Сыныптан тыс жұмыс «Бірлігі жарасқан,біздің ел- Қазақстан»
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сыныптан тыс жұмыс «Бірлігі жарасқан,біздің ел- Қазақстан»
Автор: Баяхметова Жанат Жанахметовна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-02-10
Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс бастауыш мұғалімдеріне,шағын орталық тәрбиешілеріне,мектепалды даярлық мұғалімдеріне арналған.
2-жүргізуші: АқниетТүрік биі орындайтын Аймұханбетова Алтынай
8-оқушы Аслия /неміс /Болсын жер мен су да ортақ.Болсын біздің ту да ортақ.Ақпыз, қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз.9-оқушы: Ернұр /неміс/Сары, ақпыз, қарамыз,Бәрімізде баламыз.Бір Отанда тұрамыз,Бір мектепке барамыз.4-оқушы:Кәусар /корей/Алтай, Кавказ ұласып,Бауырайы әсем кең жатыр.Бақытты әні шарықтап,Құлаққа даусы кеп жатыр.5-оқушы:Диас /корей/Қырғыз, қазақ, өзбектер,Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,Армян, тәжік, грузин,Орыс пенен украин,Терезесі тең жатыр.1-жүргізуші: ЕрнарӘн: «Атамекен» 2-жүргізуші: Ақниет Үнді биі орындайтын Ержанқызы Камила6-оқушы: Алтынай А/түрік/Біз балдырған тең басқан,Дос құшағын елге ашқан.Тілегіміз бейбіт күн,Ашық болсын көк аспан7-оқушы: Аяла/армиян/Қазақ елі,Қазақстан жыр елі,Ынтымағы жарасады киелі.Қазақстан аясында бұрыннан,Бауыр басқан ұлттар өмір сүреді.8-оқушы:Нұрқасым/Өзбек/Бір-бірімен тату тәтті тұрады,Бәрінің де Қазақстан — тұрағы.Көк аспанда көк тулары желбірепАспанында қалықтайды қыраны.1-жүргізуші: ЕрнарИспан биі орындайтын Бағалтаева Мадина2- жүргізуші:АқниетӘн: Отан — ортақ үйімізКорей халқының биі.Орындайтын Ерболова Кәусар1-жүргізуші ЕрнарҚазақ жері – қонақжай төрдің жеріҚазақ елі – қас Сақтай ердің еліТолқынында тарихтың қуғын көргенБарша ұлтқа құт мекен болған еді2-жүргізуші: АқниетТілі бөлек болғанымен тілек бірҰлы достық мәпелеген жүрек гүл, Қазақстан бар ұлысқа шаңырақШайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.1-жүргізуші ЕрнарҚазақ жері достықтың гүлстаны Дархан өлкем мерейлі ырыс бағыКүрестерде, еңбекте,мерекеде,Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.2-жүргізуші: АқниетДостықтары тамыр болған ежелден,Кімдер қашсын қазақтайын өр елденБейбітшілік құсы көкте самғасынҚазақстан шарықтай бер кемелден.Олай болса, ел іргесі тыныш, бірлігіміз бекем болып,бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешейік дей отыра «Ақ көгершін» әнімен ертеңгілігімізді аяқтаймыз./Оқушылар «Ақ көгершін» әнін айтып болған соң, далаға шығып, шарға байланған қолдарынан жасаған көгершіндерін ұшырады/Ән: Ақ көгершін/хор/
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.