Сурет салу » Аққала»

0
253







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Сурет салу » Аққала»

Автор: Сеитказына Амангуль Ергазыевна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-22


Материал туралы қысқаша түсінік

Тəрбиешілерге арналған тәжірибе алмасу құралы




ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыӨткізілетін күні:25.02.2015Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаБілім беру саласы:Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы:Сүт өнімдері.Мақсаты:сүттен жасалатын өнімдер туралы түсініктерін кеңейту.Зерттеу жүргізудің қарапайым дағдыларын меңгерте отырып,айраннан биос,йогурт жасауға үйрету.Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберін ұйымдастыру.Балалар шеңберге жиналып,өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік-Балалар,сүттен йогурт,қаймақ өнімдерін алу үшін бізге не керек?-Дұрыс айтасыңдар.Сүттен басқа өнімдерді алу үшін бізге арнайы станоктар керек екен.Сол сияқты үй жағдайында да сүттен айран,қатық,биос,йогурт жасауға болады екен.Қолдан жасаған айран,қатық,қаймақ,ірімшік,құрт,биос,йогурт тіпті дәмді болады.Ал бүгінше айраннан биоспен йогурт жасауды үйренеміз. Сонда сендер биос пен йогуртты дүкеннен сатып алмай-ақ,үйде өздерің жасап ала аласыңдар.-Айранның дәмі қандай?-Тәтті болуы үшін не істеуге болады?-Ал тұщы болуы үшін ше?-Қалай ойлайсыңдар,йогурт,биос жасау үшін айранға не қосуға болады?(жауап бере алмаса,педогог көмектеседі).Йогурт пен биосты дәміне байланысты бөлуге болады.Мысалы,құлпынай,шабдалы,алмұрт қосылған йогурттар деп бөлуге болады.Биосқа үккіштен өткізіліп қайнтылып жасалған жемістер шырынын,ал йогуртқа тосапты қосамыз.(жұмысты бастамас бұрын алжапқыш пен қалпақ кию керектігін естеріне салады және бір балаға екі ыдысқа айран құйып береді).Педогог балаларға жұмыстарын аяқтағаннан кейін дәмін татып көруді ұсынады.

-Сендер дайындаған йогурт пен биостың айырмашылығы бар ма?

-Тағы да қандай айырмашылығын байқауға болады?

-Техника,станок,машина керек.Балалар педагогтің айтқанын тыңдайды.Балалар биос,йогурт жасайтындықтарын естігенде қуанады.-Қышқыл(әр бала өзіне жеке берілген ыдыстағы айранның дәмін көреді).-Қант қосу керек.-Тұз қосамыз.Балалар жауап беруге тырысады.Қант,тосап,бал қосамыз. -өрік,алма,шиенің дәмі шығады деп әр бала өзі дәмін татып көрген биос пен йогуртты айтады.Балалар алжапқыш пен қалпақтарын киеді.Өздері таңдап алған тосапты бір ыдыстағы айранға,үккіштен өткізіліп қайнатылған қою шырынды,екінші ыдыстағы айранға қосып араластырады.Балалар дәмін татып көріп,қандай жемістің дәмі шығатынын айтады.Биос пен йогуртты салыстырып,бақылайды.Олардың
Рефлексиялық-түзетушілікПедогог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін ,көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып,немен айналысқандарын,не үйренгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:Біледі:сүттен жасалатын өнімдер(айран,қатық,құрт,ірімшік,май)туралы. Игереді:айраннан биос,йогурт жасауға болатындығын. Меңгереді: айранның түсінің,дәмінің,құрамының өзгеретінін зерттеу жасау арқылы. ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Таңертең.Үлкен-кіші.Бір-көп».Мақсаты:таңертең- тәулік бөлігімен таныстыру. Сөздік жұмыс:таңертең,үлкен,кіші.Билингвальді компонент:таңертең-утро,үлкен-большой,кішкентай-маленький.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт.-Балалар,бүгін бізге қонаққа кім келгенін білесіңдер ме?Ол бізге тәулік мезгілдері туралы әңгімелеп бермекші.Мен бір жұмбақ жасырайын,жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер. Жұмбақ Тиіскенді түйреген,Киімі бар инеден. (Кірпі). Балалар,жұмбақ не туралы? Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып,балалармен амандасады.Кірпі балаларға бір тәулікте төрт мезгіл болатынын,олар:таңертең,күндіз,кеш,түн деп аталатынын айтады. -Сендер үлкендер мен балалар таңертең,күндіз,кешке,түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме? -Таңертең үлкендер жұмысқа,ал балалар балабақшаға,мектепке барады.Күндіз үлкендер жұмыс істейді,ал балалар сабақ оқиды.Кешке бәрі демалады,ал түнде ұйықтайды. Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар. Кірпі шымылдықтың артында тұрып тақпақты оқиды. Таң Таң шапағы алаулап,Дала нұрға боялды. Мүлгіген бақ манаурап,Ұйқысынан оянды. Жүзін желдің өтіне,Тосты гүлдер желбіреп. Жапырақтар бетіне,Мөп-мөлдір шық қонды кеп.Қызығушылық танытады.Тыңдайды және жұмбақтың шешуін айтады.-кірпі туралыКірпінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.-Иә,білгіміз келеді.Балалар педогогтің айтқанын мұқият тыңдайды.Тақпақты тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік«Бұл қай кезде болды?» ойыны. Педогог балаларға бірнеше сұрақтар қояды: -Балалар тақпақта тәуліктің қай мезгілі туралы айтылған? -Біз таңертең не істейміз? Кірпі таңертең тамақтанғаннан кейін балалар балабақшаға баратынын,ал үлкендер жұмысқа баратынын айтады. – Бала не істеп жатыр?

