Табиғат бұрышындағы тіршілік балабақшадағы ашық сабақтар

0

  Күні:               Пәні:Айналаны қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:Табиғат бұрышындағы тіршілік.Жануарлар
Мақсаты:      1. Табиғаттағы тіршілік жануарлар туралы айту.
2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер    
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
V Жаңа сабақ
 Балалармен бірге табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларды бақылау.Өсімдіктер көлеміне,түріне ,бөлме өсімдігі болып бөлінеді.Өсімдіктің пайдасы жайлы әңгімелеу.
К.Сауғабаев «Су құям гүлге»
Ұмытпай,күнде,
Су құям гүлге.
Жайнайды гүлім,
Құлпыртып түрін
Жануарлардың сыртқы пішіне мен мінез-құлықтары табиғаттағы сүтқоректілерді өмірі туралы, мерзімге байланысты тіршілігі және шығу тегі,көбеюі (Балықтар уылдырық шашады,кейбіреулері тірі туады. Т.б.) жайлы әңгімелеу.
М.Жаманбалиновтың «Кірпі»
Тонымды үрпі-түрпі
Тұмсығымен түртіп,
Бір байқаса,Түлкі
Маңайламайды үркіп,
Жеймін десе жұлқып.
Қалам тонды сілкіп,
Арландар да сонда,
Алады  аузын жыртып.
Мазмұнды суреттерді қолдана отырып,жауарлардың келтіретін пайдасы және адамдар оларды  қалай пайдаланатыны туралы әңгімелеу.

Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
                       Келе жатты жұмысқа
                       Алды допты қолына
                       Қойды допты орнына
                       Оңға қарады,солға қарады
                       Үлкен тау деп ойлады
VI БекітуЖұмбақ:
Дегендей ешкім тимесін,Алыпты қадап инесін. (Кірпі)
VII Қорыту-Балалар қандай тақырып өттік?-Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы малақтау.            

 

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!