Сыныптан тыс жұмыс. «Білімділер мекені» интелектуалдық сайыс 5-сынып

0
255


Сыныптан тыс жұмыс. «Білімділер мекені» интелектуалдық сайыс 5-сынып

Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 5 сынып

Оқушылардың интелектуалдық қабілеттерін шыңдау. 5 сынып оқушыларының математика, қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен білімдерін бағалау.

Тақырыбы: Білімділер мекеніМақсаты: 5-сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, топта жұмыс істеуге үйрету, интелектуалдық қабілеттерін шыңдау.Әдісі: интелектуалдық сайысКөрнекілігі: слайдтар, таратпа материалдарБарысы:Жүргізуші: Қайырлы күн, «Білімділер мекені» сайысына қатысушылар және жанкүйерлер!-Бәйгеге түсіп жарыспай,Жүйріктің бағы жанар ма?Білім мен өнер жарысып,Тәлім, тәрбие табар ма?Бұл бәйге ойдың бәйгесіКім жүйрік ойға-сол алда- дей отырып, сайысымыздың бүгінгі қатысушыларын ортаға шақырайық!Алдымен сайысқа қатысушыларды топқа бөліп алайық.5 ойыншыдан 3 топқа бөлеміз.Сайыс жоспары:1. Топтың аты, топбасшысы, ұраны, қысқаша таныстыру.2. Бәйге ( топбасшысы ойланбай, тез 10 сұраққа жауап береді).3. Көкпар ( әр топқа жұмбақ қойылады, топ жауап бере алмаса, басқа топтар жауап берулеріне болады).4. Ғажайып төрттік (сұрақтың тақырыбын сұрақтың нөмірін топ өздері таңдайды)5. Сиқырлы сандық ( ребус шешу)

ІІ. «Бәйге». Блиц сұрақтар: І топбасшыға1. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс)3. Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз кім? (Ы. Алтынсарин).4. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров).5. Қағаз неден жасалады? (ағаштан).6. Емен, қайың, терек өсімдіктердің қай тобына жатады? (ағаштар).7.Қазақ тіліне тән дыбыстар саны (9).8. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын (Абай Құнанбаев)9. Жерге жақын жұлдыз (күн)10. Жыл басы не? (тышқан)ІІ топбасшыға:1. 1 км де неше метр бар? (1000)2. Бөлгіші екіден көп сан қалай аталады? (құрама)3. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері (Ю. Гагарин)4. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)5. Абайдың әжесі (Зере)6. Орман дәрігері аталатын құс (тоқылдақ)7. Ең алып сүтқоректі (көк кит)8. Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)9. Қалталы аң (Кеңгіру)10. Зат есімнің сұрақтары (кім ?, не?)

ІІІ топбасшыға:1. Бір жылда неше күн бар? (365)2. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)3. Жердің серігі (Ай)4. Абайдың анасы (Ұлжан) 5. Ең кішкентай құс (Калибри)6. Бүгін аптаның қай күні (сенбі)7. Неше септік бар? (7)8. Қасқырдың баласы (бөлтірік )9. Уақыттың жылдамдыққа көбейтіндісі (қашықтық)10.  Мойны ұзын жануар (жираф – керік)

ІІІ. «Көкпар». Жұмбақтар:1) Асқар тауда,     қара орман.       (шаш — волосы –hair2) Қимылдаса қос шебер,     Қыруар –қыруар іс өнер  (қол – рука –  hand)3) Жүзіне салсаң көзіңді,    Көрсетеді өзіңді.           (Айна-зеркало-mirror)

ІV. Ғажайып төрттік.Математика.1. 16 саны 2 санының қандай дәрежесі? (4)2. 0,1.2,3,4,5,6,7,8,9 сандары берілген. Қайсысы үлкен қосындысы ма, көбейтіндісі ме? (қосындысы)3. Бөлмеде 5 май шам жанып тұр. Екеуін өшіріп қойса нешеуі қалады? (2)

Қазақ әдебиеті.1. Абай өлеңіндегі 5 асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)2. Ертегідегі Кендебай кімнің баласы, қай жерді мекендеген? (Казанғап атты кедейдің баласы, Қарасудың бойын мекендеген)3.Қобыланды батырдың тұлпарының аты (Тайбурыл)

Тарих1.Ежелгі тас ғасыры қалай аталады? (полеолит) 2. Сақтардың патшайымы кім? (Тамирис)3.Ғұндардың императоры кім? (Еділ-Атилла)

V. Сиқырлы сандық . Ребустар.Қорытынды. Әділ қазыларға сөз беру. Сайыс қорытындысын шығару. Оқушыларды марапаттау.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.