«Үлкен және кішкентай» ойыны. Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады. -Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Кірпілер бірдей ме? -Олар қандай екен? Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғанын айтады:үлкен кесе үлкен кірпіге,ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған.Содан соң кірпі балаларға тапсырма береді:үлкен кірпіден үлкен кесеге қарай,кішкентай кірпіден кішкентай кесеге қарай жол салыңдар. -Үлкен кірпі қай кеседен сүт ішеді? -Кішкентай кірпі қай кеседен сүт ішеді? Сөздік жұмыс:Таңертең(таң),үлкен,кішкентай. Билингвальді компонент:таңертең-утро,үлкен-большой,кішкентай-маленький. Сергіту минуты. Жаттығу жасаймыз! Бір деп-тік тұрмыз . Екі деп-айналамыз. Үш деп-үш рет секіріп, Төрт дегенде-отырамыз. «Бір және көп» ойыны.Кірпілер тек сүтті емес,алманы да жақсы көретінін айтады. –Балалар,кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен. Кірпіге көп алма қайда,бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші.Кірпі мынадай сұрақтар қояды: -Ағашта неше алма бар? -Жерде неше алма жатыр? -Қай жердегі алма көп? Кірпі ағаштағы өсіп тұрған бір алманы қоршаап сызуларын тапсырады.Жеке көмек көрсетеді.Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтып,қоштасады.Педогог балалардан: «Топтағы заттардың қайсысы көп,қайсысы бір-бірден»,-деп сұрайды.Педогог балаларға сорпаны үлкен қасықпен,ал компоттың ішіндегі жемістерді кішкентай қасықпен жеу керектігін түсіндіреді.Текшелермен,пирамидалармен ойнаған кезде балалардың назарын олардың көлеміне аударып отырады.

-Таңертең(таң) туралы -Ұйқыдан тұрамыз,төсегімізді жинаймыз,жаттығу жасаймыз,жуынамыз,таңғы асымызды ішеміз. Кірпінің айтқанын тыңдайды.-Бала оянып,жуынып,жаттығу жасап,таңғы асын ішіп отыр. Балалар сұрақтарға жауап береді: -Кірпілерді көріп тұрмыз. -Әртүрлі. -Үлкен және кішкентай. Балалар берілген тапсырманы орындайды . -Үлкен кеседен ішеді. -Кішкентай кеседен ішеді.Қайталайды:таңертең,үлкен, кішкентай. Қайталайды:таңертең-утро,үлкен-большой,кішкентай-маленький. Балалар жаттығулар жасайды.Бойларын тіктеп тұрады.2 рет айналады.3 рет секіреді.Отырады. Балалар мұқият тыңдайды.Балалар жауап береді. -Бір алма бар. -Көп алма жатыр. Жердегі алма көп.Кірпімен қоштасады.

Үлкен орындық біреу,ал кішкентай орындық көп,аквариум біреу,ал гүлдер көп,сағат біреу,ал ойыншықтар көп.Педогогтің айтқанын мұқият тыңдайды.

Рефлексиялық-түзетушілік«Картинаны тап» ойыны.Балалар бір заттан тұрған картинаны тауып атайды.

Күтілетін нәтеже:Жасайды:заттардың көлемі мен санын,тәулік мезгілін-таңды атайды.Түсінеді:заттардың көлемі бойынша(үлкен-кішкентай) және саны бойынша(біреу-көп) болатынын.Қолданады:қарындашпен жұмыс істеуді,көлеміне қарай заттарды сызық арқылы қосуды.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Күндіз.Дөңгелек.Бір-көп».Мақсаты:таңертең(таң)– тәулік бөлігімен таныстыру. Сөздік жұмыс:күндіз,дөңгелек.Билингвальді компонент:күндіз-днем,дөңгелек-круг

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт. «Бауырсақ » ертегісінен үзінді қояды. Балалардан сұрайды: -Ертегі не туралы екен? Педогог Нұрсұлтан Әлімқұловтың өлеңін мұқит тыңдап,өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай бөлігі туралы айтқанымызды еске түсірулерін сұрайды. Таң. Қызыл арайтаң атты,Қырдан жаңа асып күн. Ақ сәулесін таратты,Мен ғашықпын сол таңға. Ұлан байтақ Отанды,Таң нұрына бөледі. Ерте оянып,сол таңды,Күнде көргім келеді. Өлеңде қай мезгіл туралы айтылған? Қызығушылық танытады. «Бауырсақ» ертегісінен берілген үзіндіні тыңдайды. бауырсақ туралыМұқият тыңдайды.Сұраққа жауап береді: -Таңертең туралы
Ұйымдастырушылық-ізденістік «Бұл қай кезде болады?» ойыны. Педогог күндізгі уақыт бөлігі туралы қысқаша әңгімелеп береді. –Балалар мен қай уақыт бөлігі туралы әңгімеледім? -Біз күндіз не істейміз? -Суретте не бейнеленген? -Балалар не істеп жатыр? «Дұрыс ата» ойыны. Педогог балаларға суретті мұқият қарап,бір-бірден тұрған заттарды атап,оларды қоршап сызуды ұсынады. «Ойыншықтар» Сергіту минутыДобым,добым,домалақ,Қайда кеттің домалап. Сүт құйып ем күшікке,Төгіп кеттің обал-ақ.«Жауабын тап және суретін сал» ойыны. Педогог балаларға дөңгелек заттарға байланысты жұмбақтар жасырады. Жұмбақ. Бір нәрсе өзі елеусіз,өзі керек, Басы жоқ,аяғы жоқ дөп-дөңгелек. Жерінде басып кеткен із қалады , Осыны тапшы,сен,болсаң зерек.(Дөңгелек) Егер балалар жұмбақтың шешуін таба алмаса,Бауырсақ дөңгелек заттарды көрсетеді(доп,шығыршық,дөңгелек). Сөздік жұмыс:күндіз,дөңгелек. Билингвальді компонент:күндіз-днем,дөңгелек-круг. Бауырсақ дөңгелеп өзінің бұрыштары жоқ,геометриялық фигураның пішініне ұқсас екенін көрсетеді.Бауырсақ балалардан суреттегі бағыт сызығын бойлай саусақпен жүргізіп шығуларын сұрайды. Үлкен шеңберді нүкте бойымен қызыл қарындашпен,ал кішкентай шеңберді көк түсті қарындашпен бастырып сызуды тапсырады.Жеке жұмыс жүргізеді. –Қай шеңберді қызыл қарындашпен сыздыңдар? -Ал көк қарындашпен қай шеңберді сызыңдар?Мұқият тыңдайды.Күндіз туралы.Ойнаймыз,серуендейміз,тамақтанамыз. -Балалар алаңы,тал,гүлдер,ойыншықтар. Балалар ойнап жатыр.Балалар атайды:мұрын біреу,ауыз біреу,бала біреу.Күн,Ай,Жер біреу.Оларды қоршап сызады.Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.Балалар жұмбақтың шешуін табады.Балалардың жауабы.Қайталайды:күндіз,дөңгелек.Қайталайды:күндіз-днем,дөңгелек-круг.Балалар берілген тапсырманы орындайды.

