Тəрбие сағат Астана — бас қалам

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 2 сынып

Тақырыбы: Астана-бас қалам

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды қазақ елінің Елордасы Астана қаласымен таныстыр Елордадағы бой көтерген білім ордалары,Тәуелсіздік монументі, Нұр Астана мешіті, Бәйтерек монументі т.с.с жаңа ғимараттардың тарихын, өмірге келу себебін айту.Бұрынғы Астаналар мен бүгінгі Астананың ел өмірі үшін аса маңызын түсіндіру;
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын, тілін, ой-өрісін дамыту, ізденімпаздылықтарын арттыру;
Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз елін тануы, тарихын, өткені мен бүгінін ұғынып сүйе білуге тәрбиелеу. Туған жерді сүюге, қорғауға, мақтан тұтуға, әр жетістігіне зор құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Тақырып, жоспар жазылған плакаттар, видеопроектр, электрондық оқулық, жылнамалар, буклет, кітаптар, т.б.
Сабақтың түрі: Әдеби сазды монтаж, ашық тәрбие сағаты
Пәнаралық байланысы: география, тарих, әдебиет,бейнелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының жүрісі
Жоспар:
Қазақ елінің бұрынғы астаналары
Елордамыз- Астана
Астана айшықтары
Арман қала- Астана
І бөлім.
Жүргізуші: Туған жердің әр тасы құнды маған,
Жайқала бер, жайнай түс, нұрлы далам,
Саған деген махаббат тыным бермей,
Күндіз-түні кеудемді ұрғылаған,- дей отырып бүгінгі 4 Б сыныбындағы Астана- бас қалам атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Тәрбие сағатымыздың 1- ші бөлімінде ҚР-ның астанасы болып аталған қалаларға тоқталамыз. Ең бірінші ҚазАКСР-ның астанасы болған Орынбор қаласына келіп тоқталайық.
Замира: Орынбор қаласы 1920-1924 жылдар аралығында Қазақ Автономиясының астанасы болды.Ол қазақ елінің дамуымен қалыптасуы үшін маңызды роль атқарды.
Бір кездері қазақ өзі қайтарған,
Өрлігімен елге астана атанған.
Орынборым Рессейдің жерінде
Әлі күнге достық жібін жалғаған.
Жүргізуші: Ал, оқушылар,міне бәріміз еліміздің алғашқы астанасы аталған Орынбор қаласына тоқталдық. Еліміздің келесі астанасы болған қала Қызылорда.
Бейбарыс: Қызылорда қаласы 1924-1929 жылдары қазақ елінің астанасы болды. Бұл қала кезінде қазақ жері біртұтас Республика болып құрылды.
Қызылорда астана боп еліме,
Қазағымның жер аумағы кеңіді.
Халық саны күннен-күнге көбейіп,
Еліміздің мәртебесі кеңейді.
Жүргізуші:Бейбарыс айтқандай Қызылорда ел астанасы болған кезде қазақ елі үшін маңызды роль атқарған кез болды. Себебі шашырап жатқан қазақ жері Республика болып құрылды,қазақтыңелі,жері кеңіді. Еліміздің қандай жетістіктерге жеткенін одан әрі білу үшін Алматы қаласына тоқталайық.
Гүлшат: Қыдыр қонып,құт дарыған киелі қоныс, мүбәрак мекен-Алматы! Алматы-ҚР-ның ғылыми,саяси шаруашылық және мәдени орталығы 1929-1997 жылдар аралығындағы еліміздің бұрынғы астанасы. Алматы-дүние жүзіндегі ең жасыл желекті қаланың бірі. Ежелгі Алматы Алмалы жер деп бекер аталмаған.1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәсі болған,ТМД құрылған тарихи қала. Алматы қаласы күні бүгінгі таңда Медеу мұз айдыны орналасқан әлемдік өнер ордасына айналған туристік қала.
Алматы-сұлу қала,
Апорты жерге төгілген.
Күн сайын сұлулана,
Өрнегі өрге өрілген.
Қазақтың ұл-қыздары,
Арманын биіктеткен,
Елімнің жұлдыздары
Өрнегін үйіп-төккен.
Медеудей мұз айдыны,
Көк мұздан алқа таққан.
Алматы өр айбынды
Арайлы бақыт тапқан.
Жүргізуші: Еліміздің келесі астанасы болған-Ақмола қаласына тоқталамыз.
Абылай: Ақмола ертеде бекініс болған. Ақмола қаласының қазақ елі үшін маңызы зор.1961 жылы Ақмоланың атауы Целиноград болып аталды.1992 жылы қайтадан Ақмола атауына ие болды. Ақмола қаласы 1997 жылдан бастап ҚР астанасы болды.

