Сыныптан тыс шара. Фестиваль «Мен- өз елімнің патриотымын»

0


Сыныптан тыс шара. Фестиваль «Мен- өз елімнің патриотымын»

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 3 сынып

Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет сыныптан тыс шара. 1-4-сыныптарына арналған «Мен-өз елімнің патриотымын» атты фестиваль

Бекітемін: ________ Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Амиртаева М.С

«Мен – өз елімнің патриотымын»(Бастауыш сыныптар бірлестігінің «Білім бастауымен рухани жаңғыруға қадам басамыз» атты апталығында өткізілетін патриоттық әндер мен өлеңдерді мәнерлеп оқу фестивалі)

Мақсаты: Оқушыларды өз елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеп қадірлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Патриоттық әндер мен өлеңдерді орындау шеберлігін арттыру.Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, (Сахна мерекеге сай безендірілген, ән ойналып тұрады. «Мәңгілік Ел» стратегиясы бойынша слайд көрсетіледі).

Барысы:1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті  ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!  Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебінің  Бастауыш сыныптар бірлестігінің «Білім бастауымен рухани жаңғыруға қадам басамыз» атты апталығында өткізілетін Бастауыш сыныптарының өнерпаздарының   «Мен – өз елімнің патриотымын» атты патриоттық әндер мен өлеңдерді мәнерлеп оқу фестиваліне қош келдіңіздер!                     

2-ведущий: Добрый день участники фестиваля, гости и учителя! Мы приветствуем вас на фестивале патриотических песен и стихотворений «Я патриот своей страны», который проводится на неделе начальных классов в канун празднования Дня Первого Президента и Дня Независимости.1-жүргізуші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі — Әнұраны! ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады

1- жүргізуші: Бүгінгі патриоттық әндер мен өлеңдерді мәнерлеп оқу фестивалінде болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін мақсат бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы — 2050: Тәуелсіз елімізді бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ,біз үшін ортақ тағдыр — бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы », — деген болатын.Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Ол үшін Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, туған жерімізді, елімізді, салт-дәстүрлерімізді қастерлеп, мақтан тұтуымыз керек. 2-ведущий: «Мәңгілік Ел» — это национальная идея нашего общеказахстанского дома, мечта наших предков. «Мәңгілік Ел» — это национальная идея:Единая цель — это укрепление Мәңгілік Ел, укрепление независимости нашей Родины — Казахстана!Единые интересы — это  наши общие ценности, стремление жить в свободной и процветающей стране!Единое будущее — это расцвет «Мәңгілік Ел», нашего общего дома — Республики Казахстан.Ребята, а «Патриот, кто он?»Каждый, кто любит то место, где родился и вырос.Тот, кто любит и не забывает свою мать, свой домКто с гордостью осознаёт, что нет на Земле страны лучше нашей. Знает историю своей страны, гордится своими предками.Сегодня на нашем фестивале дети выразят свою любовь к Родине в стихотворениях и песнях.1- жүргізуші: Біздің мектебіміздің өнерпаз бүлдіршіндері де өздерінің туған жерге, елге деген махаббатын ән-жырларымен жеткізбек, олай болса мерекелік бағдарламамызды тамашалауға 1-2 жүргізуші: Қош келдіңдер!2-ведущий: Казахстан – мое счастье, Казахстан – моя гордость! Горжусь я тем, что есть у меня Великий Абай, великий Мухтар. Пусть краше становится наша земля! Я люблю свою Родину! Я люблю тебя, мой Казахстан! Наш фестиваль открывают учащиеся 2 «Б» класса. Классный руководитель Гулей Валентина Ивановна.1.Стихотворение «Мой родной Казахстан». Автор Музафар Алимбаев. Читает Ержанұлы Нұрболат.2.Песня «Из чего наш мир состоит». Музыка Б.Савельева, слова М.Танича. Исполняет хор.

1- жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің. Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан –елім менің!Сахнада 4 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Ералина Райса Төлепбергенқызы.1.Өлең «Ата қазақ» поэмасынан үзінді. Авторы Қайынназар Шотбасов. Оқитын Әзберген Лаура.2.Ән «Мен қазақтың баласы». Әні мен сөзі Саламат Сайымовтікі. Орындайтын Жәдігер Мақсотов.

2-ведущий: Слышишь песенку ручья. Это – Родина твоя. Слышишь голос соловья. Это — Родина твоя. Школа, где твои друзья, Это — Родина твоя.Приглашаем на сцену учащихся 3 «Б» класса. Классный руководитель Газизуллаева Гульфариза Муратовна.1.Стихотворение «Родина моя Казахстан». Автор Захар Креймлер. Читает Нұрланұлы Нұрхан.2.Песня «Тәуелсіз ел ұланы». Музыка и слова Гүлайым Жотаевой. Исполняют Жанабекқызы Аяжан, Болатбеков Бибарыс.

1- жүргізуші: Болашаққа бастаған, Шарықтайды асқақ ән. Елордасы Отанның Мақтанышы астанам. Қарыштап алға бас қадам Отанымның жүрегі, Елорда – менің Астанам.Сахнаға 2 «А» сынып оқушыларын шақырамыз. Сынып жетекшісі Утешова Жайнагуль Бекмаганбетовна1. Өлең «Астана». Авторы Т. Молдағалиев. Оқитын Құламанов Ансар.2.Ән «Жетекшіміз Нұр Отан». Әні мен сөзі Бота Бейсенованікі. Орындайтын Темірбекқызы Нұрсауле.