-Үлкен шеңберді.-Кішкентай шеңберді.

Рефлексиялық-түзетушілікБауырсақ ертегіге қайту керектігін,балалардың тапсырманы жақсы орындағандары үшін рақмет айтып қоштасады. –Сендер тәуліктің қай мезгілін білесіңдер? -Қандай геометриялық фигураны білесіңдер? -Не біреу?-Күндіз туралы.-Шеңберді-Жер,АЙ,Күн,мұрын,ауыз,бала біреу

. Күтілетін нәтеже:Жасайды:геометриялық фигура-шеңберді,тәулік мезгілін-күндізді.Түсінеді:шеңбердің өлшемі әртүрлі болатынын.Қолданады:заттарды сезіну-қозғау арқылы зерттеу,қарындашпен жұмыс істеу дағдысы.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Кеш.Үлкен-кіші.Біреу-көп».Мақсаты:таңертең(таң)- тәулік бөлігімен таныстыру. Сөздік жұмыс:кеш,үлкен,кішкентай.Билингвальді компонент:кеш-вечер,үлкен-большой,кішкентай –маленький.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықШаттық шеңбері. –Сәлеметсіңдер ме, балалар!Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Кәне,бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.Бір-біріміздің қолымыздан ұстап,бәріміз бірге: «Қайырлы таң!» дейік.Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң,балалар!» тақпағынан үзінді оқиды: Арайланып таң атты,Алтын шапақ таратты, Қайырлы таң,балалар! Аман Отан –панамыз,Аман та-анамыз, Қайырлы таң балалар! -Өткен оқу іс-әрекетімізде тәуліктің қай мезгілі туралы әңгімелегенімізді естеріңе түсіріңдер. –Сен бұдан басқа қандай тәулік мезгілін білесіңдер?Шаттық шеңберіне тұрады.Бәрі бірге: «Қайырлы таң!» -дейді.Тақпақты мұқият тыңдайды.-Күндіз туралы әңгімеледік. -Таңертең туралы білеміз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік«Бұл қай кезде болады?» ойыны. Педогог балаларға кешкі мезгіл туралы өлең оқып,әңгімелеп береді. Сұрақтармен жұмыс: -Біз қай мезгіл туралы әңгімеледік? -Біз кешке не істейміз? -Суреттен нені көріп тұрсыңдар? -Бала не істеп жатыр? -Бұл уақыттың қай мезгілінде болады? «Үлкен-кішкентай» ойыны.Педогог балаларға жұмбақ жасырады: «Отқа қойсаң елпілдеп,Быж-быж етіп тұншығар. Тақиясы селкілдеп,Танауынан су шығар». -Балалар,жұмбақ не туралы? Балалардың назарын бірнеше шәйнектің салынған суретіне аударады. Педогог сұрақтар қояды: -Шәйнектер бірдей ме,әлде әртүрлі ме?-Олар қандай?Педогог:Балалар,сол қолдарыңның үлкен саусағын үлкен шәйнекке,кішкентай саусақтарыңды кішкентай шәйнекке қойыңдар. –Ал кеселер бірдей ме?Педогог енді балалардан оң қолдарының үлкен саусағын үлкен кесеге,кішкентай саусағын кішкентай кесеге қоюды сұрайды. Педогог үлкен шәйнекті үлкен кесемен,ал кішкентай шәйнекті кішкентай кесемен сызық арқылы қосуды тапсырады. Сөздік жұмыс:кеш,үлкен,кішкентай. Билингвальді компонент:кеш-вечер,үлкен-большой,кішкентай-маленький. «Үлкен-кіші».Сергіту минуты. Педогог балаларға жаттығу жасап көрсетеді: «алдымен мен кішкентай боламын» деп,отырады. «Содан кейін өсіп үлкен боламын»деп,тұрып,қолын жоғары созады. «Бір-көп» дидактикалық жаттығуы.Педогог балалардан суретте бір-бірден тұрған ойыншықтарды атауын және қоршап сызуларын тапсырады.Содан соң педогог балалардан көп заттарды атап көрсетулерін өтінеді.Жеке жұмыс жүргізеді.Балалар өлеңді,әңгімені тыңдайды. -Кешкі мезгіл туралы. -Ұйықтауға дайындаламыз. Суреттерін көргендерін айтады. -Ұйықтауға дайындалып жатыр. –Кешке. Балалар жұмбақты тыңдайды.-Шәйнек туралы. Балалар суретке мұқият қарайды.-Шәйнектер әртүрлі.-Үлкен және кішкентай шәйнектер. Балалар тапсырманы орындайды. –Олар да әртүрлі:үлкен кесе және кішкентай кесе.Балалар тапсырманы орындайды.Балалар сызық арқылы қосады.Қайталайды:кеш,үлкен,кішкентай.

