Сыныптан тыс шара Тәрбие сағаты : «Төрлет, Жаңа Жыл!»
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сыныптан тыс шара Тәрбие сағаты : «Төрлет, Жаңа Жыл!»
Автор: Рахметова Шырын Талгатовна
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 11 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-19
Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің 11 «А» сыныбына арналған сценарийі Күні: 29.12.18 Шырын: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Гүлжан: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Шырын: Кел, жаңа жыл,Төрле, төрле жеріме,Құт береке әкелгейсің еліме,Үміт артып армандарға аяулыШаттығыңа бөлегейсің бізді де,- дей отырып мектеп директоры Манжибаева Айнур Аралтайқызы балаларға деген ыстық лебізін қабыл алайық.Гүлжан: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,Жаңа табыс тілейік ісімізгеКеле жатқан жаңа жыл құт әкелсін,Мына отырған барша жан бәрімізге Шырын: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.“Жаңа жылмен құттықтаймын”деген үн,Қанаттана кең алқапқа тарайды Гүлжан: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер!Шырын: Төрлетіңдер, төрлетіңдерШырша сәнін көріңдерӘсем әнмен би билеп,Күй жырларды төгіңдер-дей келе ортаға кешімізді әнмен ашатын 11 а сынып оқушысы Еркін Амина «Кел, Жаңа Жыл» әнімен Гүлжан : Аппақ бүгін қыр, далам,Ақ дастарқан жапқандайХалық біткен қарбалапҚонақ күтіп жатқандайКөңілде көп қуанышӘр көңілде-жақсылықКетер жылға мың алғысӘкелген көп жақсылық. Шырын :Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,Жаңа жыл— шуылдаған жаңа ормандар.Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар11 а мен 11 б сыныптарының флешмоб билейді. Шырын: Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан жылан жылы мерекесімен құтықтаймыз.Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Гүлжан: Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке.Неге десеңіздер?Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды.Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Бүгін бізде Ертегі мен бірге саяхат жасаймыз.Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.Достар, біз халықаралық эксрпесс поезының жұмсақ вагонына отырып, Жаңа жылдық сапарға аттанамыз. (Пойыздың дауысы) І- аялдама Польша (Музыка Полька)Шырын: Варшава Польшанаң астанасы. Жаңа жыл қарсанында Варшава қаласы нағыз балаганға айналады.Күні-түні карнавалдық кештер өтеді. Ерлер әйелдердің киімін киіп, балалар бет-әлпеттерін, жүздерін түрлі бояулар мен бояйды. Көшелерін түрлі шарлар мен көркемдеп, безендіреді. Сағат түнгі 12-ні соққанда Варшава қаласының тұрғындары шарларды жара бастайды, сонда салют фейерверк пайда болады.Сондықтан бізде мерекелік салют, фейерверк жасаймыз 1ойын: Ортаға 3 жұп шақырылады. Әр жұпқа шарлар беріледі. Жұптар араларына шар қыстырып, би билейді. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін— бірі құшақтап шарды жару керек. Кімнің шары жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.Пойыз дауысыМузыка Бах Гүлжан : 2 аялдамаГермания-ұлы ғалымдардың, ақындардың музыканттардың отаны.Жаңа жылдық түнде Моржатазартқышты кездестіріп, күлге бүліну-Германияда бақытты белгі деп саналады, ал түнгі 12 00-де, орындық пен үстелдін үстіне шығып,айқайлап Жаңа жылға қарсы секіру керек екен . 2 ойын: Ұлдарға 3 ұл ортаға шығып, бір қатарға тұрып , Жаңа жылға қарсы секіреді.Кім алысрақ секіреді сол женімпаз болып саналады. Европаны араладық , ал енді ыстық экзотикалық Африкаға барамыз., бірақ поезд онда жүрмейді Сондықтан біз машинамен барамыз.Ия, шіркін жол үстінде ән тыңдағанға не жетсін! Ендеше Марғұш Гүлсаттың орындауында орындауындағы әнді қабыл алыңыздар. Көлік дауысы:Шырын: 3-ші аялдама Білесіздер ме? Кения тайпаларының бірі Жаңа жыл қарсанында бір-бірінің бетіне түкіреді екен, солай олар денсаулық, бақыт, табыс тілейді екен. Өте экзотикалық дәстүр,екен, бірақ сіздер қобылжымаңыздар.