Табиғат, туған өлке
Оқу қызмет түрі: «Жаратылыстану»
Өтпелі тақырып: «Дені саудың – жаны сау»
Апта тақырыбы: Күн, су, ауа
Тақырыбы: Тірі табиғат және өлі табиғат
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір — бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Дамытушылық: Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүние танымын кеңейтіп, сөздік логикалық қабілеттерін, ой — қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа, туған өлке әсемдігіне сүйсіну, қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд табиғаттың суреттері жануарлар, өсімдіктер
Шаттық шеңбер:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған жер Ана
Сәлем саған нұрлы күн!
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз:»Тірі табиғат және өлі табиғат». Ендеше біздер бүгін осы бізге өмір сыйлаған, қоршаған орта табиғат туралы сыр шертеміз.
«Ғажайып сәт»
Балалар біздер табиғатқа саяхатқа шығамыз.
— Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
— Әке, ана ата, әже
— Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
— Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, қар).
— Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?
— Ия, күн, су, ауа бізге керек.
— Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
— Табиғат.
Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер.. Енді бәріміз зейін қойып үнтаспадағы дыбыстарды тыңдайық.
(Музыка әуені арқылы құстың даусы, ағаштың сыбдыры естіледі жел, су)
— Балалар ненің дыбысы естіледі?
— Жан жағымызға қарайық нелер өсіп тұр?
— Күн, ауа, жер, су, тас, тау — бұлар өлі табиғат.
Өлі табиғат – өспейді, өнбейді, өзгермейді.
Бүкіл адамдар, жануарлар, өсімдіктер қоршап тұрған табиғат тірі табиғат
— Ағаштар, гүлдер өсіп тұр
Ағаштарды суарып күтіп баптау керек. Оларға су, жарық, күн, көзі, ауа керек. Ол тірі өсімдік. Ағаш та тірі табиғат.
Құстар да тірі табиғат.
— Орманда мекен ететін қандай аңдарды білесіңдер?
— ал біздер адамдар тірі табиғатқа жатамыз. Біздер тамақ ішеміз, еңбек етеміз, жұмыс істейміз, оқып — білім аламыз.
— Ал, күн бізге не үшін керек?(Күн бізге шуағын, жылуын береді).
Балалар, біз ауасыз, күнсіз, сусыз өмір сүре алмаймыз. Күн, ауа, су біздің достарымыз.
Ауамен тыныс алу жаттығуы.
— Мұрын арқылы терең демаламыз. Ауыз арқылы шығарамыз. Балалар, қолымызбен мұрнымызды қысып тұрайықшы дем ала аламыз ба? (Жоқ)
— Табиғат байлығымыз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.
Табиғат туралы мақал — мәтел айтайық.
1. Көлдің көркі – құрақ,,
Таудың көркі – бұлақ..
2. Туған жердің топырағы да ыстық.
3. Судың да сұрауы бар
4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.
Жаңылпаштар:
Жағажайды жағалай
Жүгіреді Қамажай.
Тақпақ жаттап,
Айтсақ жақсы — ақ.
Жатқа тақпақ
Жатқа тақпақ.
Үлкен көрші
Келді ме көрші.
Саяхаттан алған әсерлерін сұрау, топқа оралу.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. Жауабы: Су.
2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды Жауабы: Күн
Көзге көрінбейді
Жұтсаң білінбейді Жауабы: Ауа
Тақтадан бейнебаянды тамашалайық.
Табиғат деген не? Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат
Кәне бәріміз қайталайық
Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.
Тірі табиғат — олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан — жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады. (слайдтан көрсету.)
Өлі табиғат — қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.
(слайдтан көрсету)
Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Сондықтан олар бір — бірімен тығыз байланысты.
Сергіту сәті: Тас болып отырайық,
Жарқыраған күн шықты
Жаңбыр жауды себелеп,
Гүл болып жайнайық
Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі.
Кабдуахитова Сагия Тлеккабыловна
Тірі табиғат және өлі табиғат жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/