Сыныптағы жігіттің сұлтаны сайысы балабақшадағы мерекелік іс-шаралар

0

Сыныптағы жігіттің  сұлтаны сайысы

 

Жолтаева Зулфия Жақсытайқызы
ОҚО, Сайрам ауданы,
№ 41 М.Оразалиев атындағы жалпы орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының мұғалімі

«Сыныптағы   жігіттің    сұлтаны »  сайысы
Мақсаты:  Бүлдіршіндерді    Отанымызды   сүюге , туған  жеріне , атамекеніне  деген   сүйіспеншілігін   арттыруға   тәрбиелеу. Балалардың  ой-өрісін , есте  сақтау  қабілеттерін ,  тіл  байлықтарын   дамыту.  Мәдениеттілік  пен әдептілікті  бойларына   сіңіріп, өнерлерін   көрсетіп, жеңіске  жетуге   талпындыру.
Қатысушгылар:  Мектепалды  даярлық  сыныбының  ұлдары.
                               Сынып  іші  әсем  безендіріліген.
                              Ұлағатты  сөздер  ілінген .
Жүргізуші:    Қазақ   қашанда  қара  басынан  гөрі  ұрпақ  қамын  көбірек ойланған, бала  десе  бауыр   еті  елжіреп,ауызындағысын жырып  берген халық. Бұл  артында ізім  қалсын , ұрпақ  жалғассын деген игілікті ниеттің  көрінісі. Денең икемді  болса  — келбетің  сүйкімді  болады  демекші, баланы  ойдағыдай  етіп  өсіру, жан-жақты  тәрбиеге байланысты.  Бүгін  сыныбымызда өнері  озған, сегіз  қырлы , бір  сырлы  балғындардың   өнерін  тамашалаймыз.
Білімдіден  шыққан  сөз,
Талаптыға  болсын  кез.
Нұры, сырын көруге
Көкірегінде  болсын көз,- деп  Абай  атамыз  айтқандай, жас ұландарды  қарсы  алайық. (Әуенмен  қыздар  жігіттерді  алып  келеді)
Сіздерді  Сыныптағы   жігіттің  сұлтаны   атты  сайысымыздың  бағдарламасымен  таныстырып  өтейін.
І. Өзін-өзі  таныстыру.
Бұл бөлімде  балалар өздерін  таныстырады.
ІІ. Мәнерлеп   өлең  оқу.
Мұнда ақын  Т. Тұрапбековтың  балаларға  арнап  жазған  өлеңдерін  мәнерлеп  оқудан  жарысады.
ІІІ.  Өнерлі  өрге  жүзеді.
Сайыскерлер  өз өнерін   көрсетеді.
IV. Бата  беру  сайысы.
V. Жұмбақ  сайысы.
Жұмбақтың  шешуін  табады.
VI.Ситуациялық  сұрақтар.
Жеті  атасын  жатқа  айтқызу.
VII. «Күш  сынасу» сайысы.
1.    Білек  күші
2.    Аударсыспақ
Сайысымызды  бағалайтын  қазылар  алқасымен  таныстырып  өтейін.
Сайысымыз  5 балды  жүйемен  бағаланады.
Алдарыңызға сыныбымыздың  биші  қыздарын  шақырамыз.
Би «Қамажай».
Жүргізуші:   Армысыздар  жалпыңыз, 
                     Сәлем  беру  салтымыз
                     «Жеті  өнер  аз  жігітке» деген  сөз  бар
                     Баға берші,  сынай қарап  халқымыз.
                      Мақтанамын  дәстүрі бар жұртымызға 
                       Сан жүйрік сынға түсті  сайысуға 
                       Дем  берген  тәуелсіздік  арқасында,
                       Қайта  оралдық  қазақтың  төл  салтына!
деп  танысу  кезеңін  бастаймыз.
І.  Таныстыру.
№1  Жолдияр : 
Сәлем бердік баршаға тік тұрып,
Мен  Тұрарбек  Жолдиярмын
Ал  руым  Алакүшік, нағашылар  шапырашты.
Баласымын  Ұлықбектің.
Алдағы  келе жатқан  маусымда
Мен  6-ға толамын.
Үйдегі 4  баланың екіншісі  боламын.
Сайысқа келіп  тұрғанда,
Мен  ешкімнен  саспаймын.
Бәріңді  жеңіп, 1-ші  орын аламын.
№2. Нұрлыбек:   
Бас иіп  амандасып баршаңызға,
Шықтым  мен бүгін ортаңызға
Әкемді  және өзімді таныстырам,
Жиналған  көрерменге ұлға, қызға.
Лесбек  ата ұрпағы,
Әкем Қасымбек.
Ежелден  осы ауылда  еткен тұрақ.
Сиқымбыз, нағашылар  темірлер.
Болайық  таныс
