Табиғат бұрышы — Балабақшадағы ашық сабақтар — Bilim

0

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


— Күз мезгілінде неше ай бар?


— Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?


Жылдың әр мезгілінде ауа–райымен бірге біздің табиғатымызда өзгеріске ұшырайды.


Табиғат туралы әңгімелеу.


Табиғат дегеніміз не?


— Дұрыс айтасыңдар.


Табиғат денелеріне нелер жататынын және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсіндіру.


 


Осы ғажайып табиғаттың бір бөлшегі біздің топтада бар.


— Біздің табиғат бұрышымызда нелер бар?


— Дұрыс.


— Балалар күз мезгілі болғандықтан күн суытып, жапырақтар түсіп, шөптер қурап, гүлдер солып қалды. Ал біздің тобымыздың гүлі жайнап өсіп тұр.


— Дұрыс, яғни өсімдіктер өсу үшін жылу керек.


— Өсімдіктер жылуды қайдан алады.


— Гүлдердің өсуі үшін тағы нелер керек?


Гүлдердің ерекшелігі мен қажеттілігі туралы әңгімелеу, топтағы гүлдерді неге «бөлме гүлдері» деп атайтынын түсіндіру.


Дала гүлдерінің суретін көрсету, олардың тіршілік ерекшелігі туралы мағлұмат беру.


Гүл туралы кім тақпақ біледі.


 


Жұмбақ:


Құйрығы жерге тимейді,


Жотасы күнге күймейді.


 


Балық қайда тіршілік етеді?


Балықтардың пішіні қандай?


Балықтың денесі біртұтас болады


Олар желбезек арқылы демалады.


Құйрығы бұрылу қызметін атқарады.


Балықтар су асты өсімдіктерімен балдырлармен қоректенеді.


Аквариум деп арнайы балық өсіру үшін жасалған шыны ыдысты айтамыз. Аквариум арнайы техникалық құралдармен жабдықталған. Онда суды жылытатын, ауа жіберетін, жарық түсіретін құралдар бар. Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады.


 


Сергіту сәті:


Ал қанекей тұрайық,


Айналаны қарайық


Жауқазындай жайқалып


Бәйшешектей иіліп


Сәл тынығып алайық.


Ал енді балалар біз енді табиғат бұрышына қалай күтім жасайтыны — мызды тәжірибе арқылы көрсетейік. Гүлдерді жақсы күту үшін су құйып, топырағын қопсытып, дымқыл шүберекпен шаңын сүртіп тұру керек.


Ал аквариумдағы балықтарға арнайы зоодүкеннен алынған жемдерін беру керек.


Блингвалды компанент: гүл-цветы, балық-рыба.


Дидактикалық ойын (ұжыммен)


«Орнын тауып орналастыр»


Ойынның шарты: Бала берілген әр түрлі пішіндерді таңдап алып, оның атын атайды. Аталған пішінді тіршілік ету ортасына байланысты (жоғары–төмен) құрлыққа–жер бетіне суға-жер астына орналастырады.


 

— Күз


Қыркүйек, қазан, қараша


— суық


 


Қоршаған орта


 


 


 


 


 


Табиғат бұрышына назар аударады.


— Гүл, балық


 


 


Балаларға ой тастау


 


 


— Топ жылы


 


 


— Күннен 


Су, ауа, топырақ


 


 


 


 


 


 


 


Амира:


Гүлім, гүлім өсе бер


Әдемі боп асыл боп


Күндей жайнап кете бер


Қызыл, сары, жасыл боп.


 


— Балық


 


— суда


— сопақша


Қимылмен жасайды.


 


 


 


Қыздар гүлге күтім жасайды


 


 


 


 


Ұлдар аквариумдағы балыққа күтім жасайды.


 


Цветы


Рыба


 


Әр бала жеке шығып орындайды

Дереккөз: bilim-all.kz