Қайталайды:кеш-вечер,үлкен-большой,кішкентай-маленький. Тізелерін бүгіп отырады. Тұрып,қолдарын жоғары көтереді.Балалар бір-бірден салынған ойыншықтарды атайды және қоршап сызады:1ат, 1 піл,1машина.-Доп,текше,аю көп.

Рефлексиялық-түзетушілік-Балалар,сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?Балалар жауап береді:кеш,күндіз.

Күтілетін нәтеже:Жасайды:тәулік мезгілдерін,заттарды көлемі бойынша қалай салыстыру керектігін.Түсінеді:қай жерде бір зат,қай жерде көп зат екендігін. Қолданады: заттардың санын айқындау дағдысын.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Түн.Бір-көп.Шеңбер».Мақсаты:Түн-тәулік бөлігімен таныстыру. Сөздік жұмыс:түн,шеңбер.Билингвальді компонент:түн-ночь,шеңбер-круг

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт. Есікті тоқылдатқан дыбыс естіледі.Бізге біреу қонаққа келген сияқты.Есікті ашып,ұлттық киімдегі қуыршақты алып кіреді.Қуыршақ амандасып,балалармен танысады.Қуыршақ Ақмарал өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай мезгілімен танысқандарын сұрайды. -Сендер тағы қандай тәулік мезгілін білесіңдер? «Бұл қай кезде болады? » ойыны. Ақмарал балаларға сұрақ қояды: -Қай кезде адамдар ұйықтайды? -Суретте не бейнеленген? -Бала не істеп жатыр? -Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады?Қызығушылық танытады.Қуыршақ Ақмаралмен амандасып,танысады.Балалар жауап береді. -Таңертең,күндіз.-Түнде. –Жұлдыздар,Ай,гүл,төсекте ұйықтап жатқан бала. -Ұйықтап жатыр. -Түнде
Ұйымдастырушылық-ізденістік«Бір және көп» ойыны. Ақмарал балаларға жұмбақтар жасырып,оның жауабын табуды тапсырады.«Бұралып қос құлағы,Күмбір қағып тұрады».«Сызылған үні,Сүйкімді тілі, Үрлесең ойнайтын,Аспаптың бірі».Балаларға суретте бір-бірден тұрған ойыншықтарды атап,қоршап сызуды ұсынады.«Ойыншықтар». Сергіту минуты. Добым,добым,домалақ,Қайда кеттің домалап. Сүт құйып ем күшікке,Төгіп кеттің обал-ақ. «Қандай домалақ заттарды білесіңдер?» ойыны. Балалар шеңберге ұқсас заттарды естеріне түсіріп,атап берулерін өтінеді. –Олар қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Сөздік жұмыс:түн,шеңбер. Билингвальді компонент:түн-ночь,круг-шеңбер.Педогог:-Ақмарал атты қуыршақ күннің суретін салғысы келеді.Бірақ оны қалай саларын және қандай түспен боярын білмейді.Педогог балалардан қуыршаққа көмектесіп,жиек сызығының үстіне күннің суретін салуды және оны сары түспен бояуды сұрайды. Жеке жұмыс жүргізеді.Балалар жұмбақтарды мұқият тыңдайды.Жауабын айтады:-Домбыра.-Сыбызғы.Бір-бірден тұрған ойыншықтарды атап,қоршап сызады.Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.-Күн,дөңгелек,доп,қарбыз.-шеңберге.Қайталайды:түн,шеңбер.Қайталайды: түн-ночь,круг-шеңбер. Балалар жиек сызықтың ішіне қуыршаққа арнап күннің суретін сары қарындашпен салады.
Рефлексиялық-түзетушілікАқмарал балалардың оған Күннің суретін салуға көмектескендеріне,тапсырманы дұрыс орындағандарына рақмет айтып,қоштасады.Педогог: -Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? -Қандай дөңгелек заттарды білесіңдер? Педогог бір-бірден тұрған заттар мен көп заттарды атап беруді өтінеді.Қуанышты көңіл күйде Ақмаралмен қоштасады.-Таңертеңді,күндізді,түнді. Сұраққа жауап береді. Балалар заттарды атайды.