Біз бір-біріміздін бетімізге түкірмейміз, бірақ африканша достарымызды құттықтаймыз.3 ойын: 3 қатысушы ортаға шақырылады. Әр біреуіне соска –пустышка беріледі.Кім алысрақ түкіреді сосканы ,сол жеңімпаз болып саналады.Африка –ыстық күйіп тұрған күн, өткізбейтін джунгли және темпераментті, жандандырылған билер. Ендеше африкандық би марафоның жариялаймыз.( Би-5 мин) Би арасында ең күшті бишіні таңдаймыз.Саяхатымызды жалғастырамыз автокөліктен корабльге отырып, америкаға жол аламыз. БРИТНИ СПИРС әні Гүлжан: 4 аялдама Біз Америкадамыз.Бостандық ескерткіші, Майкл Джексен, Мадонна, және Арнольд Шварцнейгр.Жаңа жыл қарсаныңда Америкада ең күшті , ең мықты қайратты деп саналатын конкурс өткізіледі.Ендеше ортаға өзін күшті, мықты деп саналатын оқушыларды шақырамыз.Конкурс Сіздерге мынадай тапсырма: оң қолынызды артында ұстап, сол қолымызбен газетті бұрышынан ұстап, жұдырыққа жинап алыныз. Ең жылдамы женімпаз болып саналады.Саяхатымызды жалғастырамыз.Ұшаққа отырып Жапонияға ұшамыз. Ұшақ дауысы;Жапония МУЗЫКАСЫШЫРЫН: 5 аялдама 31 желтоқсанда күні жапондықтар, үйлерін жинап, тазалайды, ал түнгі 12.00 де ұйқыға жатадыЖаңа жылдың күннің бірінші сәулелерін қарсы алу үшін, таңның атысымен тұрады екен. Жапония жұмбақты ел, Бұл елдің тұрғындарының таланттары көп, бірі-басқа кісінің ойын айту.Ендеше біз белгілі жапондық сиқыршының салонындамыз.Біз осы жиналған қауымның ойын ести аламыз.Енді саяхатымызды жалғастырамыз. Ұшақ дауысыОрыс әні2-ЖҮРГІЗУШІ: 6 аялдама Біз көрші елімізге Ресейге келдік. Сіздер білесіңдер ме? 1700 жылға дейін Ресейде Жаңа жыл мерекесін тойламаған. 1966 ж 15 желтоқсанында Петр І 1700 ж 1 қантарынан бастап Ресейде жаңа жылсанау басталады деп жарғы жариялайды. Осы күні пушкалардан ату, смола жағу, үйлерді пихта, шырша ағаштарымен безендіру және де ән айтып, би билеу керек екен. Ендеше ортаға 10-11 сынып оқушыларын вальс биімен қарсы алыңыздар МАШИНА ДАУЫСЫЖаңа жыл мерекесі құтты болсын,Әрқашан мерекелік көңіл болсынКеудеміз күмбірлеген жырға толып,Қане достар, күлкімен орта толсын алыңыздар Шырын :7-ші аялдама: Қонақта жақсы, ал үйде оданда жақсы .Сонымен Біз Қазақстанға Балқаш ауданы, Балатопар ауылына №2 Жамбыл орта мектебінеораламыз.Көрініздер біздің мектепте қалай жаңа жыл мерекесін қарсы алады.Сіздерді келесі конкурс күтіп тұр. Сіздердің алдыңызда сағат сюрпризібен, сіздердің араларынызда сол сюрприздің иесі отыр.Кім ол ? Ешкім білмейді, менде білмеймін. Сіздердің билетерінізде номер бар. Сол номер бойынша ойынның кандидатын анықтаймыз. Сонымен номерлі қатысушыны ортаға шақырамыз. Ал енді қарсыласыңызды өзініз таңдаңыз. Ойынның шарты: кім конкурста женеді сол сағаттың тілін 5 мин алдыға жылжытады. Біз сіздер мен сағаттың тілі 12 00-ге барғанынша жалғастырамыз.Кім сағаттың тілін 12 00-ге апарады сол сюрприздің иесі болады.Конкурс-1 Сіздердің алдарыңызда 6түрлі лента. Лентаның біреуінде сыйлық байланған. Кім соны тартып алады, сол ойыннан шығады. Өйткені ол өз сыйлығын алды.Шырын: Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысымЖақсылықтың жаршысы да нұрысыңАдамдардың асқақтаған арманы,Ақындардың таусылмайтын жырысыңГүлжан: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жырІзгілік, бірлік дәнін ортаға ысырҚұт болып береке бер халқымызғаМерейін мәртебесін биікке асыр. –Шырын: Ең жақсы ән- айтылмаған ән, еңжақсы қала –салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл.365 ашық күндер, жақсылықпен, кездесулер әкелсін.Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын.Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсін!Гүлжан: Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Міне жаңа 2019 жыл да келді. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын! Бірге: Жаңа жылдырыңыз құтты болсын! С Новым Годом! Happy New Year!
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.