Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет | Скачать Реферат
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Студенттің өзіндік
жұмысы
Дисциплина: Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы мәдениет
негіздері
Мамандығы: Стоматология
Курс: 3
Тобы: 303
Тақырыбы: Жемқорлық әрекеті үшін құқықтық жауапкершілік
Орындаған: Нурсейтова Роза
Группа: 303
Тексерген: Думова А.А.
Бағасы:_________________
Оқытушының қолы:______
Күні:________________
Ақтөбе 2016
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студент қоғамының мәдениет,көзқарас ерекшеліктер
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүргізілген зерттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру үшін, адамның жеке басына, оның құқықтары мен заңды мүдделеріне төніп тұрған жемқорлықпен күресу салаларында, сондай-ақ экономика және қоғамдық қауіпсіздік салаларында жағдайларды саралауға; Республикада жемқорлықпен күресудің барлық жүйесін ресурстармен және кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіру туралы ұсыныстар жасауға баса назар аудару қажет екендігін көрсетеді.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: Сыбайлас жемқорлық — бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыннан өткен шараларды тұжырымдау жөнінде қоғам мен мемлекет арасында өзіндік көпір бола отырып, осы функцияны Нұр-Отан халықтық-демократиялық партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жуырда құрылған қоғамдық кеңес те өз жауапкершілігіне алып, көптеген іс тындыруда.
Осы жылдың 4 мамыр күні біз БҰҰ-дың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенцияның мүше-мемлекеті болып кірдік. 140 мемлекет қосылған Конвенция елімізге осынау қоғамдық індетпен күресте жаңа міндеттер жүктейді. Сондықтан Конвенцияға қосыла отырып, Салық кодексіне салық органының салық төлеушіден ірі сомадағы сатып алу немесе сату, дүние мүлкі туралы сұрау салуға құқық беру туралы арнайы баптар енгізу қажет.
Негізгі бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа жастардың мәдениетін,көзқарасын қалыптастыруда қоғам тарапынан жасалып жатқан шаралар маңызды орын алады.Сыбайлас жемқорлыққа мәдени — этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала материалды емес. Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды әкеміз деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі. Мәселен, керек адамды мейрамханаға шақыру, ерекше бір көмегі үшін біреуге құнды сыйлық беру, жоғары оқу орнына түсуге көмектесу тағы сол сияқты этикаға жатпайтын қылық деп танылмайды.
Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық — бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.
Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің дамуы
Жалпы дүниежүзінде жемқорлық әлемдік масштабтарға ие болды. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге БҰҰ, Еуропа Одағы, Еуропа Кеңесі, Америка мемлекеттерінің ұйымы, сонымен қатар, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы қосылады. Тарихи дамудың қазіргі кезеңінде жемқорлықтың трансұлттылығы бүкіл қоғамдастық қауіпсіздігі үшін төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін халықаралық деңгейде жаһандық шаралар қабылдауды талап етеді. Халықаралық жемқорлыққа қарсы мыналарға бағытталған құқықтық, саяси, ұйымдастырушы шаралар кешені ретінде стратегия қажет: 1) қоғамдық жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру; 2) жемқорлықтың зияны туралы хабардарлықты көтеру; 3) жемқорлық құқық бұзушылықтарды сыныптаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету, заң құзыреті әділет параметрлерін унификациялау; 4) жемқорлық әрекеттерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оның алдымен қаржы саласында ашықтық атмосферасын жасау.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әр түрлі халықаралық ұйымдардың халықаралық -құқықтық актілеріне бағытталған. Жемқорлық мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен көңіл бөледі. Әлемдік құбылыс ретінде жемқорлыққа қарсы бағытталған бірнеше декларация мен конвенциялар қабылданғанын төменде байқауға болады. 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын қабылдады. Конвецияның жағымды жақтары көп, бірақ та Конвенцияда қарастырылған сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген шараларына қарамастан, оларды орындау құқық бұзушыға деген тиісті санкциялармен қамтамасыз етілмеген. БҰҰ қарамағында құрылған ұйымдар жемқорлыққа қарсы құралдарды жасауда белсенді қызмет атқарады. Халықаралық қылмысты алдын алу орталығы, Біріккен Ұлттар Хатшылығының қылмысты алдын алу және нашақорлықты қадағалайтын басқарма аймақ аралық қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Институтымен бірге Жемқорлыққа қарсы әлемдік бағдарламаны жасады.
Шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының 1997 жылғы 21 қарашада қабылданған және коммерциялық іс-әрекет жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп жариялау мәселесіне арналған Халықаралық іскери операцияларды жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде Конвенция. Бұл конвенция коммерциялық ортада салауатты бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі. ЭЫДҰ сипатталған құқықтық бастамасының маңыздылығы үш кезеңмен анықталады. Біріншіден, ол Солтүстік және Оңтүстік елдерге сыбайластық төлемдердің ағылып келуін қысқартады. Бұл тиісті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін және сауда-саттықтың әділ жағдайларын сақтау үшін қолайлы ахуал жасауға тікелей септігін тигізеді. Екіншіден, ол жаһандық масштабта басқару нормаларын дайындау үшін үлгі бола алады. Еуропа Одағы 1995 жылы Өзінің қаржы мүддесін қорғайтын Конвенцияны қабылдады. Осы құжатқа қосымша ретінде 1997 жылы Еуропа Одағы Еуропа қоғамы және осы қоғамдардың мүше-мемлекеттерінің лауазымды адамдары кірген жемқорлыққа қарсы күрес туралы Конвенция қабылдады. Еуропамен салыстырғанда 1996 жылы Америка мемлекетінің ұйымы көлемді құжатты қабылдады. Америка аралық Конвенция жемқорлыққа қарсы күресті кең түрде қолдайды. Бұл аймақтық келісім (АҚШ-ты қоса, АМҰ мүшелерінің көпшілігі қол қойған) мүше мемлекеттің өз аумағында конституцияға бағындырылған жемқорлық әрекетті жоюға бағытталған шараларды қолдануды, отандастарының және резиденттерінің шет елдегі әрекеттеріне жауап беруді талап етеді. Бұл Конвенцияны Оңтүстік және Солтүстік Американың 20 мемлекеті бекітті. Осы құжат мемлекеттің ішінде жасалған қылмысқа ғана емес, трансұлтты қатынастарға да таралады. Аталған құжаттардың әрқайсысына үшінші бөлімде жеке — жеке тоқталатын боламыз.
Мыңжылдықтар тоғысындағы тарихы тереңнен бастау алатын сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отырғаны мәлім. Өз кезегінде, Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті етіп қойып, мәселені күн тәртібіне жиі шығаратын болды. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл жүйесін жасауда, заңнамалық база әзірлеуде еліміздің көшбасшылық жағдайды иеленіп отырғаны кездейсоқ емес. 1998 жылы Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды бірінші болып қабылдады, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаттары белгіленді. Оның жүзеге асырылуына 10 жылдай уақыт өтті. Содан бері заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, заман талабына сай күресудің жаңа жолдары қарастырылды. Алайда осы заңға дейін де ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты бірқатар нормативтік актілерге қол қойған. Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске арналған бірқатар жарлықтар бұл бағыттағы жұмыс сабақтастықта, өскелең түрде жүріп жатқандығына дәлел. Сөйтіп, 1992 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы Жарлығы қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің ұйымдастырушылық және өзге де алғышарттарын қалыптастырды. Осындай қылмысқа ықпал ету шаралары айқындалды, оның ішінде тәртіптік, мүліктік және әкімшілік сипаттағы қылмыстың алдын алу шаралары. Жарлықта республикамызда қылмыстық кәсібиліктің нығайып, ұйымдасқан сипатқа ие болып келе жатқандығы, баяндалады. Осы Жарлықтан кейін мынадай қаулылар қабылданды: 1992 жылғы 4 желтоқсандағы Мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымды тұлғалардың тәртіп, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік ахуалы үшін жауаптылығын арттыру туралы қаулы, 1994 жылғы 11 ақпандағы Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы қаулы, сондай-ақ 1994 жылғы 9 маусымдағы Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы қаулы және тағы басқа. Осы құжаттардың барлығында парақорлық пен сыбайлас жемқорлық қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне қайшы келетіндігінен, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттарымен сыйыспайтындығы туралы және ерекше аталып өтіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы Жарлығы ұлттық қауіпсіздік органдарына, дәстүрлі міндеттерін шешуімен қатар, сыбайлас жемқорлық жолына түскен жоғары қызметтегі шенеуніктерге, әскери қызметкерлерге, прокурорларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы қызмет пен судьяларға, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесіне қарсы күреске барлық күштерін жұмылдыруды міндеттеді. Ел басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бет алысы батыл әрі дәйекті екенін атап өту қажет. Сөйтіп, 1998 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған Үндеу жолдады. Елбасының осы Үндеуі 1998 жылғы 2 шілдедегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң қабылданғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды және біздіңше, Үндеу аталған заңның кіріспесі ретінде қабылдануы тиіс. Аталған заңның негізіне БҰҰ және ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясының аясындағы халықаралық ұйымдар әзірлеген модельді актілер алынған. Заңның мақсаттары: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ережелерін жүзеге асыру; ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық мүдделерді қорғау. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу … жалғасы