Күтілетін нәтеже:Жасайды:түн-тәулік мезгілінің атауын. Түсінеді:таңертең,күндіз,кеш-тәулік мезгілдері екенін,түннің айырмашылығын. Қолданады: тәулік мезгілдерін,сондай-ақ қай жерде бір зат,қай жерде көп зат екендігін ажырата және айта білуді.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Сол жақта-оң жақта.Заттарды сәйкестендіру.Дөңгелек».Мақсаты:Таңертең -тәулік бөлігімен таныстыру. Сөздік жұмыс:оң жақта,сол жақта,дөңгелек.Билингвальді компонент:сол жақта-слева,оң жақта-справа,дөңгелек-круг.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт.Жұмбақ жасырады: Қалқиып қос құлағы,Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян). -Сендер мұның не екенін білдіңдер ме? Перденің артынан қоян шығады.Балалармен амандасады.Қоян балалардан өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай бөлігі туралы әңгімелегендерін еске түсіруді сұрайды.Қызығушылық танытады.Тыңдап,шешуін айтады:қоян.-Иә,бұл қоян.Балалар сұраққа жауап береді:таңертең,күндіз,кеш,түн.
Ұйымдастырушылық-ізденістік«Не қайда тұр?» ойыны. Педогог жұмбақ жасырады: «Қалқиған екі құлағы,Тырс етсе зытып тұрады. Өзі ноян,Бұл қорқақ ……»(қоян).Қоян өзін суреттен табуын сұрайды.Қоян балаларға мынадай сұрақтар қояды:-Менің оң жағымда не отыр?-Менің сол жағымда қандай аң отыр?Сергіту минуты. «Қоян».Ыршып-ыршып секіріп,Қоян келді кеңкейіп.Аяқтары жаураған,Қолдары да жаураған,Жылытпақ боп тырысты,Жүгірді де қуысты.Бір жоғары,бір төмен,Жүр аяқтың ұшымен.Секіреміз,отырамыз,Аяқтарды жылытамыз.«Жеткілікті ме» ойыны.Қоян балаларға өлең оқып береді:Маң-маң басқан ,маң басқан,Шудаларын шаң басқан.Екі өркешін қом басқан,Төрт аяғын тең басқан.(Халық ауыз әдебиеті).-Бұл өлең не жайында?-Балалар көп пе,әлде түйе көп пе?Балалар бір-бір түйеден алғысы келеді?Түйе жете ме?Әр балаға өз түйесіне баратын жол салайық.Сөздік жұмыс:оң жақта,сол жақта,дөңгелек.Билингвальді компонент:сол жақта-слева,оң жақта-справа,дөңгелек-круг.Балалар жұмбақты мұқият тыңдап,шешуін табады.Балалар суреттен қоянды табады.-Түлкі-қасқыр.Балалар тақпақтың мәтіні бойынша қимылдар жасайды.Балалар сұрақтарға жауап береді:-Түйе туралы.-Бала қанша болса,түйе сонша.Иә.Балалардан түйеге дейін жол салады.

Қайталайды: оң жақта,сол жақта,дөңгелек.Қайталайды: сол жақта-слева,оң жақта-справа,дөңгелек-круг.

Рефлексиялық-түзетушілікҚоян тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтады.Балалармен қоштасады.Балалар қуанады.Қоянмен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:Жасайды:заттар мен фигуралардың саны бойынша әртүрлі топтарын атайды. Түсінеді:сол жақты-оң жақты,қанша болса,соншаны. Қолданады:қоршаған ортадан дөңгелек пішінді заттарды таба білуді.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Таңертең,күндіз,кеш,түн.Сол жақта-оң жақта.Дайын пішіндерді жапсыру.».Мақсаты:Таңертең -тәулік бөлігімен таныстыру.Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану. Сөздік жұмыс:оң жақта,сол жақта. Билингвальді компонент:сол жақта-слева,оң жақта-справа.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт.Балабақшаға келе жатып жолда пошташыны кездестіргенін айтады.Ол біздің топтың балаларына саңдық әкеліпті.Сандықтың ішінде суреттер бар,бірақ оларды білімнің арқасында алуға болады. «Сөйлемді аяқта» ойыны.Педогог балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады:-Таңертең жаттығу жасаймыз,ал түскі асты ….ішеміз.-Күн күндіз жарқырап тұрады,ал ай …Таңғы асты таңертең,ал кешкі асты …ішеміз.Түнде ұйықтаймыз,ал … жаттығу жасаймыз.Педогог балалардан суреттегі әр уақыт мезгілін атауды сұрайды.Қызығушылық танытады.

-күндіз.-түнде.-кешке.-таңертең.Жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік«Апельсин»Саусақтарымызды жаттықтырамыз.Бір апельсинді бірнеше бөлікке бөлеміз,өйткені біз көппіз.Бір бөлігі-кірпіге,Бір бөлігі-қоянға.Бір бөлігі-үйрекке,Бір бөлігі-мысыққа.Бір бөлігі-тышқанға.Ал қабығы-қасқырға. «Шамдарды жақ» ойыны.Педогог өлең оқып береді:Бас көшеде қырағы,Үш көзді дәу тұрады.Ашса кезек үш көзін,Айтты деп біл үш сөзін.Тоқта!САқтан!Жол ашық!Жүрме жолға таласып,Қызыл көзін ашқанда,Сабыр сақта,баспа алға.Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға.Жасыл көзін ашқанда,Жүре бергін баспа алға.-Бұл өлең не туралы?Бағдаршамның неше көзі бар?Олар қандай геометриялық фигураға ұқсайды?Олардың түстері қандай?Балалар бағдаршамның көздері сөніп қалыпты.Енді оны түрлі түсті жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек.Онда дөңгелектерді алып,бағдаршамның көздеріне жапсырамыз.Сөздік жұмыс:оң жақта,сол жақта,дөңгелек.Билингвальді компонент:сол жақта-слева,оң жақта-справа,дөңгелек-круг.Балалар тақпақтың мәтініне қарай саусақтарын кезек-кезек бүгеді.Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.-Бағдаршам туралы.-үш.-шеңберге.-Әртүрлі.Балалар жапсырмаларды бағдаршамның көзіне жапсырады.

Қайталайды: оң жақта,сол жақта,дөңгелек.Қайталайды: сол жақта-слева,оң жақта-справа,дөңгелек-круг.

Рефлексиялық-түзетушілікПедогог балалардан алдымен солға бұрылып,сол жақтағы көршісін,содан соң оңға бұрылып,оң жақтағы көршісінің атын атауды сұрайды.Балалардың жауабы..