2-ведущий: Пусть на твоей земле, мой Казахстан прекрасный, Цветут сады, смеются дети! Не будет тесно людям разных наций! Мы самые счастливые на свете!

На сцене учащиеся 1 «Б» класса. Классный руководитель Раева Райса Сейдалиевна.1.Стихотворение «Казахстан – мой любимый край ». Автор Соболева Ангелина. Читает Сұлтанұлы Аян.2.Песня «Дружат дети всей земли». Музыка Д. Львова-Компанейца, слова В.Викторова.Исполняет хор. Солисты Абат Жанбота, Саршина Гүлбақыт, Токманбетова Амина.

1- жүргізуші: Сен неткен Отан — Анам, ғажап едің, Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. Болашақ ұрпағының бақыты үшін, Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елімСахнаға 0 «А» мектепалды даярлық сыныптың оқушылары шақырылады. Тәрбиешісі Баймаканова Жанна Нұрланқызы.1. Өлең «Елім менің». Авторы Зейнеп Айжарыққызы. Оқитын Еркеш Айшабибі. 2.Ән «Туған елім». Әні мен сөзі Бота Бейсенованікі. Орындайтындар Асланқызы Дина, Зейнолла Тамина.

2-ведущий: Ты цвети, Казахстан, расцветай,  Наш любимый и солнечный край!  Прославляем всегда мы тебя,  Будь прекрасна, родная земля! Приглашаем на сцену детей 0 «Б» предшкольного класса. Воспитатель Юсупова Альфия Радифовна.1.Стихотворение «Казахстан – земля родная». Автор Нурхан Жанаев. Читает Мырзалы Діңмұхаммед2.Песня «Моя Родина». Музыка О. Байдильдаева, слова Б. Искаковой. Исполняют Марал Балауса, Саматқызы Аягөз.

1- жүргізуші: Саған жырдан — сый арнағам, Қиял құсын қуған жерім, Туған жерін сүйе алмаған, Сүйе алар ма туған елін!Сахнада 1 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Қожабаева Мадина Кәрібайқызы.1. Өлең «Туған өлкем». Авторы Ө.Тұрманжанов. Оқитын Жұмағазы Аңсаған.2.Ән «Ағатайым-ай» Дәрібаевтар әні. Орындайтын Қылышбай Раяна.

1- жүргізуші: Отаным менің кең байтақ Қазақстан Аман өткен талай дүлей азаптан. Бар әлемді өз аузына қаратқан, Кім бар қане артық дейтін қазақтан?! Сахнаға 3 «А» сыныптың оқушыларын шақырамыз. Сынып жетекшісі Тагитаева Анар Акимовна. 1. Өлең «Төрт Ана». Авторы М.Шаханов. Оқитын Аманжолов Саят2.«Туған жерім». Әні мен сөзі Бота Бейсенованікі. Орындайтын Құдайберген Еркежан.

2-ведущий: Казахстан, расцветай же день ото дня! Казахстан – дом родной для тебя и меня! Пусть горит путеводная в небе звезда, Казахстан, мое сердце с тобой навсегда! Завершают наш фестиваль учащиеся 4 «Б» класса. Классный руководитель Мурзалина Айнагуль Игибаевна.1.Стихотворение «Наш Казахстан» Автор Тальнов Станислав. Читает Аталыкова Лиана.2.Песня «Елім нұрлы Қазақстан». Музыка К. Мерсалимова, слова М.Жумашевой. Исполняет хор.

1- жүргізуші: Бейбіт таңдар арайланып атады,                         Туған жерді аймалады шапағы.                         Байтақ елім Қазақстан!                         Ең бақытты балалардың Отаны!

2-ведущий: Моя Отчизна, в мире всем известна Своим гостеприимством, добротой и простотой! И я всегда горжусь своей Землёй! Пусть небо будет вечно чистым над тобой! Цвети, мой Казахстан, моя земля! О, родина моя, будь счастлива всегда!1- жүргізуші: «Мен – өз елімнің патриотымын» атты патриоттық әндер мен өлеңдерді мәнерлеп оқу фестивалі өз дәріжесіне де жетті. Балалар, міне бүгін Қазақстан –бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер екендігін ән мен өлендерімен жеткіздіндер. Сендер қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сеніміміз мол. Баршаңызға денсаулық, ашық аспан, бейбітшілік өмір тілейміз! Жолдарыныз ашық, жарқын болсын, Еліміз аман, беделіміз асқақ болсын!

2-ведущий: Фестиваль патриотических песен и стихотворений «Я патриот своей страны» я хочу закончить словами древнего пожелания казахов, положенного в основу государственного герба:  «Пусть будет высоким твой шанырак, широкими твои стены и прочной основа твоего дома». Ребята, Родину не выбирают. Она даётся нам от рождения. Каждый человек должен любить свою Родину! И делать всё для того, чтобы она стала лучше и краше!

1-жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Қуанышева Жанаргуль Дәулеткерейқызына беріледіӘн «Атамекен»1- жүргізуші: Осымен патриоттық әндер мен өлеңдерді мәнерлеп оқу фестивалі аяқталды. Қуанышты күндеріміз көп болсын! Келесі жүздескенше аман — сау болыңыздар!2-ведущий: До новых встреч!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.