Лесбек  Нұрлыбек, қазанның  1-інде  6-ға толдым.
Інісінмін  Нұргелдінің 
Бүгін  озар бәрінен менің  атым.
№3. Мағжан
Әке –шешем  мақтаған,
Менің  атым  Мағжан.
Тақпағым бар  жаттаған
Осы  күнге  сақтаған.
Жарыс десе  жайнаймын,
Намысымды қайраймын.
Өнерімді  көріңдер,
Көріп  баға  беріңдер.
№4. Ерхан
Көз  нұры  ата-әкенің,
Кенжесі  ата-ананың
Көшкінбай  атаның  еркесі.
Ерхан  деген  баламын.
Батырша  аты  әкемнің
Әлдилеген анам Гауһар.
Аяз  қысып  борандатып  жатқанда,
Күні  кеше  6-ға  толдым  желтоқсанда.
Елгезек , алғыр  баламын,
Тек  қана  бір  мінім бар.
Асығыспын,  сол  үшін
Жиі ұрыс  еститін түрім  бар,
Басқалай  бәрі  тамаша
Атамнан алып  ақ  бата,
Бүгін  жеңіспен  ораламын.
№5. Әкім.
Алтыға  жігіт болып  келіп  тұрмын,
Сіздерге  сәлемімді  беріп  тұрмын.
Алланың  нұры  жаусын бәріңізге,
Батасына  атамның сеніп  тұрмын.
Үйінің  жақсылығы  ағашынан,
Жігіттің  жақсылығы  нағашыдан.
Нағашым текті  кісі қоңыраттан
Шықпаған  кісіліктің  сабасынан.
Дулаттың  Сиқымынан атам  Алпыс,
Үнемі  ел-жұртынан  алған  алғыс.
Ғалия, Меруерттей  аналарым,
Ұстаздық  қызметімен болған  таныс
Әкем  Ғани атайды Әкімтай  деп.
Еліне  бола  берсін жақындай  деп.
Ерінбей  еңбек  еткен  біздер  үшін
Мен  ақтаймын солардың  еңбектерін.
Болар  бала дейді  екен  бабаларым,
Құндызбен әдіптеген жағаларын.
Тай жарыста  жолымыз  бола  берсін,
Жігіттің  сұлтаны  боп  аталармын.
№6. Есбол:
«Әкеге  қарап ұл өсер »- дейді  халық,
Дәлдігін сол  мақалдың біз  саналық.
Намысын  қорғап бүгін бөріктінің,
Шығып тұрмын мен бүгін алдарыңа.
Төрт қызға  ілескен жалғыз  ұлмын.
Атым Есбол , намысты  қолдан  бермей,
Үйге жеңіп қайтам деп белді  будым.
  Музыкалық   үзіліс:  «Дастархан » әні  орындалады.
Әділқазылар алқасынан 1-ші  кезеңнің  бағасын  сұрау.
ІІ.  Мәнерлеп  өлең  оқу.
Мұнда балалар ақын – журналист, білім беру  ісінің үздігі Т. Тұрапбековтың  балаларға  арналған  өлеңдерін  мәнерлеп  жатқа айтады.
№1.  Жолдияр:
                           «Астана »
Асқақтайды  Бәйтерек,
Көк  аспанға  бой  тіреп.
Қазағымның  даласын,
Әлемге  тұр әйгілеп.
Ұқсамайтын  басқаға,
Әсем  қала , бас қала.
Көркіне  көз  тоймайтын,
Осындай  ғой Астана.
№2. Нұрлыбек:
                           «Туған  ел»
Өмірімнің  өрісі,
Туған  жерім деп  білем.
Көңілімнің  желісі,
Өзіңде  ғой  деп білем.
Мұрасындай бабамның,
Қымбат маған өз  елім.
Жұпар исі даламның,
Құшағы  деп  сеземін.
№3. Мағжан:
                             «Туған  ел»
Сазды  әуендей  ағылар,
Сылдыраған бұлағы.
Төсені  боп жайылар,
Көк  майсалы  құрағы.
Балалықты еске  алып,
Шақырады  қыр  гүлі.
Туған  жерді  бетке алып,
 Ораламыз  бір  күні.
№4:  Ерхан.
                      «Әкем -әнім»
Нұр төгіліп  көзінен,
Қамқорлығы сезілген.
Ұрпағына  жанашыр,
Дана жан жоқ өзінен.
Тура жолға  салатын,
Кейде  ұрысып  алатын.
Әкең барда білсеңіз,
Талмайды  ғой  қанатың.
№5.Әкім:
                   «Астана»
Ұлы дала төрінде,
Сарыарқаның  жерінде.
Бой түзеді  жас қала,
Ел  ордасы – Астана.
Келбеті  тұр  жарасып,
Көруге  оны бәрі  асық.
Көтеріліп  келеді,
Зәулім  үйлер таласып.
№6. Есбол:
                    «Әкем — әнім»
Бізді  аялап  өсірген,
Қатемізді  кешірген.
Ұрпақ  қамын  ойлауды,
Шығармайтын  есінен.
Ізгілікке бастаған,
Жамандықты жасқанған.
Бұл  өмірде білсеңіз,
Әкең  болар — басты адам.  