Күтілетін нәтиже:Жасайды:таң,күндіз,кеш,түн-тәулік мезгілдерін. Түсінеді:қағаз бетіне оң жақты,сол жақты бағдарлауды. Қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды. ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Шаршы.Ұзын-қысқа.Сол жақта-оң жақта».Мақсаты:Таңертең -тәулік бөлігімен таныстыру.Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс:шаршы. Билингвальді компонент:шаршы-квадрат.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт.Балалар бүгін бізге аю қонаққа келіпті.Ол бізге геометриялық фигура-шаршыны ала келіпті.Сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?Жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме?Мына фигуралардың ішінен шаршыны табыңдар.Қызығушылық танытады.-Шеңбер.Иә.Суретті табады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік«Шаршыны бастырып сыз» ойыны.Жаңа геометриялық фигураны-шаршыны қарастыруды сұрайды.Сөздік жұмыс:шаршы Билингвальді компонент:шаршы-квадрат.Педогог балаларға үлкен шаршыны қызыл қарындашпен,кішкентай шаршыны көк қарындашпен бастырып шығу керектігін айтады.Сергіту минуты. «Маймақ аю».Маймақ аю сияқты ақырын маймаңдаймыз,содан кейін өкшелеп жүреміз.Аяғымыздың ұшымен жүреміз,одан кейін жылдам жүріске ауысып,аяғында жүгіреміз.«Жол көрсетіп жібер» ойыны.Жазда қыдырады,Қыста апанда жатып,тынығады.(Аю).Аю жұмбақтың өзі туралы екенідігіне қуанады.Суреттен оны көрсетулерін және ол балды жақсы көретінін айтады.Балаларға сұрақтар қояды:-Менің сол жағымда не бар?-Ал оң жағымда не тұр?Аю балалардан сұрайды:Балы бар бөшкені табу үшін мен қалай қарай жүруім керек?Балаларға бал құйылған бөшкеге апаратын жолды сызып көрсетуді тапсырады.Қарастырады.Қайталайды: шаршыҚайталайды: шаршы-квадрат.Тапсырманы орындайды.

Педогогтің айтқанын орындайды.Балалар жұмбақтың шешуін шешеді.

-Сол жағыңда ара бар.-Оң жағыңда бал құйылған бөшке тұр.Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілікАю балаларға геометриялық фигура-шаршыны сыйға тартады.Қоштасып кетеді.Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:Жасайды:геометриялық фигура-шаршыны,шеңберді. Түсінеді: қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды. Қолданады: оң жақта,сол жақта орналасқанды.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Алыс-жақын.Шаршы».Мақсаты:суреттегі және өзіне тікелей байланысты орналасқан кеңістіктегі заттар туралы ұғым қалыптастыру;атап көрсету және ажырату.Таңертең -тәулік бөлігімен таныстыру.Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану.Таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс:шаршы,алыс,жақын. Билингвальді компонент:жақын-близко,алыс-далеко, шаршы-квадрат.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт.Балаларға қорапты көрсетеді.Қораптың ішіндегі затты табу үшін қораптың сыртында жазылған тақпақты оқу керек.Педогог Жақан Смақовтың «Қорқақ» атты тақпағын оқиды.Қоян-қорқақ,Көрпеңде бұқпа.Балалармен ойна,Далаға шық та.Қорқақ,қорқақ,Ұйқыңнаноян,Оян,қорқақ қоян.Бұл тақпақ не туралы?Қызығушылық танытады.

Тақпақты мұқият тыңдайды.-Қоян туралы.

Ұйымдастырушылық-ізденістік«Кім зейінді» ойыны.Қоян сендерден бірдей суреттерді бір-біріне сызық арқылы қосып,аттарын атуды сұрайды,Сөздік жұмыс:шаршы,жақын,алыс. Билингвальді компонент: жақын-близко,алыс-далеко, шаршы-квадрат.Сергіту минуты. «Қоян».Ыршып-ыршып секіріп,Қоян келді кеңкейіп.Аяқтары жаураған,Қолдары да жаураған,Жылытпақ боп тырысты,Жүгірді де қуысты.Бір жоғары,бір төмен,Жүр аяқтың ұшымен.Секіреміз,отырамыз,Аяқтарды жылытамыз. «Терезесін жапсыр» .Ойын түріндегі жаттығу.-Пойызға мініп көргендерің бар ма?Содан соң,суретті көрсетіп пойызда біздің қоянымыз кетіп бара жатқанын айтады.Педогог сұрақтар қояды:-Пойызда келе жатқан қандай аң?-Пойыздың неше вагоны бар?-Пойыздың неше дөңгелегі бар?-Пойыздың дөңгелегі қандай геометриялық фигураға ұқсайды?-Пойыздың терезесі қандай геометриялық фигураға ұқсайды?Қоян балалардан жапсырмалардың көмегімен пойыздың терезелерінің шамдарын жағуды сұрайды.Ол үшін жапсырмаларды вагондардың терезесіне жапсыруды тапсырады.Жеке жұмыс жүргізеді.Қарастырады.Бірдей суреттерді сызық арқылы қосады.Қайталайды: шаршы,алыс,жақын.Қайталайды:жақын-близко,алыс-далеко, шаршы-квадрат.

Қимыл қозғалыстар жасайды.

Тапсырманы орындайды.

Балалар сұраққа әртүрлі жауап береді.Суретті мұқият қарайды.-Қоян.-Көп.-Шеңберге.-Шаршыға.Терезелерге жапсырмаларды жапсырады

Рефлексиялық-түзетушілікҚоян балаларға тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рақмет айтады,қоштасады.Педогог балалардан өзіне жақындауын,сосын алысырақ барып тұруын сұрайды.Қоянмен қоштасады.Балалар педогогтің айтқанын орындайды.