Ән: Елімнің жүрегі-Астана Ниязбаева Альбина, Жынгылбаев Байбол
Жүргізуші:Арман жүгін арқалаған-Астана,
Секілдісің тәй-тәй басқан жас бала.
Сенде жарқын болашақтың тілегі,
Жігер берер кәріге де, жасқа да.
Таңдай қаққан жер жүзінің бар елі,
Көз тартады көркің әсем әдемі
Жігер берер жолындағы жастарға,
Сенде барлық жаңалықтың әлемі, -деп, Қазақстанның күні бүгінгі Астанасына дейінгі астана болған қалаларына тоқталып өттік. Енді тәрбие сағатымыздың 2-ші бөлімінде Елордамыз аталған-Астана қаласының жыл бойынша даму тарихына тоқталайық
Нұржігіт: 1830 жыл. Бүгінде еліміздің бас қаласы болып отырған Астана қаласының алғашқы іргетасы ретінде қаланды. (А)

Анар: 1832 жыл. Бірте-бірте ұлғая түскен елді мекен қала мәртебесін алды.Ташкенттен Оралға және Рессейдің көптеген жерлеріне апаратын керуен жолы бойына орналасқан. Ақмола тез арада ірі сауда орталығына айналды. (С)

Байбол: 1929 жыл. Бурабай-Ақмола темір жолы желісі салынды. Темір жол көлігінің дамуы қалада жұмысшы тобын қалыптастыра бастады. Тұрғындар саны өсе түсті. (Т)
Қуандық: 1937 жылы қаланың шекарасы айқындалды. Сол кезде қала 169 орамға бөлініп, онда 56 көше, 4 алаң бар. (А)

Айдана: 1939 жыл. Ақмола облысы құрылды. Оның құрамында Торғай және Көкшетау облыстары кіріп, Ақмола осы ірі аймақтың әкімшілік орталығы болды. (Н)

Ш. Нұрсұлтан: 1940 жыл.Ақмола-Қарталы темір жол желісі тартылып, ол Қарағандының көмірін Рессейдің кәсіпорындарына ең қысқа жолмен жеткізуді қамтамасыз етті. Қалада өндіріс саласы дамыды. Бұл Ұлы Отан соғысы жылдары еді. (А)

К. Нұрсұлтан: 1950 жылдың соңына қарай 58 өнеркәсіп жұмыс істеп тұрады. (А)

Альбина: 1952 жыл. Ақмола-Павлодар темір жол желісінің құрылысы аяқталды. Енді қала солтүстік аймақтағы ірі Темір жол торабына айналды. (Й)

Мейірбек: 1958 жыл: Қалада тұңғыш жоғары оқу орны-Ақмола ауыл шаруашылығы институты ашылып, ғылыми зерттеу институтының жүйесі дами бастады. Бүкілодақтық астық және оны өңдеуден алынатын өнімдер ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы ашылды. (Ш)

Асылбек: 1961 жыл: Ақмоланың атауы Целиноград болып өзгертілді. (Ы)
1992 жылы: қайтадан Ақмола атауына ие болды. (Қ)

Камшат: 1994 жыл 6 шілде. Жоғары кеңестің пленаралық мәжілісінде президент Н.Ә.Назарбаев парламент қарауына еліміздің астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы мәселесін ұсынды. (Т)

Қазбек: 1997 жылы 10 желтоқсан күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп ресми түрде жариялады. (А)