Әділқазылар бағасын береді.
ІІІ. «Өнерлі  өрге  жүзеді»
                                        Өнерлі  өрге  жүзеді,
                                               Кім  өнерлі  білейік,
                                               Балалардың  өнерін,
                                                Тамашалап  көрейік.
Сайыскерлер өз өнерін  көрсетеді.
1.    «Кең  дала»әні
2.    «Оңтүстігім  өз  елім» әні
3.    «Жорға» биі
4.    «Атамекен» әні
5.    «Айтыс»
6.    «Алға қазақ  жігіттері» әні.
Әділқазылардың  бағасы.
Музыкалық  үзіліс: «Өзбек  биі».
VI. Бата беру  сайысы.
V.  Жұмбақ  сайысы.
 Тапқыр  болсаң талантты,
        Ойланбай  жұмбақ шешерсің.
                                                              Жігіттер енді өнерін,
    Жұмбақ  шешіп  көрсетсін.
Қыздар  ұлдарға  жұмбақ жасырады. Ұлдар  шешуін  табады.(Әр үміткерге 2 жұмбақтан)
Музыкалық  үзіліс: Ән
Әділқазылардың  бағасы.
VI. Ситуациялық  сұрақтар.
Жанұяда  орны  бөлек әкенің,
Ойлайтұғын ұлының  ертеңін.
Сұрақ қойып сынамаққа  бекіндік,
Әкелердің тәрбиелік  икемін.
Жеті атасын білмеген ұл жетесіз?!
Жеті атаңды, ұлдар білер ме екенбіз?!
Санамалап, қане  айтып  беріңдер.
Деп айтайық ұлдар, қане
Дайындалған ба екенбіз.
Әділқазылар  алқасынан  бағасын  сұрау.
VII. «Күш  сынасу» сайысы.
        «Білекті бірді жығады», «Күш  атасын  танымас»,
         Ал жігіттер  қайдасың,
         Бір –біріңмен күш сынас, -деп
         Білек сайысы  кезеңін бастайық.
1.    «Білек  күші» сайысы.
2.    «Аударыспақ» сайысы.

Әділқазылардың  бағасы.
Музыкалық  үзіліс: «Атадан  қалған  асыл  сөз». Өлеңдерді  оқу.
Жүргізуші:
Бүгінгі  күн  әр шаңырақтың,
Той  басы деп  саналар.
Ырым етіп сауықтан
Байқауымыздың  соңында
Ақ   тілекпен  баршаға әділқазы  сөз  алар.
Әділқазылардың  қорытынды бағасынан кейін «Сыныптағы  жігіт  сұлтаны» анықталып, балалар  марапатталып, ұстаздар мен ата-аналарға сөз беріледі.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!