Сыбайлас жемқорлық түсінігі | Скачать Реферат

0
1172


М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті

Студенттің өзіндік
жұмысы

Дисциплина: Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Мамандығы: Стоматология
Курс: 3
Тобы: 303
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары

Орындаған: Нурсейтова Роза
Группа: 303
Тексерген: Думова А.А.
Бағасы:_________________
Оқытушының қолы:______
Күні:________________

Ақтөбе 2016

ЖОСПАРЫ:
І. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Сыбайлас жемқорлық түсінігі.Сыбайлас жемқорлық, оның даму тарихы
2.Сыбайлас жемқорлықтық қылмыстың себептік-кешендік факторлары
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершіліктіреттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

Негізгі бөлім
Сыбайлас жемқорлық адамзаттың алғашқы қарапайым қауымдастықтан өтіп, қүрделі тай-палық қоғамдық бірлесулердің пайда болуы мен адамдардың әлеуметтік жікке бөліну үдерісінен бастау алады. Алғашқы қоғамдық бірлесулердің өмірге келуі адамдардың әлеуметтік жікке бөлінуі мен адамзат өмірін-дегі материалдық және құқықтық теңсіздіктің пайда болуына алып келгені белгілі. Соның салдарынан байлық иелері мен байлығы жоқтар арасында жаңа қарым-қатынастар пайда болған. Яғни тайпалық қоғам ішінде өктемдік жүргізуші топтардың көмегі мен рахымына ие болу үшін соларға тәуелді, кіріптарлардың оларға сый-сияпат көрсету мен тартулар жасау салт-дәстүрі пайда болды. Қоғамның даму сатысы биікке көтеріліп, мемлекеттің жетілу деңгейі өскен сайын бір кездегі қарапайым салт-дәстүрдің мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырап, қазіргі кезеңдегі келеңсіз құбылыс сыбайлас жемқорлық деңгейіне жеткені белгілі.Бұл құбылыстың даму шегіне жетуіне тікелей ықпал жасайтын капитализмнің негізгі заңы екені белгілі. Яғни сыбайлас жемқорлық тамырының терең жайылуы пайда табу мен баю үрдісіндегі еңбекті қанау және адамдардың құқықтарын шектеу деңгейінің өсуіне тікелей байланысты. Сонымен қатар осы құбылыстың етек жаюына қоғамдық сананың рухани кедейленуі мен адами құндылықтардың жойылып, қоғамның азғындыққа душар болуы да ықпал етеді. Еуропадағы капитализмнің дамуы кезеңінде ХVIII ғасырдан бастап сол замандағы рухани, адами ұстанымдарды қорғауға байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген күрестің салдарынан оның даму деңгейі ХХ ғасырға дейін тежеліп келді. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап сыбайлас жемқорлықтың жанданғаны белгілі, яғни жаһандану үдерісінің басталуымен байланысты сыбайлас жемқорлық дамуы шегіне жетіп отыр. Либералды капитализмнің (бақылаусыз нарықтық экономика) қаржылық институттардың (банктердің) әлемдік экономикаға диктат жүргізуі транснационалдық компаниялардың дамуына алып келді. Олардың дамуы сыбайлас жемқорлықтың бүкіл дүниежүзінің елдерінде терең тамыр жаюына және дамып келе жатқан елдердің табиғи байлығын аз ғана шоғырланған алпауыт мемлекеттердің емін-еркін пайдалануына жол ашты. Соның салдарынан дүниежүзі елдері көлеңкелі қаржылық экономиканың (теневой банкинг) ықпалымен өмір сүруге мәжбүр болып отыр. Халықаралық қаржылық тұрақтандыру Бюросының (Bloomberg) мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде көлеңкелі банкинг индустриясы үш есеге өсіп, 41 триллион долларды құраған. Дүниежүзілік көлеңкелі банкинг индустриясы көлемі қазіргі кезеңде 67 трлн. доллар болып отыр. Әділетті демократиялық деп үлгі тұтып отырған АҚШ-тың өзі әлемдегі көлеңкелі банкинг көлемінің 35 пайызын құрайтыны белгілі. Осы әлемдегі көлеңкелі банкингтің мөлшерін Қазақстанның бір жылғы бюджетімен салыстырып көрсеңіз, онда көп нәрсені ұғуға болады. Әлемде аз ғана алпауыт мемлекеттер осы көлеңкелі экономика арқылы әлемдегі барша елдерге саяси және экономикалық экспансия жүргізіп отыр. Олар осы жолды пайдалану арқасында дүниежүзіндегі мемлекеттердегі биліктердің қалыптасуы мен әрекеттерін үнемі бақылауда ұстау мүмкіншілігіне ие болып отыр. Басқаны айтпағанда, тіпті ірі еуропалық мемлекеттердің өзінде билік басына кімнің, қалай келуіне, қанша отыруына тікелей ықпал жасайтыны белгілі.

Осы құбылыстың дүниежүзіндегі елдердің өміріне етене кіргені сондай, әрбір дамып келе жатқан мемлекет өзінің халықаралық аренадағы орны мен билік басындағылардың беделін көтеруге осы жолды пайдаланып, ұлттық байлықты ысырапқа түсіретіні белгілі. Әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі үнемі өсу үрдісінде дамып келеді. Сыбайлас жемқорлықты тек қатаң заң қабылдап, ауық-ауық шаралар өткізумен жеңу мүмкін емес. Оны әлемдегі елдердің оң бағасын алып отырған Сингапур, Оңтүстік Корея сынды тағы басқа елдердің осы құбылыспен күресу тәжірибесі көрсетіп отыр. Ұлт мүддесін шын қорғап, әділетті мемлекет болып, осы келеңсіз құбылыстың құрбанына айналмау үшін, тек ғылыми тұрғыдан өз мемлекетінің жүретін жолын анықтай отырып, әлемдік жетістіктерді талғаммен, өз халқының ерекшелігі мен рухани байлығына ыңғайландыра отырып сараптама негізінде қабылдау қажет. Негізгі бағыт — қоғамдық сананы, жасанды саяси бағыттардың ықпалынан қорғай отырып, тарихи қалыптасқан ұлттың рухани құндылықтары мен әлемдік өркениеттің адами тиімді тәжірибесімен ұштастырған ұстанымның негізінде қалыптастыру қажет. Қазіргі заманда орын алып отырған адамзаттың рухани құлдырау үдерісінен келешек ұрпақты сақтап қалудың жолын әлемнің екінші ұстазы болған, әлемге әйгілі данышпан бабамыз Әбу Насыр әл Фарабидің өсиетінен іздегеніміз дұрыс болатын шығар. Осыдан мың жылдай бұрын ұлы бабамыз: Адамға ең әуелі тәрбие бермей, білім және ғылым берсең, ол жүрген ортасына опат әкеледі — деп айтып кеткен.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес.
Қазіргі отандық әдебиеттерде: Сыбайлас жемқорлық – (латын тілінен соrruptio – пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады.
Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, … жалғасы