Жібек: 1998 жылы 6 мамыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР-ның астанасы Ақмола қаласының атауының өзгертіліп, бұдан былай ҚР-ның жаңа атауы Астана қаласы болатындығы туралы жарлыққа қол қойды. (Р)

Нұрсұлтан.О: 1998 жылы 10 маусым. Қазақ елінің жаңа ордасы-Астана қаласының тұсаукесер тойы өткізілді.Астана қаласының арнайы қалалық маслихаттың шешімін 10 маусым Астана күні болып белгіленді. (Ы)

Мәнерлеп өлең оқу.
Өтепберген Ақыпбекұлы-Астана Г. Гүлшат.
Сарыарқаның төсінде
Төне түсіп Есілге.
Бой көтерген Астана
Ілесті өмір көшіне.
Тауып тыңнан текті жол,
Сағат сайын өсті ол.
Әлемді жалт қаратып,
Шуақ нұрын төкті мол.
Ел тілегі бұрынғы,
Астана боп тірілді
Көне Отырар, Сауранның,
Көзіндей ол-бүгінгі,
Тасқа қашап текті өлең,
Арпалысқан өртпенен
Күлтегіннің
Астана-
Ақ арманы көксеген,
Еркін елдің-қызыры
Қызығы да,
Қыз,ұлы!
Гүл жайнаған Астана
Тәуелсіздік тұғыры!
Тұғырлы ел ғұмырлы!
Жүргізуші: Жақсы міне, мына тақтадағы Астана айшықтары деген жазу біздің тәрбие сағатымыздың 3-ші бөлімі. Бас қаламыздың тарихы өте тартымды.1998 жылы Ақмола қаласына ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға медаль мен Бейбітшілік қаласы атағы берілді. Қала жылдан-жылға зор қарқынмен дамып келеді, болашағы өте зор. Енді бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғады. Қалада аз жылдың ішінде Президент сарайы,Үкімет пен Парламент, тамаша тұрғын үй кешендері, зәулім әкімшілік үйлері, монументтер мен архитектуралық ескерткіштер бой көтерген. Астана-Сарыарқаның қақ төрінде, қарқынды дамуға ыңғайлы, тоғыз жолдың торабында орналасқан. Президент жолдауында Қазақстан үшінші мыңжылдықтың табалдырығында өзінің тарихи тағдырын анықтайды-деген. Осы сөзде көп мән жатыр.Астана-Еуразия жүрегінде. Қазақстанның жүрек тұсында Елордамыз Астананың бүгінгі таңда гүлденген әсем жерлерін экран арқылы тамашалайық
Слайд көрсету.
Жүргізуші: Міне, оқушылар Елордамыздың көркейген жерлерін көрдік. Енді кезекте осы әсем ғимараттарды өзіміз суреттеп шығайық.