Күтілетін нәтиже:Жасайды:суреттегі,айналадағы заттардың орналасқан орнын(алыс-жақын)бір-бірінен ажырату және атап көрсетуді. Түсінеді: кеңістікте заттардың орналасуын:алыс-жақын.Қолданады: жапсырмалармен жұмыс істеу дағдысын;заттарды салыстыруды.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Жоғарыда-төменде.Алыс-жақын.Логикалық тапсырма».Мақсаты: Таңертең -тәулік бөлігімен таныстыру.Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану.Таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс:жоғарыда,төменде. Билингвальді компонент:жоғарыда-вверху,төменде-внизу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт.«Сиқырлы дорба» ойыны.-Менің дорбама ойыншықтар тығылып қалды.Қолдарыңды дорбаның ішіне салып,қандай ойыншық тығылып қалғанын айтыңдар.Педогог қалған балаларға бір-бір ойыншықтан таратып береді(мысық және тышқан).-Балалар,ойыншықтармен ойнағыларың келе ме? 2-3 бала дорбаға қолдарын салыпойыншықтарды атайды.-Ойнағымыз келеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік«Мысық-тышқан» ойыны.Педогог:-Балалар,мен мысық ұйықтап жатыр дегенде,тышқандар мысыққа жақындайды.Ал мысық оянды деген кезде,тышқандар мысықтан алысқа қашуы керек.«Жоғарыда-төменде» ойыны.Педогог балаларға саты туралы жұмбақ жасырады.Әр өрнегін мінемін,Өрге басып жүремін.Басқан сайын қадамды,Ұстап келем білегін.(Саты).Суреттердің ішінен сатының суретін табуды ұсынады.Сұрақтар қояды:Сатының жоғары жағында кім тұр?Сатының төменгі жағында кім тұр?Қыз бала сатының жоғарғы жағында болуы үшін не істеуі керек?Сонда ол қай жерде болады?Бала сатының төменгі жағында болуы үшін не істеуі керек?-Сонда ол қай жерде болады?Сөздік жұмыс: жоғарыда,төменде. Билингвальді компонент: жоғарыда-вверху,төменде-внизу.Сергіту сәтіаусаққа арналған жаттығулар.Педогогтің қалауы бойынша орындалады.«Шаршыны тап және қорша» ойыны.Педогог балаларға суреттен шаршыға ұқсайтынзаттарды тауып,атап көрсетуді және оларды қоршап сызуды тапсырады.Мұқичт тыңдап,педогогтің айтқаны бойынша орындайды.-Саты.Орындайды.-Ұл бала.-Қыз бала.-Жоғары көтерілуі керек.-Жоғарыда болады.-Төмен түсуі керек.-Төменде болады.Қайталайды: жоғарыда,төменде.Қайталайды: жоғарыда-вверху,төменде-внизу.Педогогтің айтқанын орындайды.Балалар суреттегі заттардың атын атайды:үй,Күн,алма,шаршы,шар,теледидар,текше,үшбұрыш.Балалар текшені,теледидарды қоршап сызады.
Рефлексиялық-түзетушілік«Ұшты-ұшты» ойыны.Педогог балалардан ұшатын жәнеұшпайтын(ұшақ,тікұшақ,шар,зымыран,батпырауық,қасық,гүл, бала)заттардың атын атауды сұрайды.Балалар ұшатын зат айтылса,қолдарын жоғары көтереді,Ал ұшпайтын заттың аты аталғанда қолдарын көтермейді.

Күтілетін нәтиже:Жасайды:кеңістікте бағыттарды бір-бірінен ажырата білуді және атап көрсетуді:алыс-жақын,жоғары-төмен. Түсінеді:заттардың кеңістікте орналасу бағдарын,жақын-алыс. Қолданады:заттардың геометриялық фигуралармен салыстыру дағдысын.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Үшбұрыш.Бір-көп.Логикалық тапсырма».Мақсаты: Таңертең -тәулік бөлігімен таныстыру.Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану.Таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс:үшбұрыш. Билингвальді компонент:үшбұрыш-треугольник.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт.Есіктен қолында қуыршақ әже бар педогог кіреді.Ол балалармен амандасып,өзімен бірге екі тәрелке және кәмпиттер ала келгенін айтады.«Әжеге көмектес» ойыны.Балаларға екі бос тәрелкені көрсетеді де,олардың оған көмектесуін өтінеді.Бір баланы шақырып,кішкентай тәрелкеге бір кәмпит салуын,содан соң келесі баланы шақырып,үлкен тәрелкеге көп кәмпит салуын сұрайды. Қызығушылық танытады.Әжемен амандасады.Әженің қасына келіп,тапсырманы орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік«Үшбұрышпен танысамыз» ойыны.Педогог «үшбұрыш» деп аталатын жаңа геометриялық фигурамен танысуға шақырады. Сөздік жұмыс: үшбұрыш.Билингвальді компонент: үшбұрыш-треугольник.Үлкен үшбұрышты қызыл қарындашпен,кішкентай үшбұрышты көк қарындашпен бастырып сызу тапсырылады.Балаларға мынадай сұрақтар қойылады:-Сендер қызыл қарындашпен қай үшбұрышты сыздыңдар?-Ал көк қарындашпен қайсы үшбұрышты бастырып сыздыңдар?Сергіту сәті. «Жаттығу».Жаттығуды жасаймыз!Бір дегенде-тік тұрамыз.Екі дегенде-екі рет айналамыз.Үш дегенде-үш рет секіреміз.Төрт дегенде-отырамыз.«Заттар қандай фигураға ұқсайды?» ойыны.Педогог балалардан суреттегі заттармен танысып,олардың қандай геометриялық фигураға ұқсайтынын айтып беруді сұрайды?Заттардағы үшбұрыштарды бояу ұсынылады.Жеке жұмыс жүргізіледі.

Қайталайды:үшбұрыш.Қайталайды: үшбұрыш-треугольник. Балалар берілген тапсырманы орындайды.Үшбұрыштарды бастырып бояйды.-үлкен үшбұрышты.-Кішкентай.Балалар бойларын тік ұстап тұрады.2 рет айналады.3рет секіреді.Отырады.Суретке қарап,заттарды атайды:үй,қайық,шырша.Үшбұрышқа.Үшбұрышты бояйды.

