ауа көшіп, Түрікменстан, Қарақалпақстан жерін паналады, Иранға өтіп кетті |
|
Категория: Тарих | | |
Просмотров: 1086 | Загрузок: 88
| |
Всего комментариев: 0 | |