Теміртас: Ақода-Астана қаласындағы Елбасымыздың жаңа резиденциясының ең бастысы. Ол Елбасымыз өз жұмысын атқарып, басшылық етіп отыратын сәулетті ғимарат.
Ақода қазақтың елдігі,
Құшаққа сыймаған кеңдігі.
Ақорда-әдемі көркімен,
Жанарға сыймаған өрлігі.
Альбина: Мынау Президенттік Мәдениет орталығы. Мәдениет үйінің нақ алдында көне түріктің көзі-Күлтегін ескерткіші орналасқан. Сонымен бірге Мәдениет орталығының алдындағы жайқалған гүлдер өткеннің назарын еріксіз аударады.
Өткенге тәубә қыламыз,
Көне күмбез сыр аңыз.
Ұрпаққа-ұрпақ жалғаған,
Мәдени мәңгі мұрамыз.
Жібек: Энергетик және минералдық ресурстар министрлігі. Бұл сәулетті кешен әлемдегі 7 кереметтің бірі болып аталған Вавилон қаласындағы Аспал ы бақ қақпасына ұқсайды.Ғимарат өзінің биіктігімен, әсемдігімен Астана келбетіне өзіндік сән беріп тұр.
Абылай: Мына суретте Кенесары ескерткіші бейнеленген. Кенесары хан қазақтың соңғы ханы болып есептеледі. Ол қазақтың азаттығы, теңдігі үшін алысқан ер.
Үзеңгідей тебінер,
Күмбезденген кей үйлер.
Тұлпар мінген Кенехан
Күндік жерден көрінер.
Болатбек:Бұл суреттен көретініміз үш бидің ескерткіші. Бұл ескерткіш болашақ ұрпақ үшін өте маңызды.Ордабасы биігінде бар қазақтың басын қосып, тірі қалу үшін ірі болуы керектігін, ірі болу үшін бір болу керектігін ұрпақтан-ұрпаққа ұқтырып кеткен үш ұлы биіміз-Төле би, Қазбек би, Әйтеке би де-алдымен қазақтың бар баласының азаттықтты мұрат тұтуын қамдаған.
Айдана: Қазақстан темір жолы. Бұл суретте Астана вокзалы көрсетілген. Заман талабынан қалыс қалмаған вокзал ғимараты Астананың мәртебесін марқайтып, бас қалаға ат басын тіреген жолаушыларға қалтықсыз қызмет көрсетуде
Әуе жолдар жолағы
Темір жолдар торабы
Тоғысқан жер-Астана
Сарыарқаның жаңбыры
Сан адамның тағдыры
Табысқан жер-Асана
Анар: Бұл достық монументі. Бұл белгі Қазақстан Республикасының көптеген елдерімен достық қатынаста екенін білдіреді.Тіпті осы Астана қаласының өзінде жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Көп ұлтты ел болуымыз- біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Камшат: Көлік жане комуникация министірлігі
Жақын келіп тұсына
Көр көзіңмен қысылма
Зымырандай бір үй бар
Дайын тұрған ұшуға
Алыстан көз тартады
Әлемге аян атағы
155метр биік ол
Бұлттанда әрі асады
Қабат-қабат тамсантар
Жалығарсың шаршап сәл
Үш қайыра бүккенмен
Қолдағы жетпес саусақтар
Қиюласып тастар нақ
Кеткен шырқап аспандап
3Н қабат үй емес
Көкке бастар баспалдақ
Мейірбек: Қала жылдан-жылға зор қарқынмен дамып келеді. Мына суретте Үкімет, сенат, мәжіліс үйлері бой түзеген. Бұл ғимараттар Астананың аса тартымды, көрікті жерлері. Астанасына қарап елін таниды демекші жана Астана Сарыарқа төрінде қарыштап өсіп келеді. Астана еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.
Нұрсұлтан О: Интер континенталь қонақ үйі
Күн нұрымен құбылар
Сары құмдай түрі дәл
Әсіресе, бәрінен
Оқшау биік бір үй бар.
Зәулім биік тұлғалы
Бөлек нақыш ырғағы
Интер континенталь
Осы қонақ үйі екен
Асылбек: Нұр Астана мешіті.Бұл талай қарттардың көңілін қуанышқа бөлеп, талай жастың жүрегіне имандылық құйған мешіт. Ол біздің тәуелсіздігіміздің шынайы жемісі Нұр Астана мешіті де сырты Астана көркіне іші халықтың асыл игілігіне айналып отыр.
