Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі

0
Оқытушы аты — жөні: Ахметова Лаура Қуандыққызы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының Ресейдің отарлық үстемдігіне қарсы ұлт — азаттық күрестері.
Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі (1783 — 1797жж).
Сабақ мақсаты:
Білімділік: 1. Оқушыларға 1783 — 1797 жылдардағы көтерілістің негізгі шарттары, себептері, мақсаты, көтеріліс барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып, оларға 1783 — 1787 жылдардағы Қазақстандағы саяси оқиғалардың дамуына Сырым Датұлының тигізген ықпалын ашып көрсету.
Тәрбиелік: 1. Ұлт — азаттық қозғалыстың негізгі оқиғаларымен таныса отырып, оқиғаларға фактілерге талдау жасап үйренеді;
2. Тарихи оқиғалар туралы өз бетінше пікір айтуға дағдыланады.
Дамытушылық: 2. Ой қозғау арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау, қабілетін дамыту алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуіне үйрету.
Сабақтың құндылығы Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

І. Оқу іс — әрекетін ұйымдастыру
Оқушыларды (3 мин) Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Топты әріптерді құрастыру арқылы бес топқа бөлу. Топ мүшелері топ атына байланысты терминдердің мағынасын ашады. «Жайық», «Еділ», «Жем», «Ойыл», «Сағыз» өзендері нің атаулары арқылы бес топқа топтастырылады.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау (керекті білімдерді еске түсіру)
Ресей патшасының Қазақстанда жүргізген көші — қон саясаты
Жоспары:
1. Әскери казактық отарлау.
2. Қазақстанға Ресей шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері
3. Қоныс аударудың бірінші кезеңдері
4. Қоныс аударудың екінші кезеңдері. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер.
5. Қоныс аударудың үшінші кезеңі.
Патшаның қоныстандыру саясаты кезеңдері 1861 ж Ресейдегі басыбайлықтың жойылуы және оның Қазақстанға әсері.
Жетісуға ұйғырлар мен дұнғандардың қоныс аударуы. Столыпиннің аграрлық реформасы және қоныстандырудың жаңа кезеңі.
Қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алу және қоныстандыру саясатының зардаптары.
Мұғалім мына үш мәселенің басын ашып береді. Оның біріншісі – патша өкіметінің көші — қон саясаты туралы, екіншісі – Кеңес өкіметінің осы көші — қон саясатын жалғастыруы туралы, ал үшіншісі — Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы туралы. Ендігі жерде мұғалім оқушының логикасын дамытуға ойтүрткі жасайды.

Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы білім басқармасының
«М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі»
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тарих және құқық пәнінің оқытушысы
Ахметова Лаура Қуандыққызы
Үздік ұстаз бәйгесіне

Қазақ халқының Ресейдің отарлық үстемдігіне қарсы ұлт — азаттық күрестері. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі (1783 — 1797жж) жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/