Табиғат (Табиғат әсемдігі) туралы балабақшадағы ашық сабақтар

0

                  Күні:
Пәні:      Айналаны  қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:  Табиғат әсемдігі
Мақсаты:      1.Балаларға табиғатты оның құбылыстарын айту,тірі және өлі табиғатты  таныстыру
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту, табиғаттың сұлу көркіне қызығушылық сезімін арттыру .
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,серуендеу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
  -Балалар бүгін  біз табиғат әсемдігін тамашалаймыз.
V Жаңа сабақ
                          Оразақын Асқардың «Суретші» деген өлеңін оқу.Бағыттаушы   сұрақтар қою арқылы «тірі» және  «өлі» табиғаттың өзара байланысын түсіндіру.Күзде-шөптің қурауы,жапырақтың түсуі.Қыста-айналаны аппақ қар жапқан ,өзенді мұз басқан. Көктемде-жер көгеріп,өзендер сылдырлап ағады.Жазда-айнала қызыл-жасыл гүл,аспан шайдай ашық.
                        Әңгімелеу барысында оқушылардың теңеулерді (эпитет) қолдана білуіне көңіл аударылады. Мәселен:Жаңбырлы күз,жомарт күз, алтын күз,жалтыр мұз,ұлпа қар,жасыл көктем,жайдарлы жаз т.б.
         
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
                       Келе жатты жұмысқа
                       Алды допты қолына
                       Қойды допты орнына
                       Оңға қарады,солға қарады
                       Үлкен тау деп ойлады

Әліппе дәптермен жұмыс:  Е.Өтетілеуовтың «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз»-өлеңін оқып беру.                                    
 VI Пысықтау
          -Балалар табиғат нешеге бөлінеді ?
         -тірі табиғатқа не ні жатқызамыз ?
        -өлі табиғатқа ше ?
VII Бекіту
                            Әңгімеден кейін балаларды далаға алып шығып,өсімдіктерге,құстарға бақылау жасау.Айналаға қарап  табиғаттың ең көрікті жерін тамашалайды.Ол жерді неге ең көрікті жер екенін түсіндіреді.

        
VIII Бағалау
            Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!