Анар:Жоғарғы сот қазақ елінің барлық сот жүйесін шешіп отырады.
Асып келген сан белден,
Қарсы алуға таңды елмен
Зәулім мына әдемі үй
Жоғағы сот боп иемденген.
Замира: Астана халықаралық әуе жайы. Бұл әуежай-әсемде айбарлы. Сонау алыстан менмұндалап тұратын әуе жай жолаушыны арман әлеміне ұшырады. Әсемдігімен де, сұлулығымен де көз тарататын бұл әуежайдың Астана көркіне айналғаны сөзсіз.
Болатбек:Су бұрқағы-Астана фонтаны.
Ұлы қиял арманды,
Ғимараттар жалғады.
Қалаға сән беріп тұр,
Астананың фонтаны.
Теміртас:Білім және ғылым министрлігі. Бұл ғимарат-Астана қаласындағы білім және ғылым саласын қамтитын сәулетті кешен.
Көк күмбезді төбесін,
Сонадайдан көресің.
Қос қабатты қос шеңбер,
Кереге ме не дерсің?
Күнде байқап жұрт легін,
Ынтам артты күрт менің,
Ішін ойша қызықтап,
Қарап тұрмын сыртта өзім.
Елдік ғұрпы танылар,
Осында екен қазына,
Кітапхана, мұражай
Оқу залы, бәрі бар.
Альбина: Бәйтерек монументі. Монументтің жалпы биіктігі 97 м. Бәйтерек сөзінің мағынасы-жас, мықты, өсіп келе жатқан ағаш деген ұғымға саяды.Сондықтан дәл осы ескерткіш әлемдік қауымдастықтағы жаңа Астананың рәмізі болып табылады.
Ұмыт қалған жазылмай,
Есте жоқ ескі тағдырдай
Әлем әлі көрген жоқ
Бәйтеректі дәл мұндай.
Тудырған қайта бұл заман
Ғимарат алып нұрланған,
Жұмақтай елде жарылмай,
Жұмыртқа тірлік тұр аман.
Нұр сыйлап қала көркіне,
Тағзым етіп, жер күнге,
Тұр ғажайып ғимарат
Зор Бәйтерек кейпінде.
Ән: Елім менің Т.Акадилов.
Жүргізуші: Алтын ордам-арайланған Астанам,
Жаңа дәуір көшін алға бастаған.
Сенсің менің жаңа қалам,бас қалам,
Шалқып жатқан той-думаны, асқақ ән,
Таң шапағы шомылдырған арайлым
Арманы ең бабалардың, талайдың,
Әр күн сайын, сағат сайын жаңарған,
Келбетіңе тамсана мен қараймын.
Асыл қалам ақыл-ойдың жемісі
Бар бойынан табылмаған кем ісі
Сәулетіңмен тамсандыршы қаламды
Кең екенін көрсет елдің өрісі.
Әз Астанам ел жүрегі, тірегі,
Ғасырларға даңқың жетсін тілегім,
Көк байрағым көкке қолын созып тұр,
Ұлы елімнің мұраты деп білемін,- дей келіп, бүгінгі Елордамыз Астана қаласының әсемдігімен, сұлулығын жырламаған ақын жоқ. Елбасымыздың Елордамызды көркейтуіне орай саясаткерлердің айтқан пікірлеріне тоқталайық.
(Буклет бойынша түсіндіру)
Жүргізуші:Ән ұран орындалады.
Қорытынды сөз, мұғалімнің сөзі:
Гүлденген Астана туралы өз піеірлерін айтқан саясаткерлер өте көп,оларддың барлығын айтып шығу біздің бү бүгінггі тәрбие сағатынымыздың қалған уақытына сыймас.
Тәрбие сағатынымыздың негізг мақсаты-бүгінгі көргейген арман арман қала Астанамыздың әсем ғимараттарының дамуымен танысу.Біздің елімізге қызыға да,қызғанада қарайтын ұлт өкілдері көп.Астана қаласы әлі күнге даму үстінде.Біз өз отанымыздың көркеюіне үлес қосуымыз керек.Сіздерде болашақта,Астана қаласына барып,оның әсем жерлерін өз көздерімен өріп,еліміздің мықты іргетасын қалайтын азамат болыңыздар дегім келеді.
Біреу ғана туған жері адамның
Менің жерім жері болған атамның ,
Туған жерді сүю үшін мәңгілік
Ақ сәулелі тауларымнан бата алдым
Қырға шығып қиялдарға берілем
Көп майсаға аунап –қунап керілем
Байлықпенен адам болмас бақытты
Бақытты ол туып өскенжерімен
Бүгінгі 4 б сыныбындағы Астана-бас қалам атты ашық тәрбие сағаты осымен аяқталды.Келгендеріңізге көп-көп рахмет.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.