Рефлексиялық-түзетушілікӘже балаларға тәрелкелерге кәмпиттерді дұрыс салғаны үшін рақмет айтып,сол үшін кәмпит сыйлайды.Әженің сыйлығына балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:Жасайды:геометриялық фигураларды. Түсінеді:заттардың көлемі және саны бойынша салыстыруды. Қолданады: қоршаған ортадан үшбұрышты нысандағы заттарды табуды.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Биік-аласа.Сол жақта-оң жақта.Дайын пішіндерді жапсыру».Мақсаты: Таңертең -тәулік бөлігімен таныстыру.Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану.Таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс:үшбұрыш,биік,аласа. Билингвальді компонент:үшбұрыш-треугольник,биік-высокий,аласа-низкий.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт. «Қара және салыстыр» ойыны.Педогог балалардан екі үйді өз еріктерімен таңдап алуларын сұрайды.-Үйлер бірдей ме,жоқ әртүрлі ме?-Дұрыс!Бірінші үй биік,екіншісі аласа.Бір-біріңе арқаларыңмен тұрыңдар,қайсың биік,қайсың аласа екенін көреміз.Бірі екіншісінен биік екен.Балаларға көрсетеді,үйлердің биік және аласа болатынын түсіндіреді. Қызығушылық танытады.Үйлерді таңдап алады.Салыстырып жауап береді.Өзін көршісімен салыстырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік«Жолды көрсет» ойыны.Суреттен үшбұрышты затты табуды сұрайды.Суреттегі қай заттың пішіні үшбұрышты?Шатыры үшбұрышты биік үйде Айбек,ал шатыры үшбұрышты аласа үйде Айсұлу есімді қыз бала тұратынын айтады.-Айбек қандай үйде тұрады?-Айсұлу қандай үйде тұрады? Сөздік жұмыс: үшбұрыш.

Билингвальді компонент: үшбұрыш-треугольник.

Сергіту сәті. «Менің отбасым».

Саусақтарымызды жаттықтырамыз.Бір үйде біз нешеуміз?Кел санайық екеуміз?Атам,әжем,әкем,Шешем және мен,Алақай!Біз бесеуміз!

Балалар суреттен үшбұрышты заттарды іздейді.-Үйдің шатыры.-Биік үйде.-Аласа үйде.

Қайталайды:үшбұрыш,биік,аласа.Қайталайды: үшбұрыш-треугольник, биік-высокий,аласа-низкий.

Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілікҚорытындылау.Мадақтау.Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:Жасайды:биік-аласа ұғымдарын. Түсінеді:қағаз бетіне бағдарлай білуді:сол жақ-оң жақ. Қолданады: дайын пішіндерді орнына жапсыруды.

ІІ-сәбилер тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы:Таным Өткізілетін күні:Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:ҚМҰҚ Тәрбиеші:Дүйсенбаева Жанаргүл АмановнаТақырыбы: «Ұзын-қысқа.Заттарды бір-бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру.Фигуралар туралы өткенді пысықтау».Мақсаты: Таңертең -тәулік бөлігімен таныстыру.Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану.Таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс:ұзын,қысқа. Билингвальді компонент:ұзын-длинный,қысқа-короткий.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдеріПедогогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықҒажайып сәт.«Дымбілмес» .ЕсіктенДымбілмес кіріп,балалармен амандасады.Дымбілмес өзімен бірге қорапқа салыңған жолақшаларды ала келеді(20 см-лік жасыл,15 см-лік ақ).Ол педогогтан заттардың ұзындығын салыстыруды үйретуін сұрайды.Педогог Дымбілмеске оқу іс-әрекетіне қатысуын ұсынады.балалар мен Дымбілмеске екі жолақты көрсетеді:біреуі ұзын жасыл,ал екіншісі қысқа ақ. Қызығушылық танытады.Дымбілмеспен амандасады.Балалар мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік«Ұзын-қысқа» ойыны.Мен жасыл жолақтың үстіне ақ жолақты қоямын.Қайсысы ұзын екен?Енді оларды қатарластырып қоямыз.Жасыл жолақтың аққа қарағанда ұзын екені көрініп тұр.Сөздік жұмыс: ұзын,қысқа. Билингвальді компонент: ұзын-длинный,қысқа-короткий.Сергіту сәті. «Менің отбасым».Саусақтарымызды жаттықтырамыз.Бір үйде біз нешеуміз?Кел санайық екеуміз?Атам,әжем,әкем,Шешем және мен,Алақай!Біз бесеуміз!«Тап және боя» ойыны.-Дымбілмес геометриялық фигуралар:шеңбер мен үшбұрыштың қандай екенін ұмытып қалыпты.Оған геометриялық фигуралардың ішінен үшбұрышты тауып көк қарындашпен,ал шеңберді тауып қызыл қарындашпен бояуға көмектесейік.Жеке жұмыс жүргізеді.Балалар жолақтарды қалай салыстырғанын бақылайды.

Қайталайды: ұзын,қысқа. Қайталайды: ұзын-длинный,қысқа-короткий.

Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілікДымбілмес ұзын жолақты қысқа жолақтан ажырата білуді,геометриялық фигуралар:шеңбер мен үшбұрышты ажырата білуге үйреткендеріне балаларға рақметін айтып,қоштасады.Балалар Дымбілмеспен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:Жасайды:заттардаң көлемін. Түсінеді:қағаз бетіне бағдарлай білуді:сол жақ-оң жақ. Қолданады: геометриялық фигураларды белгілі бір түске қалай бояуға болатынын,заттарды бір-бірінің үстіне салу және жанастыру тәсілдерін.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.